Тақырыбы: «Достық біздің тірегіміз!»
Балалар қол ұстасып, көңілді көңіл күймен «Өз елім» әнімен залға кіреді.
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар балалар!
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық, бірлік, ынтымақ
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
1-бала:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз
2-бала:
Мақсат ортақ,бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші:Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір – бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Ән: «Достық»
Тақпақтар:
3-бала:
Ынтымағы жарасқан береке күн
Білдіреді болашақ ел ертеңін
4-бала:
Татулық пен достығың арта берсін
Құтты болсын бүгінгі мереке күн
5-бала:
Әйнегі күн,шатыры аспан
Кең дала төсі толқыған ән
6-бала:
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан-Республикам менің!
Тәрбиеші:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Ән «Туған жерді сүйемін»
Тәрбиеші:
Иә, біз қазақ елі көңіліміз көл дариядай кең халықпыз, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым – қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз.
Ендеше осы тойда қазақтың халық ойыны «Бәйге» ойынын ойнап жіберейік
Ортаға жігіттерді шақырайық.
Эстафета ойыны екі команда болып ойнайды
Тәрбиеші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз деп ортаға қыздарды шақырайық
Орыс халқының ойыны «Подними платокты» ойнап жіберейік.
Бұл ойынға қыздарды шақырамыз.
Ойын-би попури ойналады
Тәрбиеші:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Тақпақтар. 8 бала
Би дайындалады.
Тәрбиеші:
Ортаға әр ұлттың бишілерін шақырайық «Достық» биін тамашалайық
Би: «Әр ұлттың биінен попурри»
Балалар орындарында тұрады.
Тәрбиеші:Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әркез ынтымақта, достықта болайық!
Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегім
Достық мерекесі құтты болсын!
Ынтымақ күні құтты болсын!
Бірлік күні құтты болсын!
УРА!УРА!УРА!
Осымен мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.