Е е дыбысы туралы түсінік беру. Ее дыбысы дауысты дыбыс. Себебі ол созылып, тоқтамай айтылады. Е е дыбысын айтқанда дауысымыз жіңішкеріп айтылады. Е е дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында айтылады. Мысалы: Есен, кесе. Дәптермен жұмыс. –Е е дыбысын жазбай тұрып, ауада салып көрейікші. Оқулықпен жұмыс. 1 –тапсырма. Жеке тапсырма. –Мен атам мен әжеме кім болам? –Суреттегілердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз. –немере сөзінде неше е әріпі бар? –немере сөзіне дыбыстық талдау жаса. Немере – внук – granddaygther cөзін үш тілде айту. Дескриптор: Құрамында неше е әріпі бар екенін біледі. Дыбыстық талдау жасай алады. ҚБ « Смайлик» 2 – тапсырма. Топтық тапсырма. 1– топ. Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда. 2– топ. Адасқан буындар. Буындардан сөз құраңдар. 3– топ. Берілген сөйлемдерді құрастырып, жұмбақты шеш. Дескриптор Әріптерден сөз құрай алады. Буындардан сөз құрай алады. Сөйлемдердерді құрастырып, жұмбақты шеше алады. ҚБ «Медаль арқылы» бағалау 3 – тапсырма. Оқы Бағандағы сөздерді кезек – кезекпен оқу. |