СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дін - т?рбие ді?гегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дін - т?рбие ді?гегі Т?рбие са?атыны? ма?саты: • Діни экстремизмні? алдын алу бойынша жастарды? діни сауаттылы?тарын ашу; • Терроризм мен діни экстремизмні? алдын алу ж?не онымен к?ресуді? жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жа?ты талдап, жастар?а ой салу; • ?атер т?ндіретін жат діни а?ымдардан са? болу?а, жастарды Отан с?йгіштікке т?рбиелеу; • ?аза? хал?ыны? діни ?станымы мен салт - д?ст?рлерін ?астерлеп са?тау?а, ?рпа?тар саба?тасты?ын ны?айту?а ат салысу. М??алімні? с?зі; Б?гінгі та?да т?рлі конфессиялар ?кілдеріні? бейбіт ?атар ?мір с?руі ж?не ?зара тиімді ?арым - ?атынас жасауы ?шін елімізде ?олайлы жа?дайлар жасал?ан. Сонымен ?атар, ?аза?станда?ы конфессияаралы? ?атынастар бас?а елдер ?шін ?лгі болып табылады. Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмні? ?ауіпті формаларына бой алдырып, азаматтарды? ?ауіпсіздігі мен мемлекетті? т?ра?тылы?ына ?ауіп т?ндіруде. Со??ы кездері экстремисттер бейбітс?йгіштікке, ?стамдылы??а баулитын ж?не ?зге діни к?з?арастар?а т?сіністікпен ?арау?а т?рбиелейтін ислам дінін ушы?тыру?а, бас?а ?ркениеттермен ?а?ты?ыстыру?а талпынуда, осы ар?ылы тек дінаралы? татулы?ты емес, сонымен ?атар м?сылмандар арасында да іріткі салуда. Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев ?зіні? «?аза?стан - 2050» Стратегиясы ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты» атты Жолдауында елді? д?ст?рлері мен м?дени нормаларына с?йкес келетін діни сана ?алыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ?асырда?ы ?аза?станда?ы дінге ерекше к??іл б?лді. Шынды?ында, дін зайырлы ?о?амымызды? ажырамас б?лігі болып табылады, сонды?тан ??зырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни ?атынастарды одан ?рі дамыту?а ?р?ашанда м?дделік танытады Со??ы кезде ?лемні? к?птеген елдері ?шін терроризммен к?рес м?селесі аса ?зекті болып отыр. Терроризм – б?л ?ылышынан ?аны тамып т?р?ан з?лмат. Терроризм барлы? т?рлері ж?не к?ріністерімен, ау?ымы ж?не ?ар?ындылы?ымен, з?лымды?ы ж?не ?анішерлігімен б?гінгі заманда е? ?ткір м?селеге айналды. ?аза? хал?ыны? ?лы ойшылы Абай ??нанбаев ?зіні? ?ара с?здерінде: «Адам баласын заман ?сіреді, кімде - кім жаман болса, о?ан замандастарыны? б?рі кін?лі» деп ?ла?атты с?з айтты. Б?л жа?даят адам, ?о?ам, мемлекет дамуыны? ма?ызды ?ырларын ашып к?рсетеді. Сонды?тан, мемлекетті? жастарды т?рбиелеуге, т?ні сау ж?не рухани бай жастар ортасын ?алыптастыру ?шін ?олайлы жа?дайлар жасау?а ерекше к??іл б?луі ?те ма?ызды. Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ?сын?ым келіп т?р, назар аударайы?. (Бейне ролик кетеді.) М??алімні? с?зі: ?азіргі кезде ?Р к?птеген діни экстремистік ?йымдар?а тиым салды. Сонымен ?атар о?ушыларды? есінде са?тап ж?ру ?шін мына ережені ?сын?ым кеп отыр. М?ны білу ?те ма?ызды! 1. Сізге таныс емес, к?шеде кездескен адаммен дін ?йымны? жиналысына ша?ыратын дін та?ырыбында?ы диалог?а араласпа! 2. ?андай да болсын кездескен діни ?йымны? сенушілері мен ілімін таратушылар?а бірінші кездескенде ?зі?ізді? діни к?з?арасы?ызды білдірмеуге тырысы?ыз. 3. Егер сіз алды?ызда т?р?ан уа?ыздаушы?а сол діни ?йым туралы с?ра? ?ою?а шешім ?абылдаса?ыз, онда еш?андай кері ?серсіз бол?аны ж?н. 4. Егер сізге діни ба?ытта?ы пара?тар, брошюралар, журналдарды о?у?а ?сынса рахмет айтып, сыпайы т?рде бас тарты?ыз. 5. Егер сіз діни жиналыстар?а ?атысу?а шешім ?абылдаса?ыз, олар туралы к?бірек білуге тырысы?ыз, туыс?андары?ызбен, достары?ызбен, жай адамдармен а?ылдасы?ыз. 6. Діни ?йымдарды? жиналысына ?атысса?ыз, есі?ізде са?та?ыз: миссионер – уа?ыздаушыларды? басты ма?саты – Сізді ?з сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сізді? ма?саты?ыз – деструктивтік діни ?йымдарды? ы?палына т?сіп ?алмау. 7. Діни жиналыстар?а жал?ыз ?атыспа?ыз, ?асы?ыз?а досы?ызды немесе туысы?ызды ертіп ж?рі?із. 8. Сіз туыстары?ыз бен жа?ындары?ызды ты?дамай рухани т?р?ыда денсаулы?ы?ызды т?зеу ?шін теріс ба?ытта?ы діни ?йымдарды? ?атарына ?осылу т?рарлы? деп ойлайсыз ба? 9. Б?л ?мірден бір ма?сат пен жетістікке жету ?шін, жаны?ыз?а тынышты? табу ?шін д?ст?рлі емес ба?ытта?ы шіркеулер, миссиялар мен ?йымдар?а жолама?аны?ыз ж?н. 10. Есі?де болсын! Есте са?та! ??дай?а сену, яки сенбеу - ?з ?олы?да! ?зге дінні? жетегінде кетем деп достары? мен жа?ындары?нан айрыл?ы? келмесе, Ойлан! ?орытынды с?з Б?гінгі «Дін т?рбие ді?гегі» атты т?рбие са?атымызды Елбасымызды? с?зімен ?орытындыла?ым кеп отыр. «Діни экстремизмді алатын болса?, ол адамдар арасына ірткі салу?а, ?шпенділік отын т?тату?а, ?ант?гістер ?йымдастыру?а жол ашады. Пи?ылы б?тен, ?аза?ты? болмысына жат а?ымдар?а ?азір тос?ауыл ?оймаса?, онда ерте? бірлігімізге сызат т?седі. Егер елімізде на?ыз таза м?сылман, ??ранны? жолымен ж?ретін халы? к?п болса елде береке, бірлік тынышты? болады» ??рметті ?она?тар б?гін мектебімізге келіп ?з ойлары?ызды орта?а салып а?ыл - ке?ес бергендері?із ?шін сіздерге к?п-к?п рахмет, алланы? н?ры жаусын келесі кездескенше сау болы?ыздар!

Просмотр содержимого документа
«Дін - т?рбие ді?гегі»

Дін - тәрбие діңгегі
Тәрбие сағатының мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Мұғалімнің сөзі;
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық.
(Бейне ролик кетеді.)
Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін тәрбие діңгегі» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгін мектебімізге келіп өз ойларыңызды ортаға салып ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!