СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ертегіде қонақта» (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ертегіде қонақта» (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Просмотр содержимого документа
««Ертегіде қонақта» (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 15.02.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Ертегіде қонақта» (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.«Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту.Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:№24 демонстрациялық материал (ертегі кейіпкерлерінің суреті)

Сөздік жұмыс:бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі.

Қостілділік компонент:бауырсақ-булочка, қасқыр-волк, қоян- заец, аю-медведь, түлкі-лиса.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!

– Балалар, үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?

– Бауырсақтың дәмі қандай?

– Оның түсі қандай?

– Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.






– Дәмді.

– Сары, қызғылт.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты –
«Бауырсақ». Тәрбиеші ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді.

– Ертеде кімдер өмір сүріпті?

– Шал кемпірге не дейді?

– Пісірген бауырсағы қандай болыпты?

– Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету).

– Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр ?

– Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?

– Балалар, қоян қандай болады?

Қоянға бауырсақ не деп ән салды?

– Менің атым – Бауырсақ.

Мені суға иледі,

Мені майға пісірді.

Терезенің алдына

Суытуға қойды.

Атайдан мен құтылдым,

Әжейден мен құтылдым.

Енді сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған, – дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.

– Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі?

– Балалар, қасқыр қандай болады?

–Қасқырға қандай ән айтып береді?

– Содан кейін қайсы аң кездеседі?

– Балалар, аю қандай болады?

–Аюға қандай ән айтып береді?


– Содан кейін қайсы аң кездеседі?

– Балалар, түлкі қандай болады?

– Түлкіге қандай ән айтып береді?

– Одан кейін не болады?

– Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды.

Тәрбиеші балаларға жаңа сөздерді қайталатады:

-Бауырсақ-булочка.

-Қасқыр-волк.

-Қоян- заец.

-Аю-медведь

-Түлкі-лиса.

Сергіту cәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін cахналауға жетекшілік етеді.(«Қ» дыбысының анық айтылуына мән береді).


Тыңдайды.

Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

– Шал мен кемпір.

– «Бауырсақ пісір», – дейді.

– Дәмді, қызғылт-сары.



– Орманға дөңгелеп кетеді.

– Қоянмен кездесті.

– Қоян қорқақ, кішкентай.






– Қасқыр.

–Түсі сұр, тістері сояудай.

Балалар хормен Бауырсақтын әнін айтады.


– Аю.

– Үлкен, маймақ. Қорбаңдап жүреді.

Бауырсақтың әнін хормен айтады.

– Түлкі.

– Түлкі қу болады.

Бауырсақтың әнін қайталайды.

Балалар қайталайды:

Бауырсақ-булочка.

-Қасқыр-волк.

-Қоян- заец.

-Аю-медведь

-Түлкі-лиса.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?

– Ертегіде қандай жануарлар бар екен?

– Түлкі қандай болып шықты?

Балаларды мадақтау.





Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегіні диалог түрінде әңгімелеу және «қ» дыбысын анық айтуды;

Игереді: ертегінің мазмұнын сахналауды;

Меңгереді:ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсетуді.