СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Есеп-экономикалық пәндер сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен сабақ беретін пәндер «Есеп және аудит», «Банк ісі» мамандықтарында оқитын оқушылар үшін өте маңызды, басты болып табылады. Маған білім беру процесін өте тиімді жасауға компьютерлік технология көмектеседі.

Жаңа материалды белсенді меңгеруде, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда үлкен көмекті білім берудің мультимедиа-технологиялары көрсетеді.

Просмотр содержимого документа
««Есеп-экономикалық пәндер сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану»»

БҚО ӘББ« Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК















МАСТЕР – КЛАСС


«Есеп-экономикалық пәндер сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану»












Дайындаған: есеп-экономикалық

пәндер оқытушысы С.С.Аймуханова








Орал 2018 жыл


Мен сабақ беретін пәндер «Есеп және аудит», «Банк ісі» мамандықтарында оқитын оқушылар үшін өте маңызды, басты болып табылады. Маған білім беру процесін өте тиімді жасауға компьютерлік технология көмектеседі.

Жаңа материалды белсенді меңгеруде, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда үлкен көмекті білім берудің мультимедиа-технологиялары көрсетеді.

Мысалы, «Ақша қаражаты, есеп айырысу және несие операцияларының есебі», «Еңбек және еңбекақы төлеу есебі», «Бухгалтерлік есептегі бастапқы құжаттар және құжаттар айналымы» тақырыптарын оқыту кезінде видеоақпаратты пайдаланамын.

Бұл кезде сабақта менің ролім өзгереді. Мен жаңа білім берудің көзі ғана емес, соншалықты бұл процестің координаторы, яғни мен сабақтың өте қиын үзінділерін талқылауға назарды жұмылдырып, оқу уақытын тиімді пайдаланамын.

Оқытушы тақырыпты баяндайтын, ал оқушылар тыңдайтын, есте сақтайтын немесе оқу материалын жазатын дәстүрлі дәрістік сабақпен салыстыру бойынша баяндалатын әдіс бойынша құрылған дәріс маңызды артықшылығын – интерактивтілігін иемденеді.

Жаңа оқу материалын меңгеру процесінде оқушылар танылатын міндетті шешеді және оны шешу ойлағыштық белсенділік деңгейіне және оқушылар назарының дәрежесіне байланысты. Дәстүрлі және компьтерлік технологияның байланысының арқасында, оқушылар белгілі бір жағдайға түседі, ол кезде олар коммуникативтілікті көрсетуі, оқыту сәтінде белсенділік танытуы қажет.

Интерактивтілік оқушыларға оқыту процесінде белсенді түрде қатысу, сұрақтар қою, білім сапасын жетілдіру, оқытушымен баяндалатын оқу материалының олар үшін түсініксіз фрагменттеріне өте толық және жеңіл түсініктерді алу мүмкіндігін береді.

Тәжірибе көрсеткендей, компюьтерлік технологияларды қолданумен сабақтарда тәжірибе жүзінде жағымсыз сезімдер болмайды: электрондық есептеуіш машиналар психологиялық дискомфортты (төмен баға кою, жолдастарының арасындағы күлуден, оқытушының жоғарғы үнінің қорқынышы) алып тастауы мүмкін.

Компюьтер әуестілікті, өзінің күштеріне сенімділікті, өзіндік жұмыс жасауды дамытады. Пассивтік жаттаудан оқу активтік процеске айналады, және оқушы неғұрлым ақыл-ой күшін салса, соғұрлым оның қызметі өнімді болады.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану есеп-экономикалық, бухгалтерлік пәндер бойынша оқушылардың сөздігін және ой өрісін жүйелі кеңейту және байыту үшін өте тиімді, ал материалды қабылдау процесінде пассивті болып табылмайды, ол оқушылардың ынталы ақылды жұмысымен, олардың оқу әрекетін жетілдірумен байланысты.

Оқушылармен қорытынды сабақты бекіту үшін бірнеше тапсырмаларды пайдаланамыз

Қорытынды жасайық:

  1. білім берудің ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану – едәуір білім берудің сапасын жақсартады;

  2. оқыту процесі жандандырылады, оқытылатын пәнге оқушының қызығушылығы және оқу процесінің тиімділігі жоғарлайды;

  3. оқытушы мен компьтердің қарым-қатынасы оқу пәнін әр түрлі санаттағы оқушылардың түсінуі үшін өте қолайлы және оны меңгеру сапасын жақсартады;

  4. компьютерде жұмыс жасау барысында оқушылар бірнеше рет тіл құбылысын динамикалық көрсетуге қарастырады, ал олардың барлық ойлық операциялар тәжірибелік қызметтермен қоса беріледі;

  5. түсіндіру процесінде оқушылар оқу міндеттерін шешу тәсілдермен меңгереді.

Қорытынды: сонымен компьютерлік технологиялар деп электрондық құралдардың көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу, ұсыну және пайдалану процестерін айтады.