СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Экологиялық пост

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Табиғат бұрышына қамқорлықты тәрбиелеу; бөлме өсімдіктерін өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру..

Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Бөлме гүлдері жайлы әңгімелесу

Просмотр содержимого документа
«Экологиялық пост»

«Әлеумет» білім беру саласының экология негіздері ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Жасы:(3-4) Екінші кіші «Балдаурен» тобы

Тәрбиеші: Исмакова Б

Күні: 19.05.2017.

Тақырыбы: Экологиялық пост

Мақсаты: Табиғат бұрышына қамқорлықты тәрбиелеу; бөлме өсімдіктерін өсіруге, оларды күтіп баптауға талпындыру..

Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Бөлме гүлдері жайлы әңгімелесу

Сөздік жұмыс: Бөлме өсімдіктері, фикус және бегония, тамыры, сабағы, жапырағы

Дидактикалық құралдар: Бөлме гүлдері суреттері, қоян

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, табиғат бұрышынан білуге құмар Қоянның хатын тауып алдым. Ол хатында бөлме өсімдіктерін жақсы көретінін, бірақ оны қалай күту керектігін білмейтінін айтыпты. 

Балалар Қоянның хатымен танысады. Тәрбиешіні мұқият тың дап отырады, қызығушылық білдіреді

Ұйымдастырушы лық ізденушілік

‑Олай болса, Қоянға біздің бөлмедегі өсімдіктерді көрсетіп, оны қалай күту керектігін үйретейік.

‑Қоян қарашы, біздің топта бөлме өсімдіктері қандай көп. Балалар, осы өсімдіктердің атын атап көрейікші.

‑Балалар, өсімдіктердің бәріне ортақ ұқсастықты айтып беріңдерші.

‑Олардың бір‑бірінен қандай айырмашылығы бар?



Бөлме өсімдігі сөзін түсіндіру.

  Енді – Қоянға өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеп беріңдер.

  ‑Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, су ішеді?

   ‑Ал, ауамен қалай демалады?

 ‑Жарайсыңдар балалар, Қоянға көп нәрсе айтып бердіңдер.

  Сергіту сәті:

‑Өсімдіктер алғаш өнген кезде қандай болады?

‑Қалай өседі?

‑Жапырағын қалай жаяды?

‑Гүлдері қайда өседі?

‑Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді?

 ‑Балалар, енді Қоянға өсімдіктерді қалай күту керек екендігін көрсетейік.

‑Өсімдік жақсы өсу үшін не керек?

  Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық.

1.Топырақты таяқшамен қопсытамыз.

2.Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз.

3.Су құямыз.

4.Жапырақтарына су бүркеміз.

  Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күтім жұмысын қалай орындау керек?

‑Жарайсыңдар балалар,! Сендер Қоянға өсімдіктерді күтуді үйреттіңдер. Енді ол да өсімдіктер өсіретін болады.

 ‑Ал, енді олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады?

 Ойын: «Кім гүлді тез жинайды?»


Балалар тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктердің атауларын атап шығады: бегония, бальзами, герань, т.б.




‑Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар.


‑Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке.

 ‑Өсімдіктер өседі, су ішеді, ауамен демалады, өсуін тоқтатады.

 

‑Ол тамыры арқылы топырақтан суды өзіне тартады. Жапырағы арқылы демалады.

 

 Балалар отырады.


‑Жайлап көтеріледі.

‑Қолдарын екі жағына жаяды.

‑Қолдарын жоғары созады.

‑Қолдарымен бастарын жабады.

  Балалар алжапқыштарын киеді, қолдарына таяқшаларын, су сепкіштерін алады.

‑Өсімдік жақсы өсу үшін ауа, жарық керек. Балалар екі‑үштен бірігіп, топтағы өсімдіктердің топырағын қопсытып, су құяды.

 

 

 

  


Сұрақтарға өз тараптарынан жауап береді.

 

 

 


Өйткені ол бөлмеде өсіріледі.

  Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Рефлексивті-түзеуші

‑Балалар, алдарыңда әдемі құмыралардың суреті тұр. Осы құмыраларға гүлдер өсіруіміз керек. Мен жақсы музыка қоямын, музыканың көмегімен әдемі гүлдердің өсуіне көмектесіңдер.

  Қоян балаларға алғысын айтып, қоштасады. 

Балалар құмыраға өздері қалаған гүлдің суретін салады. Олар гүлдерін Қоянға сыйлайды. 

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасауды;

Түсінеді: Өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын, өсімдіктердің өсуі үшін ауа, жарық, жылу, судың қажет екендігін;

Қолданады: Бөлме өсімдіктерін өсіруге, оларды күтіп баптауды;