СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе ученицы 11 класса " Мир, в котором я живу..."

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Работа моей ученицы на тему "Мир, в котором я живу" ( ко Дню Независимости Республики Казахстан, 16.12.2020). Ученица любит страну, в которой родилась, живет.Свое будущее  хочет связать со своей страной. Мечтает стать журналистом! Ее работа  показывает  активную жизненную позицию молодого человека, не равнодушного к жизни своей страны. Истинный, а не ложный патриотизм  проявляет девушка в своей работе... 

Просмотр содержимого документа
«Эссе ученицы 11 класса " Мир, в котором я живу..."»

Эссе «Мен өмір сүретін - әлем»

Анастасия Садовская,

СШ № 5 имени Б.Момышулы,

11 класс



Менің ішкі жан дүниемде басқа әлем бар. Бұлар менің ойларым, сезімдерім, жинақталған өмірлік тәжірибем, әсерлерім және әрине менің армандарым. Біздің әрқайсымыз өзінше ерекшеміз, біздің әрқайсымыз бұл әлемге өзінің «айту» керек хабарымен, осы өмірде орындау керек миссиясымен ерекшеленеді.

Әр адам әлеммен оны қоршап тұрған дүниелермен өзара қарым-қатынас құрады. Адам дүниеге келген алғашқы сәтінен бастап оның әлемін ана құрайды. Содан кейін өсе келе әлемі толыға бастайды. Достары, мектептік өмір, жасөспірім кезең, үлкейген сайын саналы түрде әлем – ол сенің өмірм сүріп жатқан мемлекетін екендігін түсінесің, өз орнынды анықтау мәселесі пайда болады. Мен өмір сүретін әлем аты – Қазақстан. Менің әлемімде жақын арада айтулы үлкен мереке – Тәуелсіздік күні болмақ. Менің ішкі әлемімде тәуелсіздік күні қандай мағынаға ие? 29 жыл ішінде Қазақстан әлемде үлкен секіріс жасады, біздің еліміз туралы әлемнің барлық бұрыштарында айта бастады. Бұл жаман нәтиже емес, өйткені біздің республикамыз халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды, көршілермен тұрақты қарым-қатынас орнатып, әлемдік аренада өзіне жақсы имидж қалыптастырды, осының барлығы халық сайлаған Президенттің күш-жігерінің арқасында. Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мемлекет жоқ. Керісінше, алпауыт елдер Ресей, Қытай, АҚШ және Еуроодақпен тығыз байланыстар орнаттық.

Біз Еуразиялық одақта өмір сүреміз (және өмір сүріп жатырмыз да). Меніңше, коронавирустық инфекцияның төтенше жағдайы мен әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, біздің еліміз үшін оңай болмасы анық. Маған «дағдарыстар болмайды», «дағдарыстар біздің ойымызда» деген сөздер ұнайды. Сондықтан тек позитивті ойлау қажет. Егер бізде оқуға және жұмыс істеуге ниетіміз бар болған кезде, біз барлығын жасай аламыз. Ең бастысы-ауырмау, бастысы - өмір сүру және болашақты құру.

Бәрінен де қатты мені алаңдататын дүние - денсаулық сақтау саласы. Себебі, қаншама балалар «қымбат ем-домға» ақша таба алмайды. Көптеген еріктілер еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде менің қаламда да ақша жинап, балаларды тегін емдету, тегін операциялар өткізуге жағдай жасауда. Менің де қалайтыным балалардың тегін емделіп және олардың сауығып кетулері. Біздің ата-әжелеріміздің Франция мемлекетіндегі зейнеткерлер секілді саяхат жасап, өз қажеттіліктерін өтей алатын ақша алғандарын тілеймін. Неліктен біздің мемлекеттің халықтарында наразылық басым, мемлекетімізде проблемалар көп? Біріншіден, халық өз құқығын білмейді. Екіншіден, заң барлық азаматтар үшін бірдей жұмыс істемейді. Үшіншіден, халық пен Үкімет арасында байланыс жоқ, ал егер байланыс болмаса, онда одан әрі даму да жоқ. Халықтың жалақысы аз, ал шығындар көп Мұндай жағдайда елдің болашағы туралы кім ойламақ?

Менің қалайтыным мемлекет басындағы адамдардың өз халқының мұң-мұқтаждықтарын бірінші орынға қойып, оларға жақсырақ жағдай жасай білулері. Барлық балалар мен адамдардың шет елдегі адамдар секілді жайлылық пен бақытта өмір сүретін мемлекет болғанымызды қалаймын.

Мен қазіргі әлемді қаламаймын ... Егер сенде ақша болса, сен кез-келген сотта жеңіске жетесің, жақсы өмір сүру жағдайларын ала аласың. Себебі, сенде ақша бар, сәйкесінше саған деген көзқарас та басқаша болады. Егер ақшаң болмаса – сенің проблемаларынды, денсаулығынды, тіпті саған деген көзқарастары да басқаша болады.

Кез - келген басқа елді алайық, оның да өз мәселелері бар. Біздің әлемде жақсы адамдар бар! Республиканың мәселелерін бүгін және қазір шешу керек, ал оның басшылығы өз халқы үшін жағдай жасап, еліміздің отбасыларын қажеттіліктерімен қамтамасыз ету керек.

Қазақстанда, менің әлемімде, келесі Тәуелсіздік күнінде қандай өзгерістер болады? Мені не мазалайды? Мысалы, Қазақстанда мұнайдың біту қауіп бар ма? Немесе болашақта жалпы мұнайдың қажеттілігі болады ма, жоқ әлде оны басқа энергия көздері - электрондық батареялар, биэтанолдар басады ма? ЭКСПО-2017 көп үміт берген едіі!!! Алайда, барлық елдегідей ақылды үйлер, жасыл технологиялар, күн панельдері, энергияның жаңа түрлері қайда? Болашаққа ұмтылу керек!!! Келесі тәуелсіздік күні осыларды көріп, еліме шын жүректен мақтау айтқым келеді!

Бірақ, қандай жағдай болмасын, мен Қазақстанда, керемет Қостанай қаласында туып-өскенім үшін тағдырыма ризамын деп айтқым келеді. Маған оқу оқуға, маған ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекетіме ризамын. Әрине, қашықтықтан оқыту бәріне оңай бола бермейді. Мен бітіру сыныбында оқимын, Мен мектепті сәтті аяқтағым келеді, қорытынды аттестациядан жақсы өтіп, мектептегі достарымның, сүйікті мұғалімдерімнің қасында мектеп дәліздерінде соңғы қоңырауды, сүйікті сыныбымен соңғы сынып сағатын өткізгім келеді. Кез-келген жағдайға қарамастан, мен Қазақстанда туып, өмір сүргеніме өте қуаныштымын, өйткені біздің еліміз бейбітшілікті, тыныштықты ту еткен мемлекет! Біздің республикамызда түрлі ұлт өкілдері тұрады, соған қарамастан барлығымыз бір-бірімізге толеранты қараймыз. Мен өз елімде де, шетелде де оқуға мүмкіндігім бар екеніне тағдырыма ризамын. Мен туған елде оқып, жұмыс істеп, өмір сүргім келеді! Өз елімнің игілігі үшін жұмыс жасаймын. Мен секілді біздің еліміздің дамуына үлес қосуды ойлатын жастар көп деп сенемін.Тәуелсіздік Күнімен, Қазақстан! Қош келдіңіз, елдің керемет болашағы, менің әлеміме!