Сабақтың тақырыбы: Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз, Күнде бестік аламыз. Қуанады бізбен бірге Үйде ата анамыз. Ортақ ұран – бірге болу! Мақсатымыз - білім алу. Ұлтын сүйген ұрпақ болып Болашаққа бірге бару!
Топқа бөлу
Ауа
Жел
Күн
Бұлт
Тамшы
Топтық тапсырма Сиқырлы сандық
- Жер бетінде ауа қалай таралады?
- Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
- Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
- Ауаның температурасы қалай өзгереді?
- Ауа ластауға бола ма?
3
БАЛАЛАР, БІЗ ҚАНДАЙ ТАРАУ
ӨТІП ЖАТЫРМЫЗ?
Табиғат және адам
Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды ата:
Жарық
Су
Тағам
Ауа
Жылу
Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе?
Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?
Адам, жануар, өсімдік, ауа, жер, ай, су.
Соның ішінде адамның ерекшелігі неде?
Адамның ерекшелігі өзінің терең ойлайтындығы мен саналылығында.
Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім.
Кім айтады, кәнеки, мен ол жерден не көрдім?
Жазда тауға өрмелеп Шаршап талай бөгелдім Жан - жағыма мен кенет, Қарап едім, не көрдім?
Сабақтың тақырыбы: Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел
Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды.
Желдің түрлері
Дауыл
Самал жел
Құйын
Жел көкжиектің қай тұсынан соқса соның атымен аталады
Солтүстік желі
Батыс желі
СОЛТҮСТІК
ШЫҒЫС
БАТЫС
ОНТҮСТІК
Оны компас деген құралмен білген.
Адамдар желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал желбағар деп аталады.
Қазақтың халық жұмбақтары
Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды.
Күннің көзі
Қазақтың халық жұмбақтары
Қырда қылыш жарқылдайды.
найзағай
Қазақтың халық жұмбақтары
Салмағың бар өлшесем, Көрінбейсің көзге сен.
Ауа
Қазақтың халық жұмбақтары
Жерде емес, аспанда емес, арасында, Қол жетпес ұсынғанмен саласына. Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік, Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?
Жел
Қазақтың халық жұмбақтары
Аспаннан домалап, Көп моншақ төгiлдi. Бусанып жон - алап, Терледi, керiлдi.
Жаңбыр
Қазақтың халық жұмбақтары
Қол - аяғы жоқ болса да, Қақпа есікті аша алған.
Жел
Топтық жұмыс
Ауа
Жел
Күн
Бұлт
Тамшы
1-топ.
Ауа-райы туралы халық даналығын сәйкестендір.
1. Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, 2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, 3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, 4. Түтін жер ұшса, 5. Ай қораланса, 6. Жұлдыз жиі болса, 7. Мысық қабырғасын тырналаса,
- қыс қатты болады.
- қар жауады.
- қыста суық, жазда ыстық болады.
- кешікпей күн суытады.
- жаңбыр жауады.
- күн жылы болатынының белгісі.
- ауа райы бұзылады.
2-топ.
«Жел» мен «Ауаны» вен диаграммасы арқылы салыстыр.
3-топ.
Жел жайлы мақал-мәтелдер жаз.
4-топ.
Желге байланысты әңгіме құрастыр.
5-топ.
Жел сөзіне бірнеше ребус құрастыр
Ауа - райы туралы халық даналығы
(Бұрынғы болжам бойынша)
- Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады. 2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, қыс қатты болады. 3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, кешікпей күн суытады. 4. Түтін жер ұшса, қар жауады. 5. Ай қораланса, күн жылы болатынының белгісі. 6. Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады. 7. Мысық қабырғасын тырналаса, ауа райы бұзылады.
Сергіту сәті.
Бекіту сұрақтары:
- Жел дегеніміз не?
- Желдің бағытын не өлшейді?
- Желбағар деген не?
- Жел неден пайда болады?
- Ауаға жылу неден келеді?
Тест жұмысы
Жауабы
бағалау
№
Оқушылардың аты-жөні
1
2
Топтық тапсырма
Сұрақтарға жауап беру
3
сөзжұмбақ
4
Тест жұмысы
5
6
Сабаққа катысу
Қорытындылау
1) Бұлақтай мөлдір таза бол! 2) Жұлдызың жарық болсын! 3) Айың оңыңнан тусын! 4) Қөңілің көлдей шалқысын! 5) Гүлдей жайнай бер! 6) Таудай талап бер! 7) Қызғалдақтай құлпыра бер!