Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»
Тақырыбы/Тема: «Достармен ойын: алда-артта, оңда –солда»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың логикалық ойлау іс - әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту. Еркін санауға белсенділігін дамыту
3.Оқыту – обучающая: Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлауды бекіту: алда, артта, оң жақта, сол жақта. Карточкеде неше дөңгелек -сонша ойыншық санап ал, сөйтіп 3-ке дейін санауды бекіту. Дидактикалық ойын: «Қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?»
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: көгершін бейнесі, ойыншықтар, сандар, геометриялық пішіндер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: алда-спереди, артта-сзади, оңда-справа, солда- слева
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар мен сендерге бір ертегі айтып берейін. Ертеде жер бетінде бір көгершін өмір сүріпті. Көгершін татулықты, достықты, бейбітшілікті тілепті. Көгершін жер бетін шарлап келейін деп ұшады. Ұшып келеді, ұшып келеді. Орман тұсынан ұшып келе жатса, жылаған дауысты естиді. Көгершін орман ішіне кіреді. Жылаған қоянды көріп, қасына келеді.
Аманбысың, қоянжан неге жылап отырсың?
Қоян: Мен оң жақ пен сол жақты, алды, арты дегенді айыра алмай отырмын. Көгершін маған көмектесесің бе?
Балалар көгершінмен бірге қоянға көмектесеміз бе?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
1 - тапсырма: Оң қолды көрсету. Оң қолмен қарындашты ұстау. Оң қолмен жалауды ұстап бұлғау. Оң қолды, оң аяқты көрсету. Оң аяқпен не тебеміз? Допты тебеміз. Оң қолды жүрек тұсына апарып қою.Жүрек қай жақта? Сол жақта. Сол қолды, сол аяқты көрсету.
2 - тапсырма: Сиқырлы теледидардан қоян, аюды көрсету. Автобус, машина көрсету. Ойыншықтардан мысалдар келтіру. Алда аю тұр. Артта қоян тұр.
Балалар алға жүреміз, артқа жүреміз.
Билингвалдық компонент: алда-спереди, артта-сзади, оңда-справа, солда- слева
Қоян: Алақай! Алақай! Мен оң жақ пен сол жақты, алдыға, артқа жүруді үйрендім. Рахмет! Ақ көгершін. Рахмет, балалар. Көгершін ұшып кетеді.
Көгершін ұшып келеді, ұшып келеді. Ауылдың үстінен ұшып бара жатса, бір балақайды көреді. Көгершін балақайдың қолына келіп қонады. Аманбысың балақай? Сен неғып отырсын?
Балақай: Мен санауды үйреніп отырмын. Ақ көгершін санауға көмектесесің бе?
Көгершін: Балалар көмектесеміз бе?
1-тапсырма. 1,2,3 тура және кері санау.
Жеке жұмыс: Алиомар сандарды тура және кері санай қойшы.
2-тапсырма. Суреттегі заттарды санау. Заттың санын цифрмен көрсету. Мысалы: 1 ағаш, 3 бұлт, 1 күн, 3 гүл, 2 құс, 2 көбелек.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Балақай:«Алақай! Алақай! Санауды үйрендім. Сандарды білдім. Рахмет, көгершін, рахмет балалар. Сендер сондай мейірімдісіңдер»
Көгершін ұшып кетеді. Көгершін ұшып келеді, ұшып келеді. Қарны ашқан көгершін жерге қонып, дәнді жей бастайды. Қасына қыбырлап құмырсқа келеді. Аманбысың, құмырсқа, сен неғып жүрсің?
Құмырсқа: Аманмын, көгершін. Мен үй салып жатыр едім. Пішіндерді айыра алмай отырмын. Сен көмектесесін бе? Көгершін: Көмектесейін.
1-тапсырма: Берілген пішіндерді атау. Қалтадан пішіндерді көрсету.
Д/о: «Қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?»
Құмырсқа: Рахмет, көгершін.Мен пішіндердің түрлерін білдім. Үйімді салуды жағастырайын. Жан-жағына қарап тұрған көгершін ұша бергенде бір мысық ұстап алады.
Мысық: Мен сені жеймін.
Көгершін: Жемеші, сен тоятын менде ет жоқ. Кел екеуміз ойын ойнайық, көңіл көтерейік. Мысық та келіседі, ойын ойнайды.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Кубикті лақтыру.
Тапсырмалар: Суреттегі заттардың санын атау.
Ойын: «Неше ойыншық?»
Көзді байлап, ойыншықты сипалап санын атау.
Мысық: Көгершін, маған ойын ойнауды үйреттің.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Сұрақ - жауап: Көгершін қоянға не үйретті?
Көгершін балақайға не үйреті?
Көгершін мысыққа не үйретті?
Көгершін қоянға не үйретті?
Көгершін балақайға не үйреті?
Көгершін мысыққа не үйретті?
Балаларды мадақтау.