СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану сабағынан "Топырақты қорғау" атты сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетану сабағынан сабақ жоспары. Тақырыбы - Топырақты қорғау. 2 сынып

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану сабағынан "Топырақты қорғау" атты сабақ жоспары»

Пәні: Дүниетану

Сынып: 2 сынып

Мұғалім: Туленова Жанна Даукеновна


Сабақтың өткізу мерзімі: 8.12.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғау

Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік үшін топырақ маңызын

түсіндіру

Міндеттері:

  1. Топырақты қорғау мен оның құнарлығын арттыру жұмысын қолға алу керектігін түсіндіру;

  2. Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

  3. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтар: топырақ үлгілері, стақан, су құйылған ыдыс

Сабақ түрі: әңгімелесу, талдау-жинақтау, топта талқылау Оқыту әдістері: оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру Пайдаланған жаңа технологиялар: СТО Қолданылған жұмыс формалары: жұптық жұмыс


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын аудару, сабақ ережесін еске түсіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Топырақ» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады

  • Суреттегі топырақтың түрлеріне қарап, солардың қайсысы құнарлы деуге болады?

  • Құнарлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өмірі мен жануарлар, өсімдіктер үшін топырақтың қандай маңызы бар?

  • Топырақ құрамында қандай заттар бар?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Психологиялық дайындық

  • Бүгінгі сабақта біз бірнеше сұраққа жауап іздейміз:

  • Топырақтың құнарлығы шексіз бе?

  • Оны қорғау қажет пе?

  • Топырақты қорғау үшін не істеу керек?

  1. Дидактикалық ойын

«Сарапшылар мен жас табиғат қорғаушылар кездесуі» ойыны ойналады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Мәтін оқылады. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап іздейді және кесте толтырады. Өзара топта талқылайды. Топ басшысы тірек сызбаны қорғайды.

І топ: Сарапшылар – Топырақтың бұзылу себептерін анықтайды

ІІ топ: Жас табиғат қорғаушылар – Топырақты қорғау жолдарын

іздестіреді


І топ. Топырақ неліктен бұзылады?












Қорытынды:

Топырақ ұқыпты қарауды қажет етеді, себебі ол оңай бұзылады, сумен шайылады, желмен ұшып, ауаны шаңға айналдырады. Топырақтың бұзылуына жол бермеу керек.



ІІ топ. Топырақты қорғау үшін не істеу керек??


















Қорытынды:


Адам топырақты әртүрлі тәсілдермен қорғай алады.



  1. Пікірталас

  • Егер жер бетінде топырақ жоғалып кетсе, онда не болар еді?


1см қалыңдықтағы топырақтың түзілуіне 205-300 жыл, ал 20см топырақ түзілу үшін 5000-6000 жыл кетеді. Сондықтан топырақты бұзылудан сақтап, оны қорғау шараларын қолға алу қажет!


IV. Қорытынды


  1. Дәптермен жұмыс

Оқушылар «Топырақты қорғаңдар!» тақырыбына сурет салады


  1. Үйге тапсырма: 42-44 бет.

  2. Бағалау