СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дос болайық бәріміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды дос болуға уйрету,тәрбиелеу, мейірімділікке бауылу,кішіні құрметтеуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Дос болайық бәріміз»

«»Дос болайық бәріміз»


Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достаса білейік!

Сабақтың мақсаты: «Достық» құндылығы туралы одан әрі жетілдіру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту,қамқор болуға тәрбиелеу,бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.Балалардың қызығушылығын оята отырып,тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер,доп,ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойын,тосын сый,суретпен әңгіме.

Сөздік жұмыс: қамқор, тату, сыйлау.

Сабақтың барысы: Әр бала өз атын айтып,өзі туралы жақсы сөз айтып,қолындағы күн шуағын тақтаға іледі.Тақтада үлкен күн пайда болады.

-Балалар,қараңдаршы біздің топта не пайда болды?

-Күн.

Бәрі: Шуақты күннің сәулесі,

Жайнасын бүгін жарқырап.

Амансың ба нұрлы күн,

Шуағыңды төк бүгін!

-Енді, балалар біз шуағын төккен күнмен,жан-жағымызбен амандасайық.

Бәрі: Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін айнала.

Жалықпастан қайта біз,

Достық сөзін айтамыз.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!

«Достық» туралы әңгімені сахналау.

Қатысушылар: құмырсқа, көбелек,ара,торғай,карға.

Ән: «Дос болайық бәріміз».

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Іргелі жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Туғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Қ-сы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

-«Дос» және «достық» деген сөздерді қалай түсінуге болады?

-«Жақсы дос» деп кімді айта аламыз?

Ойын «Менің досым».

Балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қою.

-Сенің досың кім?

-Сен досыңды жақсы көресің бе?

-Досыңа қалай көмектесесің?

-Досыңды қалай сыйлайсың?

-Досыңды сағынасың ба?

-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?

-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Асылай: Монғол,дүнген, ұйғыр,

Армян, тәжік,грузин.

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.


Дәйексөз бен жұмыс. «Дос-бәрінен де қымбат» деген мақалдың мағынасын ашу.

-Балалар, достық туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.

Жаман достан,қисық таяқ артық.

Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз!


Дәптермен жұмыс

Балалар досына сыйлайтын сыйлығының суретін салады және сол туралы әңгімелеп береді.

Д/О «Жақсы-жаман».

Қорытынды:

-Біздің бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Олай болса бүгінгі сабақтың қорытындысы болсын.

Бәріміздің кеудемізде бір үміт,

Біз сол үшін айқасамыз бірігіп.

Жүрегіміз бір соғады қашанда,

Жүрсекте біз неше түрлі киініп.