Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал
Компьютердің құрылғыларының блок-схемасы
Жедел жад
Жүйелік блок
Ақпараттық кеңарна
(шина)
Шығару
құрылғысы
Тұрақты жад
Ақпарат
алмасу
құрылғысы
Енгізу
құрылғысы
Негізгі құрылғылары
- Монитор
- Пернетақта
- Тінтуір
Шеткері құрылғылары
- Ақпаратты енгізу құрылғылары
- Ақпаратты шығару құрылғылары
- Енгізу және шығару қызметерін бірге атқаратын құрылғылар
Жүйелік блок
Компьютердің ең басты бөлігі.
Ол – компьютердің “миы”.
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:
- жүйелік (аналық) тақша;
- процессор;
- оперативті жады;
- тұрғылықты диск;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
- С D және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш;
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары.
негізгі
Аналық тақша
Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша.
Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар
желісімен қапталған, олардың бойымен
мәліметтер тақшада құрастырылған
микросхемалар мен компьютердің басқа
құрылғылары қосылатын слоттарға
жеткізіледі.
алға
Аналық тақша
Кері қайту
Процессор
Процессор немесе микропроцессор
компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу
құрылғысы болып табылады.
Процессор микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар аналық
тақшада орналасады.
Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті
есептеулерді орындайды.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц)
немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық
жиілігімен анықталады.
Орталық процессор
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың ( CPU - central processor unit) типі мен жиілігі, оперативті жады ( random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені олар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.
AMD Athlon маркалы процессор
алға
Процессордың түрлері
Модельдері
Тактілік жиілігі,
МГц
8086
Разрядтылығы
4 – 8
80286
80386
Жылы
16
8 – 20
80486
20 – 40
16
1978
1982
32
20 – 100
IntelPentium
1985
32
60 – 150
Intel Pentium Pro
64
1989
100 – 200
Intel Pentium II
1993
64
233 – 300
Intel Pentium III
Intel Pentium IV
1995
64
450 – 500
Pentium 4 3,2 ГГц
до 2800
64
1997
1999
64
3200
2001
64
2003
Процессордың түрлері
Кері қайту
Оперативті жады
Компьютердің оперативті жадысы
(ОЗУ) немесе Random Access Memory
мәліметтерді қысқа мерзімге
сақтау үшін қызмет етеді .
Кері қайту
Тұрғылықты диск
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да,
Мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.
Кері қайту
Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі
3,5 – дюймдік дискеттерді оқиды.
Бұл дискілер ауыстырылатын
тасымалдаушылар болып саналады.
Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб.
Компьютерде алмалы дискілерге арналған
диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді.
Кері қайту
С D және DVD диск жетектері
Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
С D және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар.
Дискілер бір рет жазылатын ( CD-R және DVD-R)
және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW ) болып бөлінеді
Кері қайту
Сызбалық бейімдеуіш
Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана
пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар
“ Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе
Бейнежады ( videoRAM немесе VRAM ) деп аталады.
Бейнежады көлемі неғұрлым
Үлкен болса, компьютер кескін
дер мен бейнероликтерді соғұрлым
үлкен ажыратылымдылықпен
және түрлі түстермен бейнелейді.
Кері қайту
Дыбыстық тақша
Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы
дыбыс тудыруға және оны компьютерге
жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын
дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері
компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы
бағдарламаларда талап етіледі .
Кері қайту
Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне
қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың
бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және
сымсыз желілерге қатынас құруға арналған
тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және
сымсыз желілер.
Кері қайту
Енгізу-шығару порттары
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.
Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.
Кері қайту
Монитор
Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты
шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды
және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне
байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.
ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігі
екі жартыдан тұрады:
Монитор және адаптер.
Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ
қорабының ішінде орналасқан. Монитордың
өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар.
Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретін
логикалық схемалар орналасқан.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады:
EGA, VGA және SVGA. (Super VGA) кеңінен қолданылады.
SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.
негізгі
Пернетақта
Компьютерге ақпарат
енгізуге арналған құрылғы.
Пернелер бірнеше блокқа
бөлінеді:
- Символдық пернелер
- Функциялық пернелер
- Нұсқаушы пернелер
- Цифрлық пернелер
негізгі
Тінтуір
“ Тышқан тәрізді қол тетігі”
пернелікпен бірге ЭЕМ-ді
басқару үшін қолданылады.
Маустың екі түрі болады:
үш батырмалы, екі батырмалы .
Шағын (портативті) компьютерлерде
маустың орнына трэкбол
қолданылады.Бұл төңкерілген маус.
Трэкбол жұмыс істеу үшін, қолмен
жалпы қорапты емес, шарды
айналдыру керек.
негізгі
Ақпаратты енгізу құрылғылары
Дигитайзер
Мәтіналғы
Басқы бет
Сызбалық планшет
Ақпаратты шығару құрылғылары
Басып шығарғыш
Плоттер
Басқы бет
Енгізу және шығару қызмет т ерін бірге атқаратын құрылғылар
Модем, дыбыстық бейімдеуіш,
желілік бейімдеуіш .
Модем – компьютерлерге телефон желілері
немесе байланыс желілері арқылы өзара
мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Басқы бет
Операциялық жүйе ( Операционная система; operating system )
Компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің текжүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS ( Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге М S ( РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік М S D О S операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік(вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Жүйелік жабдықтау операциялық жүйелерден және бақылау, диагностика жасау құралдарынан тұрады. Операциялық жүйе дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау негізін құрайды. Операциялық жүйе дегеніміз- ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы. Операциялық жүйе құрамына жүйелік бағдарламалар, бағдарламалық қабықшалар, драйверлер және утилиттер кіреді. Бағдарламалық қабықшалар- қолданушының дербес компьютермен байланыс жасауын жақсы және қолайлы түрде қамтамасыз ететін бағдарламалар. MS-DOS- үшін әдетте Norton Commander бағдарламасының қабықшасы қолданылады, ал Windows 3.1.- үшін Norton Desktop және Windows 95- ке Norton Navigator. Драйверлер- операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т.б.) қарым –қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар. Утилиттер- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші көмекші бағдарламалар (антивирустік бағдарламалар, дисктерді оптимизация жасау және т.б.) Бақылау және диагностика жүйелері дербес компьютер құрылғыларын тексеру үшін арналған. Олар қателерді автоматты түрде тауып қолданушыға хабар береді.