Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Балалар мынау ненің суреті? -ал мынау ше? Онда балалар тышқан мен мысық жайлы ертегі тындайық. Мысық пен тышқан дос болыпты.Бір күні екі дос келе жатып,бір құмыра май тауып алады. Мысық білгірсініп: -құмырадағы майды қыста жейік,-деп шұңқыр қазып,көмік тастапы.Күндер өте береді.Қыс келеді.Аяз қысып,қарны ашып жатқан мысықтын есіне өзі көміп қойған құмырадағы май түсіпті.Енді мысық сылтауратыпты: -тышқан менің апам ұл туыпты,соған той жасайды екен,мені шақырып кетті-дейді де кетіп қалады.Сонан соң құмырадағы майдың төбесін ғана ойып жеп қайтады.Алдынан тышқан шығады: -бөбектің атын кім қойдыңдар?-деп сұрайды. -төбелше қойдық-дейді мысық. Келесі күні мысықтың тағы да қарны ашады.Құмырадағы май есіне түседі.Тышқанға келіп: -менің тағы бір апам ұл туыпты,тойға шақырыпты барайын-деп кетіп қалған мысық,майды орталай жеп алады.Тышқан тағы да алдынан шығады. -Е,бөбектің атын кім қойдыңдар?-деп сұрайды. -белдемше қойдық-дей салады мысық.Бірнеше күннен кейін мысықтың тағы да қарны ашып,құмырадағы майға бармақ болып,тышқанға келіп: Бір күні қысқы аяз қысады.Далаға шығуға дәттері шыдамайды.Тышқан мен мысықтың қарны ашады.Сол кезде тышқанның есіне өздері тығып қойған құмырадағы май түсіп,мысыққа айтады. Мысық пен тышқан көмген майларына келсе,құмырадағы майдың жұғыны да қалмапты.Сонда тышқан: -ім-м...білдім,білдім-дейді ренжіп-сен үш рет үйден шығып кетіп едің.Бірінші келгенде төбесін жеп,төбелше,екіншісінде ортасын жеп,белдемше,үшіншісін жеп-Қалдықша дедің ғой,ә?-дейді. Өз қулығын тышқан біліп қойған соң,дойыр мысық ашуға булығып,тышқанды бас салып талайды.Тышқан бір тесіккекіріп кетіп әрең құтылады.Мысық пен тышқанның достығы сонымен біткен екен. Сергіту сәті. -кімнің үйінде мысық бар? -тышқан мен мысықтын достығы не үшін бұзылды? -Мысықтың жасағаны дұрыс па? | -тышқан ғой -мысық -балалар ертегі тындайды. -сергіту сәтін қайталайды. -менің үйімде бар,ал менде жоқ. -балар тышқан мен мысықтын арасындағы жағдайды баяндайды. -жоқ мысық дұрыс жасамады,ол тышқанға арамдық жасады. |