СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дөңгелек үстел. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы туралы дөңгелек үстелдің жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Дөңгелек үстел. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?»

142 орта мектеп











«Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?»

(дөңгелек үстел)



Қатысушы сыныптар : 11

Сынып жетекшілер: Оңдасынова Таңшолпан

























2016 – 2017 оқу жылы

Тақырыбы: Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? /дөңгелек үстел/

Мақсаты:

  • Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.

  • Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

  • Ата ана,ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Міндеті: Қарым-қатынасты нығайту әдіс-тәсілдерімен, ғалымдардың тұжырымдарымен, даналық сөздердің тәрбиелік мәнін ашу, ҚР-ның заңдарымен таныстыру.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Түрі: дөңгелек үстел, пікір алмасу

Дөңгелек үстелге қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары

Дөңгелек үстелде қарастырылады:

- Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері;

- Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері, міндеттері;

 - Қазақстан Республикасының заңдары;

Барысы:

1.Кіріспе сөз

2.Танысу жаттығуы

3.Ой қозғау

4.Бүгінгі менің ойым

5.Сүйіспеншілік сипаты

6.Қорытынды

1.Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы баптап бақпасаң.

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп.

Кешкенің өмір босқа тек- дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз -ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата-ана.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

«Балаң жақсы, тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады» - дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.

2.Танысу жаттығуы

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық. 

Басты қызметтері: 

v тәрбиелік;

v сауықтыру; 

v рухани-адамгершілік;

v танымдық-білімдік;

v тұрмыстық;

v еңбек;

v мәдени-ағартушылық;

v демалыс-шығармашылық;

v тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;

v қорғау.
Басты міндеттері: 

v баланы үйлесімді дамыту; 

v бала денсаулығына қамқорлық жасау;

v оқуына көмек көрсету;

v еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;

v тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;

v ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;

v жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;

v қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;

v өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;

v жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.

Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар:

v отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);

v отбасы өмірінің күн тәртібі;

v әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың). 
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. 

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. (Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады).

Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:

v ақпараттық;

v тәрбиелік-дамытушылық;

v қалыптастырушылық;

v қорғау-сауықтырушылық;

v бақылаушылық;

v тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері:

v ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;

v ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;

v бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Қазақстан Республикасының заңдары

Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», - делінген.

Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ, Білім заңының 49- шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», - деп жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру үдерісінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл нұсқау оқушылардың білім, тәрбие сапасын арттырудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қажеттігінен ашып көрсетеді.

            Даналық сөздер.

1.     Адамның ой зердесі қаншылықты терең болса, ол соншалықты нағыз тұлға. Қандай бір зат болмасын, әрқашанда - оның ішіндегі маңызы сырт қабатынан көп болуы тиіс. Кейбір адамдар болады, қаржы жетпегендіктен бітпей қалған, сыртқы беті ғана бар үйлерге ұқсайтын: кіреберісіне қарасаң - зәулім сарай, ішіне кірсең - лашық. Бұл жерден баспана табамын деу бекер, ортақ тілде сөйлесетін адам жоқ: аман-саулықтан соң сөзің таусылады.

2.     Ақылмен істейтін және байқағыш адам. Мұндай адам жағдайдың құлы емес, бірақ оны басқара біледі. Бірден істің мән-жайын түсінеді, іске терең бойлайды, адамның жанына үңіледі. Маңызды деген тұлғаны бір көргеннен таниды, сөзі өткір, нақты, адамның терең түкпіріндегі ойларын аңғара біледі. Оның ойы айқын, сезімі нәзік, салиқалы сөз қозғайды: көп нәрсені байқайды, түйін жасайды, аңғарады және бағалайды.

3.     Ешқашан өзіңе деген құрметіңді жоғалтпа. Жеке қалған кезіңде де өзіңмен өзің егеспе. Ар-ұятың ақиқатыңның өлшемі болсын, өзіңе шығарған үкіміңнің қаталдығы өзгенің пікірінен артық болсын. Жұрт сотынан қорқып ұнамсыз іске бас ұрма, не айтады деп арыңды тыңда. Өзіңнен қорқуды үйрен, сонда ғана Сенеканың қиялдағы ұстазындай жағдайға ұшырамайсың. 

4.     Жақсы мен жаманды айыра білетін адам. Өмірде ақ пен қараны ажырата білушілікке көп нәрсе тіреледі. Ол үшін жақсы талғам, ақылмен пайымдаған дұрыс - бұл мәселеде тәртіпті болып та, амал-айлаң асып тұрса да ештеңе істей алмайсың.

5.     Ешқашан ашушаң, күйгелек болма. Есті адам үшін маңызды қағида - кернеген мінезіңді тежей біл. Өзін өзі ұстай білу қасиеті бар адамның жүрегі де үлкен болады, жүрегі салмақты адамды сабасынан шығару қиын.

3.Ой қозғау

-Отбасы бақыты ол...

-Бақыт дегеніміз...

-Борыш дегеніміз...

-Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...

-Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

4.«Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.

1.     –Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз. (Осы сөзді есту ата-анаға ауыр емес пе?)

2.     Отбасы бақыты кімнің қолында? (Анамның, әкемнің, балалардың)

3.     Мұны дұрыс істеген жоқсың, ол үшін анаң ұрысып жатыр ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, ұрыс істемеген үшін сен кінәлісің бе?

Өсиет сөздер

1.     «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік»  (Абай)

2.     Ата-бабасынын сыйламау – азғындықтың белгісі.   (Пушкин)

3.     Кімде –кім ата-анасы  разы еткен болса, ол қандай жақсы.

4.     Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)

Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, дұрыс ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, қуанышты да, қайғыны да, аурудыда бәрін, бәрін көтереді. Бірақ әр бір тырнаудан кейін жара қалып кетеді, осыны ұмытпа. Анасынын сыйлаған бала әкесінде сыйлайды.

5.Сүйіспеншілік сипаты.

«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып,  ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.

Ал, көк   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.

6.Қорытынды:

         Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

Ерте замандағы грек ғалымдары Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит өз еңбектерінде тәрбиенің мақсатын құл иеленуші мемлекеттің саяси міндетімен ұштастыруға тырысты, адамның рухани өмірінің заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды. «Баланы кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу керек, жеке адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне, алған біліміне байланысты», - дейді Демокрит. Оның: «Әкенің жағымды ой тастауы – балаға деген дұрыс тәлімгерлік», - деген сөзінен әкенің балаға өз сөзімен, ісімен, сенімімен үлгі бола білуіне үлкен көңіл бөлгенін көреміз. Сол кездегі грек философы Пифагор «Заңды сыйла» ережесінде балаға білім, тәрбие беруді ата-анаға міндеттеген; білім ордаларында отбасы мен мектеп бірлесе баланың білім, тәрбие алуына ортақ мүдделес екенін айтқан; жас ұрпақтың әкені, үлкенді сыйлауына көңіл бөлген; адамдар, туыстар арасында сыйласымдылық қалыптасуын көздеген. «Тадбири манзел» еңбегінде Ибн Сина негізгі бөлімін «мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу» - деп атаған. Өз еңбегінде ғалым отбасындағы білім берудің негізін қалауға тырысты. «Егер отбасы балаға білім беру әдістерін дұрыс пайдалана алса, өз өмірінде бала бақытқа кенеледі» - деген сөзі келер ұрпақтарға өзінің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасымен құнды болып қала бермек.

XI ғасырда жазылған Қайқауыстың «Кабуснама» еңбегі де отбасы тәрбиесіндегі ата–ана рөлін аша түседі. Кабуснамадағы «Ей, перзентім, сен осы үгіттерімді ұғып іске асырсаң, мен аталық парызымды өтегенім. Жақсы көрген адамым да, үмітім де өзіңсің. Сондықтан бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың» - деген насихат сөздерімен бүгінгі кездесуді қорытындылағым келеді.