«Менің инновациялық сабағым» атты І халықаралық оқытушылар сайысы
Қатысушы аты-жөні | Абдрахманова Меруерт Сейткасымовна |
Эссе атауы | |
Жұмыс орны | Қостанай облысы Рудный қаласы №7 орта мектеп |
Лауазымым | Бастауыш сынып мұғалімі |
Ғылыми дәреже,ғылыми атақ | |
Пошталық индекс мекен-жайым | |
Ұялы телефон | 8778346588 ; 87055785099 |
Үй телефоны | 871431-4-26-90 |
E-mail | abdraxmanova76@bk.ru |
Инновациялық сабақ
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны:«ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі-ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес:«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшілігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек , оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес , жалпы алғанда оның оқуын барынша жекелендіру және баланың бойында метесананы қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс [Schlechen,2012]
Білім беру,негізінен мұғалімнің күнделікті іс-әрекетімен байланысты.Оқушы білімді түсініп оқып және оны өмірде өзі үшін пайдалана алуы қазіргі заманауи талаптарға негізделген. Берілген білімді сыни түрде ойлау баланың бар қабілетінің айқын көрінуіне себепші бола алады. Айналадағы ортамен шынайы қарым-қатынаста болу оны қоғамда өз орынын белгілеу жолдарын табуға итермелейді.Менің ойымша, балалардың бәрінің ерекшелігі болады.Тек оны шыңдау керек.Ол үшін мұғалімге қажетті құрал инновациялы әдістер.Баланың табиғатын танып, оны әлеуметтендіру қажет.Мұғалімдер әдетте өз сабақтарында туындайтын мәселелерге көңіл бөліп, белсенді түрде олардың шешімін табуға тырысады.Өз тәжірибесін өзгерту үшін қызу жұмысқа кірісіп, сонымен қатар жүйелі түрде бұл өзгерістер ықпалының дәлелдемелерін жинаса,ол мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу үдерісіне тереңдей бастағаны.Бұл тәсіл білім беру және басқа да алуан түрлі салаларда қолданылатындықтан, іс-әрекеттегі зерттеудің көптеген түсініктемелері бар.Бірақ барлық жағдайларда көңіл түбінде бір ықылас -ниет тұрады,ол-зерттеуші- практиктің ойына алған проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгертуі.[МАН . 91- бет.2-азат жол]
Өз тәжірибесіне рефлексивті қарайтын мұғалімнің бұрыннан ойландырып жүретіні«Қандай әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда пайдалансам тиімдірек болар еді?» деген сұрағы орынды. Яғни,мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы оқушының бар потенциалын ашуға айқын мақсат қойған.
Иновациялық сабақ дегенде балалық шағымдағы бір фильмнің сюжеті есіме түседі.Бұл шет елдегі мектеп.Анығырақ айтсам,сынып және ондағы сабақ үрдісі.Менің көргенім оқушыларға білім беру жүйесінің ерекшелігі.Оқушылар ең алдымен өздерін мұғаліммен еркін ұстауы сынып ішінде оқушылардың қозғалыста болуы,яғыни еркін атмосфера,оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуы,мұғалім мен оқушы арасындағы теңдік ерекшеленіп тұрды.
Менің оқушыларым бастауыш сынып оқушылары.Олардың жас ерекшеліктері әртүрлі,дамуы әртүрлі.Бастауыш сынып оқушылары менің ойымша әліде болса да нақты мақсат қоюды білмейді.Бірақ білім аламын ,оқимын,жазамын деп мектепке қызыға келетіні сөзсіз.Жетістіктері болса эмоцияларынан көрінеді.Яғыни,оқудың қызықтырылып берілуі өздеріне тән іс-қимылды танылып,оқуы артады.Себебі баланың даму динамикасын ескере отырып оларға арналған тапсырмаларды ыңғайлы етіп берсе әр балада өзіндік сенімділік болатынына сенемін.
Менің сабағымның сәтті болу себебі өз сабақтарымды барынша әр балаға көңіл бөлуді басшылыққа аламын.Әр сабақ алдында оқушылардың жағымды атмосферада болуын және өзара ынтымақтастықта болуы бір-бірінің іс-әректеттерін сыйлау мен бірін-бірі тыңдауға баулимын.Мен оқушыларымды білімді өздері қажетті екенін түсіне отыра оқуға үйретуім керек.Оқушылар бастауышта оқып жатқан әр пәннің болашақта әр салаға баратын жол екенін білулері керек.Олар абстрактілі идеялар туралы қосымша тұжырымдамаларды біледі.Сондықтан өз сабағымда көбіне ең алдымен сұрақ қоюды үйрендім. Ашық сұрақтарды қоюға талпына отырып,жауап алу деңгейі тиісті дәрежеде болады деп ойлаймын.Себебі оқушылар жаңа тақырыпты дәл осы сабақта толық игергеніне толық көз жеткізуге болады.Мен бастауыш сынып мұғалімімін.Менің ең басты мақсатым оқушыларды жазу,оқуға үйрету болып табылып қана қоймайды.Әрине бастауыш сыныпқа келген оқушыны ең алдымен негізгі міндетті білік пен дағдыға үйретіп алу керек.Дегенмен,онымен бірге оқушының мектеп қабырғасында өзің сенімді ұстауы да шарт.Өзіне білімнің қажет екенін сезіндіру, өз болашағына ұқыптылықпен қарау,кішкене кезден бастап алдына қойған мақсатын орындай білу.
Сонымен менің бұл инновациялық сабағымның мәні әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезініп,өзіндік қабілетті өзі танып әлеуметтік дарындылықтарын арттыра отыра қоғамға бейімделуі деп білемін.Барлық балаға бірдей қабілет беріле бермейді.Және тек қана негізгі пәндерден ғана жақсы игергендерді болды толды деп,ал басқаларын кеменің сыртында қалдыру дұрыс емес.Барлық педагогикалық қызмет уақытымда бақылағаным оқушылардың шынайы өз білімдеріне жауапкершілікпен қарай отыра сыни тұрғыдан оқуға бағытталуы білімнің бала есінде жай ғана сақталып қоймай онымен бірге алынған білімді өмірде қолдана алуына ықпал етуі мен үшін үлкен бақыт болып табылады.
Әр мұғалім өзінің ұстаздық жолында сол бір шебер сабақты ,жаңаша сабақты өзге үшін емес өзі үшін күтеді. Оның жолында талай мұғалімдер арасында келіспеушілікпен,өзі үшін сан соқтырар сәттерден де өтетінін бақыладым.Сол инновациялық сабағынан кейінгі мұғалімнің ерекше бір қуанышы үстінен домалап түскен ауыр жүктей сезінуін барлық мұғалім қауымы өз тәжірибесінен өткізді.
Өзімнің бастауыш 4-сыныбымда кіріктіре өтікізген «Аңшылық және жылдамдық»тақырыбында өткен сабағымды сол өз мақсатыма айқын жетудегі жолдың бірі деп білдім.Екі түрлі сала «Математика және Дүниетану» Менің мақсатым оқушы алынған білімді өмірде қолдана алуы болып табылады.Бұл сабақта оқушылар ынтымақтас топтарда отырып өздеріне берілген тапсырмаларды біріге орындауға талпынады. Бұндай топтарда оқушылар бір-брін сыйлау,құрметпен қарауға,ұжымда болуды үйренеді.Оқушылар топ ішінде диалогты пайдалана отырып жұппен жұмыс жасайды.
Өзімнің идеяларымның жылжуын қамтамасыз ету үшін қазақ халқының өнері саят құруды насихаттай отырып ондағы саятшының олжалы қайтуы үшін әр аңның жылдамдығы мен аңшының серіктерінің жылдамдығын есептеп ала отырып аңшы олжасын аулап алу үшін қанша жылдамдықпен атпен шабу керектігі табылды.Оқушы ат,тазы,бүркіттің жүгіру,ұшу жылдамдықтарын таба білуімен бірге олар туралы АКТ-ны пайдалана отырып олар туралы мәліметті интернет жүйесі арқылы тауып алады.Оқушылар өздерінің ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттіліктерін де арттырады.Олар топтарда бірнеше тапсырмалар орындайды.Ең маңыздысы оқушылардың сұраққа жауап беруі.Ойлау деңгейінің ең жоғарғы деңгейін іске қосатын ашық сұрақтардың қойылуы балалардың білімді терең алуына көмектеседі.Сабақта сыни түрде ойлауын арттыру үшін мынадай сұрақ қойылдыЯғыни оқушы ол ақпаратты синтездеп оны өмірде қолдану жолын ұғынады.Оқушы өміріндегі контекске қатысы бар шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп даярлау оқушының бұрынғы мәселесімен байланысын орнату.Жаңа идеяны түсінуге платформа дайындалады.Оқушының білім қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу талдау жауап табу үшін жеткілікті материал болуы керек.Жаңа болған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.Оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көтеру.Оқушыларды оқытуға жұмылдыру үшін өзара пікір алмасу мен оқыту үшін бағалауды қолданамын.Ынталандыру үшін жетістіктерін мадақтау.Ғылыми идеяны практикалық сабақта қолдана білсе түсінгені деп ойлаймын.Практикалық тапсырма орындауы мен проблемалық сұрақты шешуінен көз жеткіземін.Мысал үшін мұғалім ретінде мынадай ашық сұрақ қойылды:«Асан қайғының қараторғай деген құсы қартайғанда жерге қона алмайтын болады.Қалай ойлайсыңдар Асан қайғыға құсын қондыру үшін не істеуі керек?»
Бұл сұраққа Ақбота былай деп жауап берді: « Ол үшін Асан ата домбырамен құстың дыбысын салады,Қараторғай сол дыбыс шыққан жаққа қонады деп ойлаймын»-деп жауап берді.Келесі сұрақ «Ат үстінде келе жатқан салт атты жауынгер артынан жаудырған оқтан қалайша қорғанады»-деген сұраққа Диляра «Қазақ ерте бала жастан ат үстінде ойнап өскен халық, сондықтан аттың бауырында жасырынп оқтан қорғанағанады» деп ойлаймын деп жауап берді. Бұл сұрақтар оқышының алған білімдерін сараптап,шешімге келуге көмектеседі.
Сонымен инновациялық сабағымның ерекшелігі мынады:
-Сынып ішінде жағымды атмосфере орнату;
-Оқушы мен мұғалім арасында сенімді қарым қатынас болу;
-Оқушыларға өз білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алатын тапсырмалар беру;
-Әр оқушыны өзіндік ерекшелігне қарай бағалап ,сырт қалдырмау.
Болашақта оқушылардан жаттанды тапсырмалар орындауын талап етпей ,сыни тұрғыдан ойлануға баулу,оқушының өзіндік сенімін арттыруға жетелейді деп ойлаймын.




