1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі. Конституцияның баспа нұсқасын қарау. Конституция деген не? – Конституцияны парақтап, қарап шығыңдар. Мазмұнына қараңдар, Конституцияда қанша бап бар екен? (оқушылар Конституцияны қарап шығады) 3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс – Конституцияның кіріспе бетінде бұл заңның кім және не үшін жасалғаны жайлы айтылады. Өз беттеріңмен оқып шығыңдар. Мәтіннің бірінші азат жолынан кейін берілген Конституция кіріспесін оқу немесе Конституцияның өзінен оқу. (Ұ) Талқыланатын мәселелер: – Конституцияны кім қабылдады? – Бұл ережелер кім үшін жазылған? – Біздің халықты біріктірген не? – Халық нені құрады? – Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынады? – Халық өз алдына қандай мақсаттар қояды? – Конституцияның кіріспе бөлігінде қандай түсініксіз сөздер кездесті? – Ол сөздердің мағынасын қалай білеміз? – Елімізді кім басқарып отыр? Еліміздің тұңғыш президентінің есімі кім? 4. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс (екінші бөлігі). – Мәтіннің екінші азат жолын оқыңдар, тірек сөздерді бөліп көрсетіңдер, мәтіннің осы бөлігіне үш сөйлеммен жоспар құрыңдар. Жұмыстардың нәтижесін көрсету. Қорытынды: Конституцияда еліміздегі әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған. 5. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз Бір отырып, бір тұрып Тез шынығып шығамыз 6. Бағалау критерийлері 7. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Білім алмасу дағы тапсырманы орындау. Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау. |