Сабақ негізделген оқу мақсаты | Әңгіме мазмұны бойыншa өмірдегі жaқсылық пен жaмaндықты aжырaтa білуге бaулу. Өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, бaйлaныстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдaй білу қaсиетін дaмыту; Қиындықтaн қорықпaйтын, жaқсылық пен жaмaндықты aжырaтa білетін, шыншыл aзaмaт болуғa тәрбиелеу. | |
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Топтар ортаға тұрып қолдарын созып, күн шуақтарын шаша отырып, жақсы сөздер айтады.  ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Әр топ бір-бірлеріне бір сұрақтан қояды, бағалайды. Өлеңді кешенді талдау үлгісіне салып сатылай талдау.  |
Күн суреті
кестемен бағалау |
Сабақтың ортасы
13 мин
2 мин
1 мин
| ІІІ. Қызығушылықты ояту. 3топ оқушылары ребус шешеді IV. Жаңа сабақ. 
V. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп, көзбен оқу. Топқа бөліп оқу(Автордың сөзін оқу, қарға, көк кептер, жылан, бұғы, Ақжүрек ақсақал) VІ. Сөздік жұмысы.Оқушыларға мағынасын түсіну қиындық келтіретін сөздердің баламасын тауып ақ параққа жапсырады Ақжүрек – адал ,ақ ниетті. Байлаулы – біреуге,бір нәрсеге тәуелді,меншікті Дүниеден безу- барлығынанжалыққан пенде. Түнемек болып - қонатын орын. Кеңес құрады- ақылдасу, пікір алмасу. Қастық- біреуге ор қазу. Тән- адамның жан дүниесі, болмысы. VІІ.Шығармашылықпен жұмыс 1. «Кім шапшаң?» ойыныЖамандық неден екенін дәлелдеуге тырысқан аң-құстарды тор көзге жазу 2. «Ойлан – жұптан – талқыла» ойыны «Бірлік» тобы1.Мәтіннен автор ойын тауып оқы. 2. Бір кейіпкерді сипатта «Достық» тобы1. Дүниеде жамандық неден деп ойлайсын? 2. Бір кейіпкерді тандап, өлең құрастыру. «Жақсылық» тобы1. Тән тазалығы дегенді қалай түсінесің? 2. Оқыған мәтінге шағын әңгіме жазу.  VІІІ.Сабақты бекіту1. Сұрақ-жауап1.Ақ жүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? 2.Олар қандай сұраққа жауап іздеді? 3. Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? 4.Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың? 5. Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді? | Ребус шешу арқылы сабақ тақырыбы айқындалады
Сабақ мақсатын анықтайды.
Ы.Алтынсарин туралы білгендерін жазады.
Оқушылар мәтін бөлігімен танысады, ойланады, топта талқылайды, бөліседі.Мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді.
Сөздік жазылған жолақшалар, желім, ақ парақ
Топта бірігіп топтық жұмыстарды орындайды,қорғайды,дәлелдейді, бағалайды.
|
Сабақтың соңы
| ІХ. Қорытынды бөлім.Әңгіме желісінен нені білдім?нені ұқтым?не үйрендім?деген сұрақтарға жауап бере отырып, сабақ барысында алған мәліметтерін жазады. Өмірде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырату – ақиқатты тану. Өзіңе, өзгеге зиян тигізбеу,Отанын, халқын құрметтеу – дұрыс әрекет. Бір – бірімізге мейірімді, қайырымды болсақ, кешіре білсек – ол сүйіспеншілікті білдіреді. Ой, ісі адал, сабырлы,салмақты адамда ішкі тыныштығы болады. Өзіңе, өзгеге жамандық жасамау, қызғанбау, баршаға жақсылық тілеу – қиянат жасамау. Егер адамның бойында осы бес құндылық болса, ол барлық мұратына жетеді. г) Сергіту сәті ІХ. Рефлексия Оқушыларды бағалауТоп басшысы оқушылардың жұмыстарын бағалау парақшасында бағалайды, ортақ ұпай санын шығарады.
Кері байланыс Бүгінгі сабақтан үйренгенім ? Маған бүгінгі сабақта не ұнады? Топқа бөлінген қызық па? Ұсыныс, пікір, сұрақ ?
Х.Үйге тапсырма Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинақтау «Дүниеде жамандық неден?» мәтінін әңгімелеу. |
ББҮ кестесі
Оқушылар стикерге өз пікірін жазып ақ |