Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 04.09.2020 ж
Тәрбиеші: Балабақша Г.Т.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: « Балабақша»
Тақырыбы: Екі топтың заттарын салыстыру («1 және «көп»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Шапшандылыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Тең және тең емес екі топтың заттарын беттестіріп салыстыру арқылы «көп», «аз», «теңбе-тең»-деп айта білуге үйрету.
-Оқыту: Заттардың ұзындығын салыстыра білу дағдыларын бекіту. «Ұзынырақ», «Қысқалау», «Ұзындығы бірдей»- деген сөздерді қолдануға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:монтессори,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншықтар,қарандаштар,үлестірмелі материалдар, жолақшалар
Билингвалдық компонент:көп много,аз мало,ұзын длинный,қысқа короткий
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:Топға қорап әкелу.Балалар қорапға таңдана қарайды.
Балалар қорапты ашып көреміз бе?ішінде не бар екен.Қораптың ішінен доп,пирамидалар шықты.Балаларға ойыншықтарды ұстату.
II. Негізгі бөлім:
Балалардан доп көп ба,пирамида көп ба деп сұрау.Балалардың жауабын тыңдау.
Көп,аз ұғымына мысалдар келтіру:Топта не көп?балалар жауап береді.Ал не аз?балалардың жауабы.
Балалардың назарын тақтаға аудару.
Суреттегі заттарды салыстыру:Суретте не көріп тұрсындар?қуыршақтар мен машина Қуыршақтар көп ба,аз ба?машина ше?
Қайсы түсті қарандаштар ұзын,қайсысы қысқа?балалардың жауабы тыңдау.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты орнына,
Оңға қарады,солға қарады,
Үлкен деп ойлады.
Балаларды орындарына отырғызып үлестірмелі материалмен жұмыс жасату.
Дидактикалық ойын : «Салыстыр»(Балалар ойынды ойнайды)
Қорытынды:
Ойын: «көп,аз»
Балаларды мадақтау.
Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 10.09.2018 ж
Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән:Экология негіздері
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »
Тақырыбы: Мен және табиғат
Мақсаты:
-Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлыққа,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу
-Дамытушылық: : табиғат құбылысын эмоционалды, қиялын, фантазиясын дамыту
-Оқыту: табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру
Педагогикалық технологиялар:денсаулық,дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,су,құм,қант
Билингвалдық компонент:табиғат природа,су вода,құм песок,қант сахар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Ал,қанекей балалар,
Ортаға жиналындар
II. Негізгі бөлім:
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,суреттердің арасынан күз мезгілінің суретін табамыз.Егер тапсақ сиқырлы қақпа ашылады.
Жұмбақ:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(күн)
Тауда өсер,таста өсер,
Көктем менен жазда өсер.
Қыста өшер.(шөп)
Балалар жұмбақтың жауабын шешіп,күз суретін табады.Мінекей балалар «Табиғат ана»ризашылы ғын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге ашық хат берілген.Ашып көрейік.Бізге сұрақ жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа ашылады.
Балалар табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат және өлі табиғат.Осы топ ішіндегі өлі табиғат ,тірі табиғатты атап шығындар?(балалардың жауабы).Мінекей «күміс қақпада»ашылды.Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатға тәжірибе жасап көрейік.
Алдарындағы суды ішіп көріңдер.Судың дәмі бар ма?(жоқ),иісі бар ма?(жоқ),түсі бар ма?(жоқ,мөлдір)
Енді стақандағы суға қант түйіршігін салып көрейік.Қант қандай күйге енеді?ериді.
Келесі стақанға құм салып көрейік.Құм ериді ме?Құм стақан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.Міне кей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана ризашылығын білдіріп бізге «алтын қақпа»ашты.
Сергіту сәті:Өзен болып гүрілдейміз,
Теңіз болып толқимыз.
Бұлақ болып бұрқылдаймыз,
Ешқашанда сарқылмаймыз.
Тақтадағы суретге назар аудару.Бұтағын сындырған ағаш.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?осылай жасауға бола ма?(балалардың жауабы)толықтыру
Қорытынды:
Бәріміз дос бауырмыз,
Ажырамас іргеміз.
Қиындыққа мойымай
Сау болыңыз дейміз біз!
Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.09.2018 ж
Тәрбиеші: Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Пән:Жаратылыстану,аппликация
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта »
Тақырыбы:Менің айналам,коғалдағы балапан
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Балалардың айналасындағы адмдармен тату болуға тәрбиелеу.
Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
-Дамытушылық: : Балалардың және айналасындағы адамдар арасында қатынастары туралы білімін кеңейту.
Қайшы және қағазбер жұмыс жасау ережелерін нығайту,бұрыштарын қиюды бекіту.Пішіндер мен бөліктерін ұқыпты желімдеуге тәрбиелеу.
-Оқыту: Қоршаған орта ерекшелігі туралы түсінігін айтып беруге үйрету.
Мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,қылқалам,үлгі,түсті қағаз,қайшы,қарандаштар
Билингвалдық компонент:табиғат природа,балапан цыпленок
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды таңымыз,
Жарқырайды күніміз.
Балалар бізге хат келіпті.Кәне оқып көрейік.Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Бұл Әмина әжелерін болады.Мен сендерді ауылға шақырамын.Сендерге ауылдың табиға ты туралы айтып,таныстырамын.
II. Негізгі бөлім:
Балалар автобусға отырып ауылға келеді.Балаларды әже қарсы алды.Әже балаларды ауылдың табиғатымен таныстырды.Ауылда ағаштар,үй жануарлары,үй құстары бар екен.
Ауылдың табиғаты таза болады екен.Өйткені ауылда көліктер аз.Әр үйде бақша бар.Онда көкөністер өсіріледі екен.Енді бәріміз үй құстарының тұратын жеріне барайық.Балалар не көріп тұрсыңдар?(балалар жауап береді)
Үй құстарының қандай пайдасы бар,олардан не алады?
Дұрыс айтасыңдар,жұмыртқа,жүні,етін пайдаланымыз.
Олардан өнім алатын болғандықтан адамдар күтіп,бағады.
Балалар әжелеріне рахмет айтындар.Ол сендердің ауылдың табиғатымен таныстырды ғой.
Енді өз тобымызға барайық.Топға оралу.
Балалар ауылда сендер не көрдіңдер?(балалардың жауабы)
Құстың баласын қалай атаймыз.(балапан)
Әрі қарай жаңағы көрген балапандарымызды еске түсіріп балапан жасап,жапсырамыз.
Жапсыру жолын түсіндіру,көрсету.
Сергіту сәті:Кәне қанат жазайық,
Құс болып ұшып алайық.
Ұшып,ұшып алайық,
Қайта жерге қонайық
Балалар орындарына отырып жұмыс жасайды.
Д.о: «Атын ата»балалар ойынға қатысады.
Табиғат заттарын атау.
Қорытынды: Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.Балалардың жұмысын мадақтау.