Просмотр содержимого документа
«әдебиеттік оқудан Блум таксономиясы бойынша тапсырма»
Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады. (Балдырған журналынан)
Идеясы: Достық
І. Білім.
1.Құлын ненің баласы?
2.Құлының енесін қалай атайды?
3.Ол жануардың қай түріне жатады?
4.Құлынды биені кім мініп келеді?
5.Ата құлынды биені қайдан мініп келді?
6.Оны қайда байлап қойды?
ІІ. Түсіну.
1.Неге бала құлынның жанына жақындауға қорықты?
2.Неге бала тәуекелге келді?
3.Құлын есік алдындағы шелекті неге иіскеді?
ІІІ.Қолдану.
1.Құлынның неліктен үркігенін дәлелде?
2.Құлынмен қалай достасқанымызды түсіндір?
ІV.Талдау.
Екеуінің достасуының себебі неде?
V.Синтез.
1. Баланың қандай іс-әрекеттері достыққа әкелді?
VІ. Бағалау.
1.Осындай жағдай сенде кездессе, сен не істер едің және өзіңді қалай бағалар едің?
Жауаптар:
І.Білім.
1Жылқының.
2.Бие.
3.Үй жануары.
4.Ата.
5.Жайлаудан.
6.Ағашқа.
ІІ.Түсіну.
1.Үйренбегендіктен.
2.Себебі,біраз үйренбегендіктен.
3.Шөлдегендіктен.
ІІІ.Қолдану.
1.Қорыққандықтан біраз жерге барып, қарап тұрды.
2. Суды азайтып ағызғасын, құлын ұзақ су ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік.
ІV.Талдау.
1.Екеуі бір-бірін түсінгендіктен.
V.Синтез.
1. «Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік.
VІ. Бағалау.