Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік әліппесі
Мақсаты: Балаларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, Жақсы қасиеттерді
бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту, адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру, балаларды әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сюжеттік суреттер.
Тәрбиші: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-ананың, отаныңның мақтанышы боласын.
- әдептілік деген не?
-әдепті болғын келе ме?
-әдептілікті кім үйретеді?
-әдепсіз адам қандай болады?
Демек, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Міне ақылдықты, адалдықты, қайырымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, тәрбиешілеріміз, ұстаздарымыз үйретеді. Жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Жақсы бала.
Таза болып жүреді, тәртіпті, білімді, мейірімді, әдепті, шыншыл, ұқыпты.
Жаман бала.
Тіл алмайды, нашар оқиды, өтірікші, еріншек, әдепсіз.
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезіңде.
Сыйла үлкен кішіні,
Қамқорлықа ал кішіні
Сақтап көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді
Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде
Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде
әдепсіз деп сөкпесін анама айтып өкпесін
Су құйдым қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен орамалын әкелдім .
- Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзін
Асықпай іш тамақты
Жалама аяқ-табақты
-Нанды үгітпе, қәдірле,
Қабығымен бәрін же
Саусағыңды сормағын
Салдыр- салақ болмағын
Мақал-мәтелдер.
Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала ата- анасын мақтанар.
Әдепсіз бала ата-анасын қоқсытар.
Атам маған қашанда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?»
Тәрбиеші: Басқа сөзін айтады, Балалар ойланып жалғастыру керек.
-Сабақтан кешігуге болмайды?
-Сыныпта айқалауға болмайды?
-Құстарды атуға болмайды?
-Құстардың ұясын бұзуға болмайды?
«Не істеу керек?»
-Үлкендерді сыйлау керек.
-Ата-ананың тілін алу керек.
-Тәртіпті болу керек.
-оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек.
-сабақты жақсы оқу керек.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Көмектесу, қарапайым болу, ата-анасын тыңдау, рұқсат сұрау, шыншылдық, жол беру, еңбекті сүю, ізетті, инабатты болу, адамгершілік, тәртіптілік, мойындау, рахмет айту.
Сараптама:
Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік әліппесі.
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, үлкендерді сыйлауға,
көмектесуге жақсы мен жаманды айыра білуде, қойған мақсатыма
балалармен бірге отырып, әдептілік әліппесін бойына дарыту тәрбиесіне жете алдық деп ойлаймын.
Әдептілік жайында көптеген тақпақтар мен мақал – мәтелдер айтылды, сұрақтар қойылды. Сабақ қызықты өз деңгейінде өтті.
Сабаққа мұғалімдер мен тәрбиешілер қатысты.
Өткізген тәрбиеші: Қаржаубаева А.Ж.