Әдістемелік куәлік
Луллий шеңбері дидактикалық ойынның атауы: «Орманда, ауылда»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Жабайы аңдарды мен үй жануарларды ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 3-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Орман (ағаштар, шыршалар), ауыл (үйлер) суреттері, үй жануарлардың және жабайы аңдардың муляждары, суреттері.
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің үстінде әр түрлі суреттер немесе муляждар (аңдар, үй жануарлар) тұрады, олардың қайда өмір сүретіні сұралады, луллий шеңбері ортасынан сызықпен бөлініп тұрады, сызықтын он жағына (кішкентай шеңберде үйдің бейнесі тұрады) үй жануарларың орналастырамыз, ал сол жағына (кішкентай шеңберде орманның бейнесі тұрады)жабайы аңдарды орналастырамыз. Олардың немен қоректенетінін айтқызады.
Ықтимал күрделендіру: Олар туралы балалардың білетін тақпақ, жұмбақтарын айтқызады.
Ойынның нұсқаулары: «Бір сөзбен ата?» деген тақырыпқа балалар сюжеттік суретке қарап, әңгіме құрап айтады.
Әдістемелік куәлік
Луллий шеңбері дидактикалық ойынның атауы: «1-5-ке дейін санау»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Заттарды атап, сандармен сәйкестендіріп қоюға үйрету.
Міндеттері: 1-5-ке дейінгі сандарды атауға, санауға жаттықтыру. Ойын арқылы заттар туралы білімдерін бекіту.Балалардың логикалық ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру зейін қабылау процесстерін бекіту.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Әртүрлі заттардың суреттері, жемістермен көкөністердің муляждары
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің ортасында луллий шеңбері тұрады, бес бөлікке бөлінген, кішкентай үстінгі шеңберде 1-5-ке дейін сандар орналасқан. Үстелдің үстінде әр түрлі үлкен және кішкентай заттар жатыр.
Мысалы: Кішкентай шеңберде 1 саны тұр, орташа шеңберге бір кішкентай шырша қояды, үлкен шеңберге бір үлкен шырша қояды.
Сұрақтар қояды:
Қай сан жазылып тұр?
Орташа шеңберде не тұр?
Неше кішкентай шырша?
Үлкен шеңберде не тұр?
Неше үлкен шырша?
Ықтимал күрделендіру: Сандар туралы тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: Әр түрлі заттарды санауға, логикалық есептер шығару.
Әдістемелік куәлік
Луллий шеңбері дидактикалық ойынның атауы: «Бақшада, бау-бақшада»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.
Қай жасқа арналған: 3-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Бақша, бау – бақша бейнеленген үлкен картиналар, муляждар.
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің үстінде әр түрлі суреттер немесе муляждар (көкөністердің, жемістердің) тұрады, олар қайда өсетінін сұралады, луллий шеңбері ортасынан сызықпен бөлініп тұрады, сызықтын он жағына (кішкентай шеңберде бақшаның суреті тұрады) жемістерді орналастырамыз, ал сол жағына (кішкентай шеңберде бау – бақшаның суреті тұрады)көкөністерді орналастырамыз.
Мысалы: Бала шеңберге алманы қойып , пішінін, түсін, дәмін, және қасиеттерін айтады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: «Ненің дәмі?» деген дидактикалық ойын ойнау.
Әдістемелік куәлік
Луллий шеңбері дидактикалық ойынның атауы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Мамандықтарды ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал – мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын терендетіп , қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: ойыншықтар (құрал- саймандар, ыдыстар, оқу құралдар), әр түрлі суреттер мамандықтардың бейнесімен.
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің үстінде әр түрлі суреттер, ойыншықтар жатады, үстелдің ортасында луллий шеңбері тұрады, бес бөлікке бөлінген, кішкентай үстінгі шеңберге әр бір бөлікке, балалар мамандықтардың суреттерін орналастырады.
Мысалы: Кішкентай шеңберде дәрігердің суреті тұр, орташа шеңберге балалар бинт
(дәрігерге қажет заттарды) қояды, үлкен шеңберге балалар, дәрігер емдеген суреттін қояды.
Сұрақтар қояды:
Балаларға бұл адамдар не істейтінін айтып беру ұсынылады:
- Кім тамақ әзірлейді?
- Кім балаларды оқытады?
- Кім үй тұрғызады?
- Кім киім тігеді?
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: «Кім болғын келеді?» деген тақырыпта балалар сюжеттік суретке қарап, әңгіме құрап айтады.
Әдістемелік куәлік
Луллий шеңбері дидактикалық ойынның атауы: «Ертегілер әлемінде»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
Міндеттері: Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық шеберліктерін арттыру. Ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Ойыншық кейіпкерлерді пайдалануға болады.
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің ортасында луллий шеңбері тұрады, бес бөлікке бөлінген, үлкен шеңберге балалар ертегінің кейіпкерін қояды. Мысалы: Алдар Көсе, орташа шеңберге тақияны немесе домбраны қояды.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешуін табу.
Ойынның нұсқаулары: «Рет –ретімен қой» дидактикалық ойынды пайдаланып, ертегін құруға болады.
Әдістемелік куәлік
Сіріңке қораптарынан ойынның атауы: «Төлдерін тап»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Үй жануарларды, олардың төлдерін ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Балалардың өз бетінше ойлау және белсенділіктерін, сөздік қорларын, тілдерін дамыту.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Сиқырлы қорап
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: сіріңке қорабының сыртында үй жануарларының суреті берілген, ішінде төлдерінің суреті жапсырылған.Қораптағы суретке қарап, төлдерін табуды ұсынады.
Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: «Не қалай дыбыстайды?» деген тақырыпқа, әуенді тыңдап суретті көрсетеді..
Әдістемелік куәлік
Сіріңке қораптарынан ойынның атауы «Не не жейді?»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Баланың зейінін арттырып, логикалық дамуына әсер етеді.
Міндеттері:
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Сиқырлы дорба
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: сіріңке қорабының сыртында аңдар немесе үй жануарлары бейнеленген ішінде жейтін тамағы көрсетілген. Сол аңдар немесе үй жануарларын атап, сипаттап, не жейтінін айтуды ұсынылады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: «Қай аң?» суретке қарап, аңдарды ажырату.
Әдістемелік куәлік
Сіріңке қораптарынан ойынның атауы: «Көлеңкесінен таны»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Үй жануарларын ажыратуға үйрету.
Міндеттері: Балаларға жануарларды қөлеңкесінен табуға үйрету. Жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оянып, оларға қамқор жасауға тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Сиқырлы қорап
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: сіріңке қорабының сыртында аңдар немесе үй жануарлары бейнеленген ішінде олардың көлеңкесі көрсетілген.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: Жабайы аңдар мен үй жануарлар туралы әңгіме құрап айтады.
Әдістемелік куәлік
Сіріңке қораптарынан ойынның атауы: «Мақта қыз бен мысық»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Балаларды қазақ ертегілерімен таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері: Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру.Сөздік қорларын дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар:Сиқырлы қорап
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: сіріңке қорабының сыртында қазақ ертегілердің кейіпкерлері бейнеленген ішінде оларға қажет заттар көрсетілген.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешу.
Ойынның нұсқаулары: «Рет –ретімен қой» ойын арқылы әңгіме құрастыру.
Әдістемелік куәлік
Қыстырғышпен ойынның атауы: «Бағдаршамның көздерін орналастыр»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Міндеттері: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: ағаштардың, үйлердің макеттері
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:тәрбиеші жұмбақ жасырып отырады, балалар жұмбақтарды мұқият тыңдап, түске байланысты қыстырғыштарды орналастырады. Мысалы:қызыл қыстырғышты қызыл көзге қыстырады, сары қыстырғышты сары көзге қыстырады, жасыл қыстырғышты жасыл көзге қыстырады
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары: Тақпақты құрастырады.
Әдістемелік куәлік
Қыстырғышпен ойынның атауы: «Бұл киімді қашан киеміз?»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:Жыл мезгілі ауысқан сайын киім ауыстыру керек екенін үйрету.
Міндеттері: Әр киімді атымен атауға үйрету, сөздік қорларын байыту, достық қарым- қатынастарына тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар:жыл мезгілдеріне байланысты киімдер
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:балалардың алдарында үстелдің үстінде төрт жыл мезгілдердің суреттері жатыр, әрбір бала өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды, тәрелкеде жатқан әртүрлі киімдердің ішінен, киімді өзінің жыл мезгіліне байланысты таңдап қыстырады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, мақал - мәтелдер, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары:
Әдістемелік куәлік
Қыстырғышпен ойынның атауы: «Р» дыбысы бар суретті тап»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты: Сөзден «Р» дыбысының орнын тез таба білуге үйрету.
Міндеттері: Балаларды зейінді болуға үйрету, жылдамдыққа, тпапқырлыққа баулу, достыққа, қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар:Сиқырлы дорба
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: балалардың алдыңда әртүрлі карточкалар жатады, тәрелкеде қыстырғыштар жатады, әр бір карточкада төрт зат бейнеленген, балалар суреттерге мұқият қарап, қай затта «Р» дыбысы бар соған қыстырғышты қыстырады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, артикуляциялық жаттығу тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары:
Әдістемелік куәлік
Қыстырғышпен ойынның атауы: «Бақшада, баубақшада»
Білім беру салалары: «Қатынас», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Міндеттері: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.
Қай жасқа арналған: 4-5 жасқа
Ойыншылар саны: 6-8 бала
Өткізілетін орны: Топ бөлмесі
Қосымша жабдықтар: Бакша мен баубақшаның макеттері
Дидактикалық ойынды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: Үстелдің үстінде тәрелкелерде көкөністермен жемістердің суреттері жатады, балалар суреттерді алып, жемістерді бақшаға қыстырады, ал көкөністерді баубақшаға қыстырады.
Ықтимал күрделендіру: Жұмбақтар шешіп, жанылтпаштар, тақпақ айтқызу.
Ойынның нұсқаулары:Жемістермен көкөністер туралы тақпақтарды құрастырады.