Үй тапсырмасын сұрау
Мақал-мәтелдер айту.
Болжау
1991-2021 жылдар
Сабақтың тақырыбы:
Ел тарихы –ұлттық құндылық
Оқу мақсаттары:
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу;
Сабақтың мақсаттары:
- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады;
- мәтінде көтерілген мәселеге байланысты нақтылау сұрақтарын құрастырады
- бірге, бөлек жазылатын сөздерді таба алады
Бағалау критерийлері:
- мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, көтерілген мәселеге арналған нақтылау сұрақтарын құрастырады;
- бірге, бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай қолдана алады.
Бағалау парақшасын толтырамыз
Үй жұмысы[2]
2-тапсырма
Мәтінге тақырып қою[1]
Негізгі ақпарат[2]
Қосымша ақпарат[2]
3-тапсырма
Кластер жасау[4]
Сергіту сәті
4-тапсырма. Бірге, бөлек жазылатын сөздер[4]
Барлығы 15 балл
1-тапсырма. Оқылым
Мәтінді оқы
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 30 жылдың ішінде тәуелсіз Қазақ еліміздің жетістіктері қаншама.
Тарихты еске түсірсек:
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» қабылданды.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты.
1994 жылы Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезім кернейді. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтуы тиіс.
2-тапсырма
Мәтінге тақырып қоямыз[1]
______________________________________
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтаймыз.[4]
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.
1.
2.
2.
Дескриптор:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді
Мәтінге тақырып қояды.
Мәтіндегі ақпаратты ажыратады.
Өз жауабыңды тексер!
1. Мәтіннің тақырыбы:
Тәуелсіздік жетістіктері (Оқушы жауабы ескеріледі)
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.Тәуелсіздік –құндылық
1.Жылдар, Мемлекеттік рәміздер
2.Тәуелсіздік жетістігі
2.Ұлттық валюта, Т.Мұсабаев
3-тапсырма
Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып кластер жаса. [4]
1991 жыл 16 желтоқсан
Өзіңді тексер!
1992 мемлекеттік рәміздер
Ұлттық құндылық
Т.Мұсабаев
30 жыл
Ұлттық валюта
Астана
Н.Ә.Назарбаев
4-тапсырма.
Мәтіннен бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздерді теріп жазыңыз.[4]
Бірге жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Дескриптор:
Бірге жазылатын сөздерді табады
Бөлек жазылатын сөздерді ажыратады.
4-тапсырма.
Өзіңді тексер![4]
Бірге жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Осылай, атақ, тұсаукесер, өскен, дастархан.
туған ел, ана тіл, сан ғасыр, тұңғыш рет, төрт түлігі т.б (оқушы жауабы ескеріледі)
Дескриптор:
Бірге жазылатын сөздерді табады
Бөлек жазылатын сөздерді ажыратады.
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі.
- Бас бармақ – неден қиналдыңыз?
- Балан үйрек – кімге көмектестіңіз?
- Ортан терек – бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
- Шылдыр шүмек –не үйрендіңіз?
- Кішкене бөбек –қандай жетістікке жеттіңіз?
Үйге тапсырма:
5-тапсырма 33-бет, кестеде берілген сөздерді қолданып сөйлем құрастырамыз.