«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №14 бөбекжай-бақшасы» МКҚК.

(Мектепке дейінгі мекемелердің ересектер тобы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу әдістемелік кешен)
Құрастырғандар: №14 бөбекжай бақшасының тәрбиешілері
Н.Ж.Байдрахманова А.Ж.Байдрахман
2015 жыл
ББК
УДК
Рецензент:
Ш.С. Демисенова - Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология кафедрасының аға оқытушысы, Қостанай қаласы.
Құрастырғандар:
Н.Ж.Байдрахманова, А.Ж.Байдрахман
«Үйренеміз еңбекке» оқу әдістемелік кешен. – Қостанай қаласы, 2015 ж. – 86 б.
ISBN
Әдістемелік кешен өз құрамында бағдарлама, ұстаздарға арналып жасалған технологиялық карталар жинақтамасы (34 дана) және оқушыларға арналаған жұмыс дәптерінен тұрады.
Әдістемелік кешенде күзгі еңбек түрлері,табиғи материалдармен, қатырмақағазбен жұмыс,оригама құрастыру,сәндік қолданбалы өнер, ұлттық бұйымдар тақырыптары қамтылған.
Кіші жастағы балалардың техника мен шеберліктерін дамыту, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу мен үйретуде жан-жақты еңбекке баулудың қызықты әлемімен таныстырады. Балалар бойындағы шеберліктерін ашу және оны дамытуға арналған түрлі тапсырмалар мен өзіндік жұмыстар еңбекке жүйелі қатыстыру, еңбек етуге деген ынтасын оятып қалыптастыруда көмектеседі.
Типтік оқу бағдарламасына сай оқу әдістемелік кешен мектепке дейінгі мекемелердің ересек топтарымен бастауыш сынып оқушыларына арналып жасалынған.
Кіріспе
Оқу әдістемелік кешен «Үйренеміз еңбекке» (вариативті компонент) мектепке дейінгі мекемелердің ересектер тобымен бастауыш сынып оқушыларына арналаған
Қостанай, 2015ж.
Құрастырғандар: Н.Ж Байдрахманова, А.Ж.Байдрахман
«Үйренеміз еңбекке» атты оқу әдістемелік кешен өз құрамына:
Бағдарлама
Ұстаздарға арналған сабақтар үлгілерінің жинақтамасы
Жұмыс дәптері, балалардың білімді тереңірек игеруіне көмектеседі.
Типтік оқу бағдарламасына сай мектепке дейінгі мекемелердің ересек топтарымен бастауыш сынып оқушыларына вариативтік бөлімі балаларды еңбекке жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын оятып қалыптастыруда көмектеседі.
Түсінік хат.
«Үйренеміз еңбекке» атты оқу әдістемелік кешені мектепке дейінгі мекемелердің ересектер тобына жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалған. Әдістемелік кешен бағдарламасы және тәрбиешілерге арналып жасалған технологиялық карталар жинақтамасы және оқушыларға арналаған жұмыс дәптерінен түрады. Аптасына бір рет өткізіледі. Оқу жылында барлығы – 34 сағат.
Бұл оқу әдістемелік кешеннің мақсаты: жалпы оқушылардың техника мен шеберліктерін дамыту, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың жан-жақты еңбекке баулудың қызықты әлемімен таныстыра отырып, оқушылардың бойындағы шеберліктерін ашу және оны дамыту.
Оқушыларды еңбекке баулу – адам дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.
Бағдарламада күзгі еңбек түрлері,табиғи материалдармен,қатырмақағазбен жұмыс,оригама құрастыру,сәндік қолданбалы өнер, ұлттық бұйымдар тақырыптары қамтылған.
Берілетін тапсырмалар оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар еңбекке баулу мен қатар, алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының ұжыммен және жеке жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Сабақ барысында бекіту, қорыту ретінде тірек сызбалар, Инсерт, диаграмма т.б ұсынылып, оқушының өтілген тақырыпты игеруін, пысықтауын, ой қорытуын жеңілдетеді. Балаларды еңбекке баулу шыдымдылықты, ұқыптылықты және еңбексүйгіштікті талап етеді.
Бұл бағдарлама оқу материалын есепке алынып жасалынды. Ұсынылып отырған бағдарлама мектепке дейінгі мекемелерінің ересектер тобы және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында қолдануға тиімді болатыны сөзсіз.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаттар:
сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту;
қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту
адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.
Міндеттер:
ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;
жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;
өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;
оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;
ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Бағдарламаны оқу білудегі білім, білік дағдысы
Білу керек:
еңбек сабағына қажетті құралдар мен материалдардың атауын;
күзгі еңбек түрлері мен өсідіктерді күту туралы;
қазақтың ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары туралы қысқаша мағлұматты;
пайдаланатын материалдардың қасиеттерін анықтауды;
қайшы және инемен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын;
жіптен, баудан жасалатын заттар туралы;
сызба үшін қолданылатын құралдарын атауларын;
табиғи материалдардан қарапайым бұйымдар жасауды;
ермексаздан түрлі мүсіндеме жасауды, оның жасалу жолдарын;
үлгі бойынша қағаздан түрлі ойыншықтар, аппликация құрастыруды.
қағаздан аппликация құрастыруды;
үлгі бойынша қағаздан сәндік бұйымдар жасауды;
ермексаздан сурет-сызба бойынша сомдауды меңгеруі қажет;
табиғи материалдарды таңдауды және үлгі бойынша құрастыруды.
Қолдана алу:
Еңбек құралдарын қайшы, біз, ине, жіп т.б пайдалануды (қауіпсіздікті сақтай отырып );
Ермексазды бұйымдар жасауда қолдана алу;
Табиғи материалдарды дұрыс таңдап қолдану;
Қатырмақағазды сәндік бұйымдар жасауда;
Күтілетін нәтиже:
Нәтижесінде табиғи материалдармен жұмыс жасауды;
кептірілген өсімдіктерден панно жасауды меңгеруі қажет.
қатырма қағаз, мата, фольга, ермексаз, пластмасса немесе шыны бөтелкесі, түймелер, жіп, ұсақ моншақтардан тоқылатын бұйымдар, бағдарлама көлемінде берілген басқа да түрлі заттар жасауды;
Өз беттерінше жеке сәндік заттар, түрлі бұйымдарды қағаздан, материлдардан т.б құрастыруды меңгеретін болады.
Бағдарламаның мазмұны:
Күзгі еңбек түрлері (3 сағ) Күзгі еңбек түрлерімен таныстыра отырып,сәндік өсімдіктер тұқымын жинау және бөлме өсімдіктерін көбейтуді үйренеді.
Табиғи материалдармен жұмыс (13 сағ) Табиғи материалдармен түрлі жұмыстар жасалады. Өсімдіктерді кептіру, олардан түрлі пішіндер жапсырмалау. Сабанмен танысу, аппликация жасау. Емен ағашы материалынан түрлі бұйымдар жасау. Мысалы,бағдаршам, адам бейнесін құрастыру жұмыстары ұсынылады.
Қатырмақағазбен жұмыс (2сағ) Қатырмақағазбен жұмыс түрлерін таныстыра отырып, ұшақ бейнесін құрастыруға үйрету;
Оригама құрастыру. (4 сағ) Қағаздан түрлі пішіндерді құрбақа, күшік, мысық, қарға бүктеу арқылы жасау;
Сәндік қолданбалы қолөнер (12 сағ).Ұлттық бұйымдар туралы түсініктер бере отырып сәукеле, кестелі тақия тігуді үйрету; Түрлі материалдардан ермексаздан, металдан т.б. ұлттық ыдыстарды жасауға баулу;
Шығармашылық тапсырма (1 сағ); Балалардың шығамашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз беттерінше жұмыс жасай білуге баулу.
Бағдарламаны оқытудағы күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
№ | Өтілетін тақырыптар | Сағат саны | Мерзімі |
І. | Күзгі еңбек түрлері | 3 сағат | |
1 | Адам және өсімдіктер. Адамдардың күзгі еңбегі. | 1 | 3,09 |
2 | Сәндік өсімдіктер тұқымын жинау. | 1 | 10.09 |
3 | Бөлме өсімдіктерін көбейту. | 1 | 17.09 |
ІІ. | Табиғи материалдармен жұмыс. | 13 сағат | |
4 | Табиғи материалдармен жұмыс. | 1 | 24.09 |
5 | Ағаштан алынатын табиғи материалдардың түрлері. | 1 | 1.10 |
6 | Өсімдіктерді кептіру | 1 | 8.10 |
7 | Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау. | 1 | 15.10 |
8 | Өсімдік дәндерімен танысу. | 1 | 22.10 |
9 | Үйеңкі ағашының қанатжемісінен пішін құрастыру. | 1 | 29.10 |
10 | Сабан туралы түсінік. | 1 | 12.11 |
11 | Сабаннан аппликация жасау. | 1 | 19.11 |
12 | Емен ағашы туралы түсінік. | 1 | 26.11 |
13 | Емен ағашы материалынан бұйымдар құрастыру. | 1 | 3.12 |
14 | Табиғи материалдарды өңдеуде бізді қолдану. | 1 | 10.12 |
15 | Шыбықтан гүлкөмбеге қоршау дайындау. | 1 | 14.12 |
16 | Желкенді сал жасау. | 1 | 24.12 |
ІІІ. | Қатырмақағазбен жұмыс. | 2 сағат | |
17 | Қатырмақағазбен жұмыс. | 1 | 14.01 |
18 | Қатырмақағаздан ұшақтың үлгісін жасау. | 1 | 21.01 |
ІV. | Оригами құрастыру. | 4 сағат | |
19 | Қағаздан бүктеу арқылы құрбақа пішінін жасау | 1 | 28.01 |
20 | Қағаздан бүктеу арқылы күшік пішішін жасау | 1 | 4.02 |
21 | Қағаздан бүктеу арқылы мысық пшінін жасау. | 1 | 12.02 |
22 | Қағаздан қарға пішінін жасау. | 1 | 18.02 |
V. | Сәндік қолданбалы өнер. | 12 сағат | |
| V.І. Ұлттық баскиімдер | 3 сағат | |
23 | Ұлттық баскиімдер. Сәукеле тігу. | 1 | 25.02 |
24 | Кестелі тақия тігу. | 1 | 4.03 |
25 | Жазық бетте жіпті керу. | 1 | 11.03 |
| V.ІІ. Ұлттық ыдыстар. | 9 сағат | |
26 | Ермексаздан ұлттық ыдыстар жасау. | 1 | 18.03 |
27 | Ыдыс аяқ түрлері. | 1 | 8.04 |
28 | Астау жасау. | 1 | 15.04 |
29 | Күбі жасау. | 1 | 22.04 |
30 | Металдан жасалатын ыдыстар. Құман жасау. | 1 | 29.04 |
31 | Келі-келсап жасау. | 1 | 6.05 |
32-33 | Шәйнек жасау. Папье-Машье. | 2 | 13.05 |
34 | Шығармашылық жұмыс. | 1 | 20.05 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.Р.Білім беру стандарты. 2013 ж.
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Еңбекке баулу 4-сынып оқулығы. Әдістемелігімен Жолдасбекова С.А.2011 ж
Еңбекке баулу 2 сынып оқулығы. Әдістемелігімен Жолдасбекова С.А. 2011 ж
Бастауыш сыныптарда оқыту.Әдістемелік журналдар топтамасы 2008-2012жж
«Отбасы және балабақша» 2009-2014жж, ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ҚАРАЛДЫ:
«Глазунов орта мектебі» ММ Оқу-тәрбие ісі жөніндегі ӘБ отырысының
пед.кеңестің шешімі мектеп басшысынның хаттамасы № 1
орынбасары: ӘБ жетекшісі:
мектеп басшысы: Рағат Қ.Қ. Сарбаева А.Ә Арыстанбек Т.Б.
___________ ____________ ____________
«___» ___2016ж «___» ___2016ж «___» ___2016ж
«Үйренеміз еңбекке»
Таңдау сабақ бағдарламасы
«Б» сынып
Мұғалімі: Арыстанбек Т.Б.
Еңбек өтілі:
Санаты: