СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғым

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғым эссе мұғалімдер үшін

Просмотр содержимого документа
«Эссе оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғым»

Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:

Нурымбаева Сандугаш Калдарбековна


Эссе:

«Оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғымдар»


Оқыту мен тәрбиелеу егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән  берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан. «Білім мен тәрбие егіз» деген ұғым бар. Яғни, мектеп табалдырығын аттаған оқушыға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеттерінің бірі.Бір-бір үйдің еркесі оқушы атанып,өзге ортаға қалыптасып кетуі үшін уақыт та, мұғалімнің кәсіби шеберлігі де, шыдамдылығы да қажет-ақ. 
Осы ретте бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ерен. Соңғы жылдары балаларды міндетті түрде даярлық топтарында отырғызып, ортаға бейімдеп барып бірінші сыныпқа жіберу үрдісі қалыптасты. Бұл өте дұрыс әдіс деп ойлаймын. Себебі, «бес- алты жасар бала», «мұғалім», «оқушы», «сыныптас», «парта», «тәртіп»,т.б. деген сияқты ұғымдарды қабылдап, соған үйрене бастайды. Үйде де сол тәртіппен жүріп- тұрып, «мұғалім олай істесем ұрсады» деген сияқты сөздерді айтып, мектеп өміріне бейімделеді. Тіпті балабақшада, содан кейін даярлық топта «оқыған бала дап- дайын оқушы» десек, артық айтпаймыз. Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуына байланысты барлық дерлік елді мекендерде балабақшаның болуы дұрыс шешімін тапқан мәселе болды. Тәрбие, менің ойымша, бала ес білген кезде үйде, ата- анасынан, ата- әжесінен беріліп, негіз болып қалыптасады. Осы ретте тәрбие негізі дұрыс қалыптасса, онда алаңдаудың қажеті жоқ. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ.Үйде дұрыс тәрбие алған бала, мектепке келгенде де дұрыс жолмен жүреді. 
Мамандарды, әсіресе, мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында психология, педагогика, педагогикалық методика бағыттарындағы лекциялар тектен-текке оқылмайды.Солардың негізін, әдіс – тәсілін меңгерген әр мұғалім сол білімін өз тәжірибесінде қолданады. Оған өмірлік тәжірибе қосылады. 
Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие даму ретінде қарастырылады, яғни ол педагогикалық қарым-қатынаста адамдық сапаларды сақтау және қалпына келтіру.

Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан–жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік  шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу–тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай, тамыршыдай тап басып білетіндей сезімтал психолог болуы керек. Яғни А.Н.Толстойша айтқанда «Мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол нағыз ұстаз».

Егеменді ел болып, етек-жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі шақта халқымыздың тәлім–тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу-біздің, ұстаздардың басты міндеті. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту — әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек.

Қазіргі таңда тәрбиенің теориясымен практикасының  өзекті мәселелерінің бірі білім – тәрбие жүйесінің мақсатын белгілей білу. Мәселен, «мен  оқушыларымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келеді немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп ойлаймын», осындай сауалдарға  жауап іздеу барысында оқушыларға тәлім – тәрбие берудегі басты – басты мақсаттарды анықтап алуға болады. Жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде ұстаз қауымына өмірдің өзі осыны талап етіп отыр. Ал ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы, олардың адам тәрбиесіне өнер деп қарап, үнемі шығармашылықпен іздене жүргізуіне, мектеп басшыларының күнделікті бақылау басшылығына, әр ұстаздың бойындағы жақсы қасиетті, өнегелі істі танып көре білуіне, оны үлгі-өнеге етуіне байланысты демекпін.

Егеменді еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып келеді. «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», — деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары айқын.Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі.

Тәрбие жолы — қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам –ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты  деп  біледі . Жас  ұрпақты  білімді, жан- жақты  етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік