Мағынаны тану Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу. (Сан есім тақырыбына видео I-Mektep қорынан алынған) 1. Өткенді білмегеннің – ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау) Егер берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, әр жауапқа Халқымыздың салт-дәстүрлерімен танысамыз! 1) Сан есім дегенміз не? Сан есім ережесін айту. Мысал келтіру. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Бұл тойда “баланыздың бауы берік болсын” деген құттықтау сөз айтылады. 2. ) Сан есімнің неше түрі бар?Реттік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. Бесік жыры, бесікке салу. Шілдехана өткеннен кейін, баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Көз тимесін деп бесікке тұмар тағып, бесік жырын айтады («Бесік жырын» айту.) 87-беттегі 1-жаттығу. (ауызша орындау). Мәтінді түсініп оқу. Сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырату. 3.Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру Қырқыннан шығару. Туғанына 40 күн толғанда, баланы қырқынан шығарады. Қазақ халқының ұғымында 40 саны қасиетті сан. Бала қырқыннан шыққанға дейін киген көйлегіне, тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі 4. Реттік сан есім қалай жасалады? Мысал келтір. Тұсау кесу- сәби қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпін жасалатын дәстүр. Ала жіппен аяғын байлап, қадірлі адам кеседі. 2-жаттығу. (жазбаша орындалады) Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жазу. «Халық ауыз әдебиеті» бөлімі. Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері» деген мағынаны береді.Ауыз әдебиет түрлері:Ертегілер Мақал- мәтелдер Жұмбақтар Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш – Баян сұлу Айтыс өлеңдер Тарихи жырлар 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелді көшіріп жазу. |