СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Драматизации таырбына арналган ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

ерексек топтарға арналган драматизация ойындары. балаларага ұнайды деген ойдамын

Просмотр содержимого документа
«Драматизации таырбына арналган ойындар»

Балабақшадағы драматизиялық ойындар

Драмалық ойындар

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Драматизииялық ойындарда қандай да бір әдеби шығарманың ертегінің т, б сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизиялық ойынында әрекетінің бірі түрі. Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Мысалы: Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық деген ойында ересек топтарды тәрбиелі балаларды зат туралы айта білуге үйрету, балаларды зат туралы айта білуге үйрету олардың жүйесі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Дидактикалық ойының нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамытуда, дара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің бағалау. Дидактикалық ойындар топ бөлімшесінде, аулауда, залда өткізіледі. Дидактикалық ойының орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.


Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балаларды білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамыту да, өзара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ойлау жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу іс - әрекеттердің қиыншылықтарды жою керек. Олар балалардың түйісін және қабылдау қабілетін, дамытуға ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар табиғатпен таныстыру сабағында математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданады.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үстінде ойындарға лото, домино тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?»), («Бұл кімге керек») т. б пазлдар, леголар, қимыл белсенділігін, еріктілікті талап ететін ойындар жатады.

Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке психикалық дамытуына, жеке басының аса маңызды салалардың қалыптастыруына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойындары үйдің ішінде серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай дене шынықтыру сабағына игерген соң өздігіне ойнай алады. Мысалы: Соқыр теке, Көкпар, Асық, Бәйге, Тақия тастамақ т. б ойындар жатады.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да серуенде өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғаның өзіде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Мерекелік ертеңгіліктер, іс - шараларға қатысқан ата - аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер баланың тілін дамыту үшін шығармаларды сахналаудың білімділік тәрбиелік маңызы зор екенін айтады.
Драмалық ойындар шығарманың мазмұнын есте сақтауға, кейіпкердің жағымды, жағымсыз іс - әрекеттерін, адамгершілік қасиеттерін ажыратуға, отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Баланы халыққа педагогикасы негізінде тәрбиелеу, елді таныту бағытында маңызы орын
«Орамал кетті», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз Қуу» «ҰШТЫ, ҰШТЫ» т. б ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қалқымыз.
Сабақта пайдаланылатын ойын түрлерімен ата - аналар әр топтағы ақпараттық бұрыштағы материалдар арқылы және сабақ, ертеңгілік, іс - шараларға қатысқанда танысады. Ата - аналар жиналыстарында, жеке әңгімелесуге отбасында балаға қазақ тілін үйреткенде ойынды пайдалану жолдары туралы пікір алысамыз.
Тіпті балалар қызығушылығы соншалық сабақтан кейін, сол орталықта ойын ойнағысы келеді.

  •  Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен бірге мәңгілік өмір сүреді. Ойында баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадының қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады.

  • «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

  • - «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл сондай. Бала ойында қандай болса, өскең соң жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады» - деп педагог А.С.Макаренко ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалаған.                                                                                    

  • Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.

  • Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.

  • Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, ересек тәрбиеленушілер ойыны бірнеше сағатқа созылады.

Сюжетті ойындар

  • Сюжетті ойындар ересек тәрбиеленушілер өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді.

  • Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады.

  • Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрылыс ойыны

Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

  • Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

  • Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі.

  • Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Қимыл-қозғалыс ойындары

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

  • Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда, жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.

  • Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров кезінде: «Балалықтың қанына ойын азық», - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау қабілетін арттырады.

  • Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады».

  • Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда. Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады.

  • Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – қоршаған ортамен белсенді іс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған.

  • Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар:

  • 1) Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.

  • 2) Қарым-қатынас мақсатты, дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады.

  • 3) Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді.

  • 4) Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет.

  • Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.

  • Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:

  • - әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту;

  • балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.

  • Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде күш-жігерін жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар.















































Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»






Балабақшадағы драматизиялық ойындар

Ересек "Көбелек" тобы






Тәрбиешілер : Садвокасова В.А.

Смағұл П.А.










Костанай қ 2018-2019 оқу жылы