СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Домбыра -киелі аспап

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Домбыра -киелі аспап»

«Домбыра киелі аспап»


Мақсаты: Білімділік

Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып,  оның ішінде домбыра  аспабының басынан өткерген тарихы жайлы айту

Дамытушылық:

Әр аспаты айта отырып тіл жаттықтыру, дамыту

 Тәрбиелік:

      Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:   Қазақтың  ұлттық  аспаптар

 

Сабақ барысы:  

Мен қазір саған жұмбақ жасырам. Ал сен жауабын дұрыс шешуге тырыс!

                                Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

                               Сөйлейді шежіредей адам соқса.

                            Тағы бір мінезі бар таңғажайып,

                            Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

                                                                                    (домбыра)

Бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптарын тамашалап, танысатын боламыз.. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Ендеше назар аударайық.

(аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)

                                   Ұйымдастыру-іздестіру.

-         Домбыра  дегеніміз не? 

- Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан музыкалық аспап.

- Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген.

- Мен саған«Домбыра туралы» аңыз ертегі айтып берейін.

(ертегіні айту)

      «Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен  дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында  бұл«Шайтан тиек» деп аталып кеткен».

- Міне, содан бері халқымыз домбыраны«Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.