Баяндама
Тақырыбы: Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
Орындаған:
2020 ж.
Электронды оқулық - бұл әртүрлі басқару аймағын экономикалық және басқа кәсіптік оптимизациялау үшін араластырылған желілік, компьютерлік және коммуникациялық технологиялар шенінде автоматтандырылған дайындықты қамтамасыз етуге арналған адам-машина жүйесі. Автоматтандырылған электрондық жүйені құру экономикалық обьект өндірісінің өсуіне негіз болады және басқару сапасын қамтамасыз етеді. Электронды оқулық жүйенің ең көп тиімділігіне оперативті шешімдерді тез қабылдайтын фирмалар мен бөліктерін, кәсіпорынынң жұмыс жоспарын оптимизациялау арқылы жетуге болады. Сондықтан басқару процесі обьектінің құрылымдық - динамикалық қасиеттерін көрсететін экономика-өнеркәсіптік моделіне негізделіп, автоматтандырылған электрондық жүйе талабына сай іске асырылады.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар тобын көрсетуге болады:
Техникалық - тұтыншылар аясын кеңейту үшін электронды оқулықты пайдаланушының аппараттық бағдарламалық кешеніне талап қоймауы қажет.
Технологиялық - электронды оқулық технологиясы жалпыға ашық,бейімделгіш,жан-жақты әрі перспективті болуы қажет.
Психологиялық - электрноды оқулық адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әрбірінің жеке түріне бейімделуі қажет
Даму және қолдау - электронды оқулық модульдік принципте құрылуы, тораптанған навигация жүйесі болуы керек.
Мазмұны және құрылымы - электронды оқулық құрылымы иерархиялы, интуитивті түсінікті,кеңейтуге иәілгіш болуы қажет.
Экономикалық – электронды оқулық өзіндік бағасы ның, оны қолдану бағасы жалпыға қол жететін технологияның арзан болуы қажет.
Қолданушылар талабы – электронды оқулық иілгіш, түсінікті, мазмұнды, бағасы арзан әрі офистік пакеттер мен қосылатын болуы қажет.
Жан-жақтылығы.
Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.
Оқу элементтерiн үйренушiнiң бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын қалыптастыру деңгейiне сай анықтау.
Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.
Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып, сабақтар) аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.
электрондық сөздiк-анықтаманы (глоссарий) дайындау.
Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.
Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде – жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу).
Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.
Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды дайындау.
10. Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиялық лабораториялардың мамандары (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.
Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:
1. Жинақтылық
2. Жүйелілік
3. Эстетикалық көркемділігі
4. Жылдамдылығы
Электронды оқулық құрылымы:
1. Материалдыі мәтін, сурет,график, кескін, кесте түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы- оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.