Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс.
Ойын-сабақ емес. Бірақ бұл сабақта ойнамау деген емес. Ойын әдісі балаларды жаңа тақырыпқа жетелейді, ойын — жарыс элементі, жұмбақ, ертегілер еліне саяхат және т.б., — бұл мұғалімнің әдістемелік байлығы ғана емес, бұл сабақ үстіндегі балалардың ішкі сезімдерінің байлығын ашу жұмысы. Мұғалімнің эмоциялық жағдайы қатысып тұрған ойынға сай келу тиіс. Ойын технологиясы басқа әдістерге қарағанда ойын өткізушіден ерекше талап етеді. Ойынды өткізе білуімен бірге балалармен бірге ойнауды қажет.
Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Қазіргі заман оқушыға жеке тұлға ретінде қарастырып, одан да жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, дидактикалық ойындарды әрі сапалы да, әрі жаңа деңгейге ауысып, оған шығармашылық қарауды көздейді.
Үнемі ізденіс үстінде жүріп, оқу үрдісіне шығармашылықпен қарап, педагог ретінде, әр оқушыны келешекте жазушы, суретші немесе жай мейрімді, жақсы адам болуын көргім келеді. Ол үшін өз оқушыларымды тапсырмаларын орындауында өзінің қайталанбас нұсқасымен орындауын, соның нәтижесінде өздігінен жұмыс істеуін, белсенділігін, бастамашылдығын дамытамын, яғни шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға тырысамын, сонымен бірге әр оқушыға тапсырмалар дайындағанда қызық та қолжетерлік болуын қарастырамын. Сабақта қолданылатын ойын түрлері: Орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды жаттықтыруға бағытталған ойындар;Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауына арналған ойындар;Лексикалық-фразеологиялық ойындар т.б ., бүл ойындар кәртішкелер ретінде дайындалып, практикада қолданып жүрмін.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды зор. Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Мен өз тәжірибемде дидактикалық ойындармен бірге ұлттық ойындарды жиі пайдаланамын.
Алдыма қойған мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және әр тақырыпты жете меңгерту. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып, халқымыздың әдет-ғұрып, мәдениетімен жете таныстыру мақсаты да басты назарда болмақ. Мысалы «Ақ серек, көк серек», «Сақина тастамақ», «Хан талапай», «Қоржын той»,«Көкпар» т.б., — ұлттық ойындарын қолданамын.
Қазақ тілі сабактарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттерімен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиетгерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Осы бағытта мектепте театр үйірмесі жұмыс істейді. Өткен оқу жылы балармен бірге қазақ халқының «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойдық. Халық ертегісін танумен бірге балалар, соның ішінде, өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысып, рөлдерін үлкен ынтасымен ойнап, қызығушылықтарын танытты. Бұл қойылым халық ертегісімен таныстыра отырып, балалардың шешендік, әртістік өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, қазақ тілін практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ойын технологиясын, яғни ұлт ойындарын өз тәжірибемде сабақтан тыс жұмысымда элективтік курс жүргізуінде тақырып ретінде қолданып жүрмін.
Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс – әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады. Ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін - бірі қолдау, жолдастық сезім, сондай - ақ бірқатар психикалық үдерістердің: есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т. б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарлайды.
Қорыта келгенде, қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Қосымша
«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
С | З | Ы | Л | А | Е | У | А | Т |
Қ | Ы | П | А | Р | Д | А | Н | А |
А | Р | А | В | А | Қ | Т | А | Р |
О | Р | Ғ | Л | О | Д | С | Т | А |
Л | А | А | П | Д | Ы | А | Р | З |
«Жалғасын тап» ойыны Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г) Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамына не жатады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
5. Жұрнақ дегеніміз не?
6. Жалғау дегеніміз не?
7. Түбірлес сөз дегеніміз не?
8. Туынды сөз дегеніміз не?
9. Көптік жалғаулары?
«Тапқыш» ойыны.
Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.
Қ | Ы | Б | Е | С | О | Қ | Ы |
А | Й | Д | Ы | І | Ш | К | Д |
Л | С | Ы | Н | Д | Ы | Ө | Ы |
А | А | Р | Ы | П | П | К | С |
Ж | А | З | Б | И | І | К | Н |
Қ | Т | А | Й | С | Е | Г | І |
О | Қ | Р | Ә | П | К | Е | З |
Н | А | А | Т | Ы | Р | Н | А |
Зат есім : қонақ, …
Етістік: оқыды, …
Сан есім: он,…
Сын есім: көк,….
«Кім тез?» ойыны.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрып, буын санын айтады.
«Қатесін тап» ойыны.
А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.
Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.
«Әңгімені аяқта» ойыны.
Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, әңгіме құрау.
«… Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге өтірік айтпауға уәде бердік».
«… Арада қанша жыл өтсе де, Қожа сол оқиғаны ойынан шығара алмады».
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.
Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)
Сен бүгін нешеде тұрдың?
Сен қандай үйірмеге барасың?
Демалыста қайда барасың?
Сабақ нешеде басталады?
«Ойлан, тап» ойыны.
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу
Шай қайнатым уақыт
Аяқ астынан
Кірпік қаққанша
«Кім тапқыр» ойыны.
Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу
«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.
Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)
Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)
«Сөз жарысы» ойыны.
Берілген сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын табу
«Тізбек» ойыны.
Берілген сөздің соңғы дыбысынан басталатын жаңа бір сөз тауып айту
“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).