СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Экология және медицина. «Жас эколог» сайысы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cтуденттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімін тереңдете түсу, білім алушылардың танымдық қызметін белсендіру.

Просмотр содержимого документа
«Экология және медицина. «Жас эколог» сайысы»

Орал «Мақсат» медициналық колледжі ЖМ








Тәрбиелік шараның жасалымы

Тақырыбы: «Жас эколог» интеллектуалды сайыс.




Дайындаған: Тұрмұханбетова З.М.








Орал қаласы



Тақырыбы: Экология және медицина. «Жас эколог» сайысы

Мақсаты: Cтуденттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімін тереңдете түсу, білім алушылардың танымдық қызметін белсендіру. Білім алушылардың бойына табиғатты аялауға, қорғауға баулу экологиялық білімдерін молайту.

Дамытушылығы: пәнге деген қызығушылығын арттыру, бейнелік ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелілігі: табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Құрметті қонақтар, оқытушылар, студенттер және сайысқа қатысушы топ мүшелері!

«Ел жағалай қонбаса, бетегелі бел ғаріп, қаз- үйрегі болмаса, айдын шалқар көл ғаріп»- деп Асан қайғы бабамыз айтып кеткендей, туған өлкеміздің табиғаты, тыныс тіршілігі және экология мен медицина ғылымдарының байланысын меңгеру мақсатында өткізілгелі отырған экологиялық сайысқа хош келдіңіздер. Ф-21, 23 топтарының аралығында өткізілгелі отырған сайысымыздың әділқазы мүшелерін таныстырайын:


  1. Коцелл С.О - колледж әдіскері

  2. Жанисова Г.К- колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  3. Ракишева Қ.Қ- экология пәнінің оқытушысы.

Сайыс кезеңдері:

І. Таныстыру ( топтың аты эмблемасы, ұраны қорғау)

ІІ. Экологиялық сұрақтар жауап береді

ІІІ. «Атам айтқан даналық сөздер». Қане, кім көп біледі?
Табиғатты қорғауға байланысты мақал- мәтел, тыйым, теңеу сөздер сайысы.

ІV. Топ басшылар сайысы

V. Үй тапсырмасы Семей полигоны мен Азғыр полигонын туралы дайындаған презентациялық тапсырмалары
VІ. «Асыл- тастан шығады, ақыл жастан шығады»
«Егер де мен ........» 2 топқа 2 конверт беріледі. Экологиялық ой толғау жазу тапсырылады. (1 минут уақыт беріледі)
VІІ. Табиғат тақырыбына байланысты өнері (өлең, жыр шумақ)

І- гейм «Бой сергіту»
2 топқа да экологиялық сұрақтар беріледі, қай топ мүшесі бірінші белгіні берсе сол топ жауап береді
Сұрақтар:
1. Экология терминін ғылымға алғаш кім қай жылы енгізді (1866ж, Э.Геккель.)
2. Ерте кезде сабын жасайтын сахарды қай өсімдіктен алған? (Алабота)
3. Экология ғылымының даму кезеңдері?(1-кезең экологияның алғы шарттары 1707-1924, 2-кезең мақсат міндеттері жеке ғылым деңгейі 1924-1980; 3-кезең әлеуметтік саяси –экономикалық нарықтық мәселеелрі 1980-2000)
4 . Экологияның зерттеу әдістері (теоретикалық- жүйелік анализ, модельдеу; эмпирикалық – бақылау, талдау, лабороториялық, далалық , мониторинг )

5. Құс атына байланысты қыздар мен ұлдарға қойылған қандай есімдерді білесіңдер? (Атап бер)
6. Мекен ету ортасы дегеніміз не? (тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың бөлігі)
7. Абиотикалық факторлар деген не?( бейорганикалық табиғаттың тірі ағзаларға тигізетін әсері.)

8. Қазақтың тұңғыш академигі кім?(Қаныш Имантайұлы Сәтбаев)
9. Популяция деген не? (Бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.)
10. Табиғатқа байланысты қандай ақынның өлеңін білесіңдер?

11. Биоценозды зерттейтін экология ғылымы,алғаш ұсынған ғалым,қай жылы ( Биоценология, Мебиус 1877жыл)

12. Түрлік құрылым дегеніміз не?– (Биоценозда түзетін түрлер саны мен олардың биомассасының қатынасы)

13. Доминанттар дегеніміз не? (Саны бойынша басым түрлер.)

14. Кеңістіктік құрылым дегеніміз - (Әртүрлі түрлердің кеңістікте горизон талды немесе вертикалды бағытта таралуы.)


ІІ- гейм Экологиялық өсиет сөздер құран сөздері мен Пайғамбар хадистерін де де кездеседі. Ол өз алдына үлкен тақырыпқа арқау болары анық. Мысалы: құранда « Ертең ақырзаман келетін болса, бүгін шыбық шаншып қал», ал Пайғамбар хадисинде «Кімде- кім табиғатты сүйсе, ол өз- өзіне жақсылық жасағаны» деген тәрбиелік сөздер бар. Әрбір адам табиғатқа жасаған айуандық іс –әрекетінің ерте ме, кешпе әйтеуір бір азабын тартатынын да халқымыз ұлттық ұғымдар арқылы ұғынған. Мысалы:

  • «Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ»;

  • «Ну орманды отаған , қарғыс естір атадан» (Мұзафар Әлімбай) ;

  • «Жас шыбықты сындырған сәби сүймес, жасыл орманды қиратқан ұзақ өмір сүрмес»,

  • «Ағайын арасына шоқ тастаған ағасыз қалар, орман - ішіне шоқ тастаған панасыз қалар» деген ақындардың экологиялық ескерту жыр шумақтары айбынмен айтылған.

Келесі сайыс кезегін «Атам айтқан даналық сөздер» атты сайыс кезегіне береміз. Қане, кім көп біледі?
Табиғатты қорғауға байланысты мақал- мәтел, тыйым, теңеу сөздер сайысы. 2 топ бір- бірімен алма кезек айтысады.

- Жеті жасар бала асырамайды, жеті жылдық ағаш асырайды ( Майқы баба); - Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды;

-Атаңнан мал қалғанша тал қалсын;

- Орман көп болса, олжаң көп;

-Бағбан болсаң бақ өсір , балама деп тағы өсір;

- Ерменді жерде ер өлмейді;

-Жалбызды жерде жан қалады;

-Андыз жеген ат өлмес;

-Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады;

Егер сен ақын болсаң.........

1. Егер мен ақын болсам, елімнің орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.

2. Егер суретші болсаң.....................

Егер суретші болсам туған жерімнің сұлулығын суреттеп көрсетер едім.

3. Орман тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесіңбе?

Ағашты кеспе. Орманды өртеме. Шөпті таптамасуға түкірме

4. Ауаға ,суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе

Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме

ІІІ - гейм
«Жорға жарыс» топ басшылар сайысы.
1 – топқа қойылатын сұрақтар:
1. Экология сөзінің аудармасы. (Үй, тұрақ, мекен)
2. Топырақтану ғылымының негізін салушы.(Докучаев) 
3. Экологиялық зерттеу обьектісінің биологиялық макрожүйелері(популяция, биоценоз, экожүйе).
4. Экологияның «Минимум заңын» кім ашты, маңызы?( 1948ж Ю.Либих; шектеуші факторлар арқылы табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады)
5. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтар. 
6. Атмосфералық ауаның ластану көздері (шаң, өндіріс кешендердің қалдығы, транспорт, өрттен түзілетін газ, вулкандық шаң –тозаңдар).
7. Қазақстанда қанша қорық бар? (9; Ақсу –Жабағалы; Барсакелмес, Қорғалжын, Үстірт, Алматы, Алакөл, Марқакөл, Наурызым, Батыс -Алтай)
8. Форезия деген не? (ұсақ даралардың тасымалдануы) 
9. Биоценоз компоненттері? (фитоценоз, зооценоз,микробиоценоз)
10. Балхаш суының ластағыш заттары(ауыр металдар мен мұнай өнімдері, фенолдар). 

ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1. Ауа қабатында тіршілік ететін ағзалар( атмобионттар).
2. Зоохория деген не? (Жануарлардың өсімдік тұқымдарын, тозаңдарын және спораларын тасымалдауы)
3. Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр? (71).
4. Ең максимальды тереңдік (11022 м Мариан шұңғымасы) .
5. Су айдындарының ластану топтары (биологиялық, химиялық, физикалық).
6. Төзімділік заңы кімнің есімімен аталады, маңызы (Шельфордтың есімі; ағзалардың факторларға деген талғамының шектелуі)
7.Топырақтың ластаушы факторлары (топырақтың азуы, тұздануы, шөлге айналуы, батпақтануы, егістік жерлердің шөлге айналуы ).
8. Дүние жүзіндегі ең үлкен саябақ ( Гренландияда, ауданы 7 млн га).
9. Сукцессиялар деген не ? (Белгілі бір уақытта жердегі бір биоцеоздың (экожүйе нің) екіншісімен алмасуын атайды.(латынша сукцессио – бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу,ауысу деген мағына білдіреді)

10. Продуценттер деген не .(фотосинтез жолдарымен органикалық заттар жасауға қабілетті автотрофты ағзалар)
ІҮ- гейм
«Асыл- тастан шығады, ақыл жастан шығады»
«Егер де мен ........»
2 топқа 2 конверт беріледі. І топқа «Егер де мен ауыл әкімі болсам .......»,

ІІ- топқа «Егер де мен табиғатты қорғау министрі болсам ....» экологиялық ой толғау жазу тапсырылады. 
(1 минут уақыт беріледі)

Ү – гейм Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі –табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселеге айналып отыр, өйткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда. Экология- ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз ол – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Казіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Осындай экологиялық апатты аймақтардың ішінен Семей полигоны мен Азғыр полигонын туралы үйден дайындаған презентациялық тапсырмаларына кезек берейік


«Адасқан терминдер» Ағзалар арасындағы қатынастардың типтері


Нейтрализм – оң да, теріс те зардаптары жоқ бір территорияда екі түрдің бірге тіршілік етуі (мысалы, бұғылар мен тиіндер);

Мутуализм (облигатты симбиоз) – екі ағзаның біреуі немесе екеуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайтындай өзара пайдалы тіршілік етуі (мысалы, шөпқоректі тұяқтылар және целлюлоза ыдыратушы бактериялар);

Комменсализм – бірге тіршілік етуден екі ағзаның біреуіне пайдалы, ал екіншісіне пайдасы да, зияны да жоқ қарым-қатынас;

Жыртқыштық - екі ағзаның біреуі (жыртқыш) екіншісін (жемтік) өлтіріп, қорегіне пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас.

Каннибализм өз түрінің дараларын өлтіріп, қорекке пайдалану нәтижесінде пайда болады;

Паразитизм – паразит өз иесін өлтірмей, ұзақ уақыт бойы тіршілік ортасы және қорек көзі ретінде пайдаланғанда түзілетін қарым-қатынас (вирустар, патогенді бактриялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, паразит құрттар, т.б.);

Бәсеке – ағзалар бір-бірімен қоршаған ортаның бірдей ресурстарына мұқтаждық кезінде таласуынан туындайтын қарым-қатынастар;

Аменсализм – екі ағзаның біреуі екіншісінің тіршілігін бәсендетіп, бірақ өзіне екіншісінен ешқандай теріс әсер байқалмағанда түзілетін қарым-қатынас.

Ноосферадағы тірі және өлі табиғаттың арасындағы өзара қарым-қатынасты 4 заңға біріктірген.

1. Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттың жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстардың қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардыңң бірінде ДДТ ппрепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң, осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса, масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

2. Материя жойылмайды жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез-келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

3. Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

4. Тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Жарық, температура, ылғалдылыққа байланысты ағзалардың келесі экологиялық топтарын бөліп көрсетеміз.

Дене температурасының тұрақтылығана байланысты жануарлар:

А) Пойкилотермді (салқынқандылар);

Ә) Гомойотермді (жылықандылар).

Ылғал режиміне байланысты өсімдіктер:

А) Гигрофиттер (ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);

Ә) Мезофиттер (ылғалы орташа жерлерде өсетін өсімдіктер);

Б) Ксерофиттер (құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер).

Ылғал режиміне байланысты жануарлар:

А) Гигрофилдер (ылғалы мол жерлерде тіршілік ететін жауарлар);

Ә) Мезофилдер (ылғалы орташа жерлерде тіршілік ететін жауарлар);

Б) Ксерофилдер (құрғақ жерлерде тіршілік ететін жауарлар).

Жарыққа байланысты өсімдіктер мынадай экологиялық топтарға жіктеледі:

А) Гелиофиттер (жарығы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);

Ә) Сциофиттер (көлеңке жерлерде өсетін өсімдіктер);

Б) Факультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды өсімдіктер).

ҮІ – гейм «Табиғат саз әлемінде» бөлімінде әнге кезек беріледі. Екі топтың дайындаған өнерлерін тамашалаймыз

Көрермендер көзайымы

Ел ішіндегі ырымдар

Ерте кездердегі адамдар ауа-райының болжамдарын теледидардағы жаңалықтардан қарап біле салу деген мүмкіндік болмағаны бәрімізге мәлім. Әлбетте адамзаттың ертеңгі күнгі ауа-райын білу, қыстың немесе жаздың қалай болатынын алдын ала болжау ынтасы тыйылмаған. Сол ынтазарлық, табиғи құбылыстарды мұқият қадағалап отыруға мәжбүрледі.  Оның нәтижесінде, табиғи құбылыстырдан реттік, бірін-бірі алмастырушылық сияқты заңдылықтарды ертеден аңғарған. Ол табиғи заңдылықтарды зерделеуден пайда болған жиынтық ұғымдар, халықтық ырымдар деп аталады. Ол ырымдардың қолданысы, бүгінгі технологиялық даму заманында бұрынғыға қарағанда бәсеңдеген де шығар. Дегенмен, бүгін де сол ырымдар арқылы ауа-райын болжауға бола ма деген қызығушылық бар.

Көктемгі ырымдар

 ***

Көктемгі ырымдар (көктемге):

- Егерде қайыңнан аққан сөлдің мөлшері көп болса – онда жаз жаңбырлы болады.

- Құстар ұясын күнгей жаққа салса – жаз салқын болады.

- Көктемгі құстар үлкен топпен ұшып келсе - ол көңілді көктемнің белгісі.

- Бөзторғай ұшып келгеннен кейін аяз болмайды.

- Егер көкек қураған ағашта отырып сайраса – аяз болады.

- Ерте көктемде торғайлардың шомылуы – ауа-райының жылынуының белгісі.

- Адамдар үйінің маңына көкқұтан қаптаса – көктем суық болады.

- Егерде наурыз айында тоқылдақ көрінсе, көктемнің келуі созылады.

- Қарлығаштың ойнақтап ұшуы – жылы күннің белгісі.

- Қарлығаш жербауырлап ұшса – жаңбыр жауады деп біліңіз.

- Қараторғайды көрсеңіз – көктем жақын деңіз.

- Тырналар келді – мұз мұрты ойылар.

- Қардың еруі құмырсқа илеуінің оңтүстік жағынан басталса – онда жаз салқын және қысқа болады. Ал егер солтүстік жағынан бастап ерісе – жылы болады.

- Наурыз құрғақ, сәуір ылғал, мамыр салқын – болар онда мол бидай, биік қарқын.

- Ерте көктемде найзағай жарқырағанымен  күркірегені естілмесе – жаз құрғақ болмақ.

- Егер ұшырмадан салбыраған мұз ұзын болса, көктем де созылады.

-  Бірінші найзағай болған кезде оңтүстіктен жел соғып тұрса – көктем жылы, батыстан болса – жаңбырлы, солтүстүктен ессе – суық, шығыстан келсе – жылы және құрғақ болады,  деген ырымдар бар екен.

Наурыз ырымдары

- Наурыз қалай болса, көктем де солай.

- Ерете көктемдегі найзағай – аяздың алдын білдіреді.

- Көктемгі қардың беті бұжыр болса – бидайдың бітік шығатынын, қардың беті тегіс болса бидай

нашар шығатынын білдіреді.

-  Теректің түбіндегі қардың еруі дөңгелек тәрізді болып, жиектері қалың болса – көк тез шығады,

ал жиегі жайылыңқы болса – көктем созылып, көк жәй шығады. 

- Жылқышы құсы ұшып келсе 12 күнен кейін өзен еркін ағатын болады.

- Терек бүршік атып, сырғаланса, жер жылыды деген сөз. Ерте егілетін көк-сөкті отырғыза беруге

болады. 

- Жаңбыр өтсе саңырауқұлақтар қаулып шығады.

- Наурыздың қары (жаңбыры) жарты тыңайтқышпен тең. 

- 14 наурызда Құралай құлпырса  – бүкіл жаз жайнайды. Қалың қар ери бастайды. Ырым бойынша сол күні қар немесе жаңбыр жауса – жаз жаңбырлы болады, керісінше күн шығып тұрса құрғақ, жеңіл жаз болатынын білдіреді.

Алдын ала – ала дайындалған қазақ халқының жылдар бойы жинақталған білімдерін пайдаланып, ауа райын болжай білу белгілерімен таныстыру:

Ауа райын болжау.

  • Құстар ұясын ағаштың күнгей жағына салса, жаз салқын болады.

  • Кемпір қосақ жасылдана түссе- жаңбыр ұзақ жауады, алқызғылт түс көбейе түссе жаңбыр басылады.

  • Күн ұясына қызарып батса, ертеңіне күн жылы болады.

  • Құстардың жүні үрписе, ауа райы бұзылады. Ұшып келген құстар көпке дейін шырылдаса, күн салқын болмақ.

  • Егер күзде ағаш жапырақтары тез түссе, келер қыстың қатты болатыны.

  • Алғашқы тамшылар ірі болса, жаңбыр ұзаққа бармайды.

  • Жер бауырлай шапшаң көшкен қара бұлт, ұзақ жаңбырға көрінеді.

  • Мал арқасын қай жаққа салып жатса, жел сол жақтан соғады.

Қорытындылау ( әділқазылар алқасына сөз беріледі)

Марапаттау

Сабақ соңын табиғатқа байланысты сөйлемдерді пайдалана отырып, тілек сөздермен аяқтайын: Бұлақтай мөлдір таза бол!

Жұлдызың жарық болсын!

Айың оңыннан тусын!

Көңілің көлдей шалқысын!

Гүлдей жайнап, Таудай талап бер!