«БЕКІТЕМІН»
Ақтау қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 «Балдәурен»
бөбекжайы МКҚК директоры
______________ З. Тұрлан
«____» __________ 2018ж
«Елбасымен ел бақытты»
мерекелік іс - шара
Құттықтау сөз бөбекжайымыздың директоры Зейнет .Тұрланқызына беріледі. Жүргізуші:
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі – Әнұран.
Сезім биігі,
Төзім нығы – Әнұран.
Әннің асылы,
Ұранның басшысы –Әнұран .
(Теледидардан Елбасының өмірінен слайд көрсету).
Мейрлан:
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Келеді саған ұқсағым.
Әрқашан сізді сыйлаймын,
Үлгінді алға ұстадым.
Зере:
Әбішұлы Нұрсұлтан
Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң
Барлық бала Елбасын жақсы көреміз,
Есімі оның мына бізге шын мақтан!
Аяулым:
Бар үмітін Елбасына арнаған.
Бүгін міне сол үміттер ақталып,
Орындалды алдан күткен ақ арман!
Жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ домбыра – деп Қыдыр атамыз жырлағандай , келесі кезекте «Домбыра биін» тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасның есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен – дей келе балаларымыздың жыр шумақтарына кезек берейік.
Абдурахим:
Елтаңба төрде әлемге танылды анық.
Шырқадың әнұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр,
Жылдарымыз жайдарлы.
(Музыка әуенімен ортаға Алтын адам кіреді)
- Еліміздің тұңғыш президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)
- Еліміздің рәміздерін ата?(Елтаңба,Ту,Әнұран)
- Біздің ұлтымыз ?(Қазақ)
- Бас қаламыз қалай аталады?(Астана қаласы)
(Балалар сұрақтарға жауап береді)
- Жарайсыздар, балалар! Сендер өте білімді, алғыр екенсіңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңді бәріміз бірге тамашалайық.
Жүргізуші:
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болсын-болсын әр алып,
Адамдықтың аласармас үлгісі.
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне,
Әсем әнді шырқата бір салалық. – дей келе «Мен Қазақтың қызымын» әнімен Аманжол Аяулымды қарсы алыңыздар!
Елім айтқан «Ер көтерер ел даңқың» Президентім, аман болғай, Елбасы, Мәңгі жаса, мәңгі жаса, өр халқым- дей келе Нұрасыл мен Асқарды «Батырлар биімен» қарсы алыңыздар.
Желбіреген туы бар,
Отаным - Қазақстан Егеменді елі бар.
Еліміздің болашағы - бүгінгі бүлдіршіндеріміз аман болсын!
Елімізде тыныштық болып, Отанымыз көркейе берсін! Бүгінгі «Елбасымен ел бақытты» атты мерекелік іс – шараны жабық деп жариялаймыз! Сау саламатта болыңыздар!
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК
«Елбасымен ел бақытты»
мерекелік іс - шара
Орындаған: Тангибаева А.К.
Ақтау 2018ж