СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Доклад на тему: "Инновационные методы и формы на уроках производственного обучения"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном материале размещен доклад на тему: "Инновационные методы и формы на уроках производственного обучения" на государственном языке.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему: "Инновационные методы и формы на уроках производственного обучения"»



Ақмола облысы білім басқармасының

«Көкшетау қаласы, № 1 сервистік-техникалық колледжі» КММ

















«Өндірістік оқыту сабақтарындағы

заманауи әдістер мен нысандар» тақырыбына

БАЯНДАМА













дайындаған: өндірістік о/ш

Бостанкаева С.К.















Көкшетау қаласы-2017ж.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстар мен жаңалықтарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту білу керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Жаңа заманауи технология түрлерін өндірістік оқыту сабағына кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттің шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа заманауи технологиялар:

Ойын технологиясы.

Проблемалы оқыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Деңгейлік саралау технологиясы.

Жекелеп оқыту технологиясы.

Оқытудың компьютерлік технологиясы.

Презентациялар технологиясы.

Кезеңдеп оқыту технологиясы.

Жеке пәндік педагогикалық технология.

Альтернативті технологиялар.

Өзіндік дамыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиялары

Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары.

Модульдік оқыту технологиясы.

Барлық жаңа заманауи технологияның алдына қоятын мақсаты – студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастырады. Студенттердің өндірістік оқуда қабілеттерін арттыруға әр түрлі әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын іздестіріп, сабақ жоспарына шығармашылық тұрғыдан қарау – бұл сапалы білім берудің жолдары. Дегенмен, әр шебердің өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болады. Өндірістік оқыту сабақтарында заманауи оқыту технологияларын пайдалану - бұл баланың табандылығын, мәселені шешу құзыреттілігі, өз күшіне сенімділігі, өз бетімен жұмыс істеуге құштарлығын дамытады. Осы орайда ең алдымен сабақты бастамас бұрын студенттің жағымды күйін туғызу, яғни, қандай да бір әдіс, ойын арқылы назар аударуын қамтиды. Бұдан студенттің ынтасы мен ойлау қабілеті жетіледі. Егер өндірістік оқу шебері өзінің тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісуге тырысқанымен, студенттің қызығушылығы болмаса, оқу сапасы туралы сөз болуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік оқыту шебері жаңа технологияларды, ғылыми жетістіктерді күнделікті сабаққа саралап, таныстырып отырса ақыл-ойы дамып, ізденімпаздығы артады.

Заманауи инновациялық әдістер мен нысандарды оқытудың ақпараттық технологияларын өндірістік оқыту сабағында қолдану - бұл студенттердің қызығушылығын дамыту.


Деңгейлеп оқыту технологиясы


Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

  1. Деңгейлеп оқыту әр студентке өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір студент меңгеріу тиіс.

Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін өзімнің сабағымда

  • Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

  • Психологиялық даму ерекшеліктеріне;

  • Пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану қажет. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлген дұрыс болады:

  1. Сабақтың мазмұны;

  2. Сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау;

  3. Сабақтың нәтижесі;

Оқытудағы ұстаздың міндеті студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол студенттің ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.

Студенттердің ойлау қабілетін дамытуда, яғни өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында жаңа заманауи технологияларды әр сабақ сайын қолдану керек. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланған әр оқытушы үшін тиімді болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор.

Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынадай 4 түрге бөлінеді:

1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар студенттердің алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және студентке байланысты болады.

2. Алгоритмдік деңгей. Студент оқытушының түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Студент өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4. Шығармашылық деңгей. Студенттің таза өзіндік шығармашылыған байқатады. Жаңа тақырыпты студент шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр студенттің белсенділігін оятады.



Қорытынды


Өз ойымды қорыта келе, екі ұстаз бірдей заманауи әдіспен, бір жоспармен сабақ өткізсе

де, сабақтың өту барысы бәрібір әр түрлі болып шығады. Әр ұстаз өз сабағын өзінің көзқарасымен, өзінің әдістерімен, заманауи технологияларымен өткізеді, әрине осымен де ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласында жүрген ұстаздар өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда.