СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Этюд қысқа ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

этюд қысқа ойындар. ересек балаларга аранлаган

Просмотр содержимого документа
«Этюд қысқа ойындар»

Баланың бет-әлпетіні мен қимыл қозғалысына арналған ойын жаттығулары

Ересек "Көбелек" тобы






МИМИКА

Беттер бұлшық еттерінің айқын қозғалыстары- — қуаныш, қайғы, көнілі қайту, қанағаттандыру және т.б.

Мимикалар түрлері:

Айтылмаған (рефлекторлық) тұрмыстық мимика;

беттердің бұлшық еттерінің айқын қозғалыстармен актер кейіпкердің көңіл-күйін келтіріп беретін кез-келген (саналы) мимика. Ол кейіпкердің психологиялық мінездемесін анықтауда, сахналық кейіп жасауда актерге көмектеседі.

Мимиканы сөз сияқты жалған мәлімет беру эмоцияларын көрсету үшін, қолдана алады .



ЫМДАР және ПЛАСТИКА – денелердің әр түрлі бөліктерінің, қалыптардың және қозғалыстағы денелердің тілі.



Бет қимылы ымдары сияқты бастың, қолдың және аяқтардың ымдары

Жүріс

Мимика : Солқылдатып бара жатқан, үздіксіз ауру.( Кәрі адамның бет – әжімдері, катпарланған көз, бұрмалаған ауызға тән сызықтар ).

Ымдар : Кәрі адамдардың қолдары – бұжыр және көріксіз. Саусақтары дірілдеп тұрақты тірек іздейді

Пластикалары : Бас дірілдейді, тізелері бүгілген аяқтар, алға еңкейіңкі күдіс арқа, екі қол екі жақта.

ҚОРЫТЫНДЫ: Бұл элементтердің бәрі кәрі адамға тән.

Мимика : « Шошытатын қорқыныш » ( көз және ауыз кең ашылған масканы көрсету керек ).

Ым : Қолдар" қауіп-қатер" позициясында – (қол кернеулі, бірақ солқылдақ, шабуылға дайын ).

Пластикалар : Корпус "күту" позициясында » (мойын алға созылған, иықтар көтерілген және аяқтар алшақ кең, секіруге дайын).

Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады.

Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ал ойынның өзі бірнеше түрде бөлінеді: дидиактикалық, қимылдық, сюжеттік т.б. ойын мазмұны жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, ересектерге де арналған ойындар бар, олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Ойын тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады. Әртістердің сахнада өнер көрсетуі- ол да ойынның бір түрі. Ал адамдар театырға барып спектакль көріп, одан рухани ләззат ала отырып, жағымды, жағымсыз бейнелерді талқылайды. 

Театр – тәрбие ошағы.

Десек те, театырлық ойындырдың мәнін әлі де аша алмай келеміз. Өйткені бүгінгі таңда республика көлеміндегі балабақшаларда театырлық ойындарға деген сұраныс болғанымен, нақты әдістемелік нұсқау жоқ. Міне, тақырыбымның да сонылығы, көкейтестілігі де осында.

            Театр – балаларға түсінікті өнер түрі, ол қазіргі педагогика мен психологиядағы:

  • эстетикалық талғамын қалыптастыруға;

  • адамгершілік тәрбиесіне;

  • тұлғаның коммуникативті сапасын дамытуға (қарым- қатынастың түрлерін үйрету);

  • ерік- жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамытуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, театр баланың рухани және шығармашылық қарымын ашады және оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне шынайы мүмкіндік береді.

            Театрлық ойын – мектепке дейінгі балалар ойының бірі бола отырып, адамгершілік мәндегі әдеби не фольклорлық шығармаларды түсіндіру және осы ойынға қатыстыру барысындағы әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Бұл ойын ұжымдық сипатта болады және жағымды өзара әрекет тәсілдерін меңгеруге, достық, жолдастық сезімдерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Театрлық ойындарда эмоциональдық дамуы жүзеге асады: балалар кейіпкердің сезімі, көңіл күйімен танысады, олардың сыртқы келбетін сипаттай отырып, себебін түсінеді. Тіл дамыту үшін де (диалогты және монологты сөйлеуді қалыптастыру, көркем мәнерлі тілін жетілдіру) театрлық ойындардың маңызы зор. Ақырында театрлық ойындар баланың өзін танып көрсету және өз қабілетін іске асыру құралы болып табылады.

Соған қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде театрлық ойындардың даму қарқыны жеткілікті жүзеге асырылмай келеді. Оны ойынды ұйымдастыру тәсіліндегіекі қарама-қарсы себеппен түсіндіруге болады. Бірінші себепке сәйкес театрлық ойындар мерекелерде ең бастысы «көрініс» ретінде пайдаланылады. Жақсы нәтижеге жету үшін жеке не ұжымдық дайындықтарды педагогтар балалармен бірге мәтінді ғана еғмес, дауыс екпінін және қимыл- қозғалысты жаттауға мәжбүр болады. Баланы «жақсы әртіс» болуға үйренеді. Нәтижесі қандай десеңші, көрініс қойылды, көреремендерге ұнады. Бірақ осылайша меңгерту дағдысы балалардың еркін әрекетіне кешірілмейді. Әрине- көрініс, көрініске дайындықтың өзі де ойынға ұқсамайды.

            Мақсаты: театырлық әрекеттер арқылы балаларлдың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

            Міндеттері мен әдістері:  балаларды театр түрлерімен таныстыру; балалардың шығармашылық түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңмен меңгеруі; сөйлесу тілі мен дауыс екпінін дамыту жөніндегі жұмыс; ұжымдық әрекеттер, өзара әрекет.

Бұл міндеттердің шешілуі педагогикалық кеңестерде, семинар практикумдарда және т.б. қарастырылады.

Театырлық қызметтің мазмұны:

  • қуыршақ театрының қойылымдарын көру және талқылау;

  • балалардың әлеуметтік- эмоциялық дамуына арналған жаттығулар кешені;

  • түзетімдеу- дамытушы ойындар;

  • дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығулар (артикулярлық гимнастика);

  • қолдар қозғалшықтығын дамытуға арналған тренингтер;

  • ымдауды, мимимканы қалыптастыруға арналған жаттығулар;

  • театрлық этюдтер;

  • әртүрлі ертегілер қойылымы;

  • ертегіні драмалау құралдарымен (ымдау, қозғалыстар, сахналық көрініс және т.б.)жұмыс.

Театрлық әрекеттерге тек балалар, тәрбиешілер ғана емес, сондай-ақ аналар да белсенді қатысады.

Шығармашылық, артистік қабілеттіліктерді дамытуға оңды ықпал ету, балалар қиялының даму ерекшеліктерін дәл ақындау  және олардың даму деңгейін дұрыс бағалау үшін жұмыс нәтижелерін тіркеп отырған жөн. Мысалы:

  • диагностика (қазан-қаңтар-мамыр);

  • қуыршақ театры спектакльдерін көрсету;

  • ертегілерді драмалау;

  • шаралар ұйымдастыру (жыл бойы);

  • театр ойынын мектепке де»інгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) бағдарламасымен сәйкестікке келтіру.

          Көздейді:

  • психофизикалық қасиеттердің (мимика, пантомимика), психикалық үдерістердің (қабылдау, қиял, ойлау, жад, зейін және т.б.), сөйлесу тілінің (монолог, диалог), шығармашылық қабілеттердің (еліктеу, бейне жасау, өзіне рөл таңдау) дамуын;

  • балалардың театрлық ойындарға қатысуын: өлеңдер, жұбаныш ойындары, қысқа қойылымдар; қуыршақтарды, ойыншықтарды және басқаларын пайдалана білуді (бибао, көлеңкелер, саусақтар, фланелеграфтар);

  • театрлық тәжірибені молайтуды: театр және оның тарихы, мамандары туралы; киім үлгілері мен сөздігі туралы білімді;

  • ата-аналармен бірге қуыршақтарды, ойыншықтарды, бетперделерді, киім үлгілерін таңдау мен дайындауды, ата-аналар театрын- «Біздің театрды», «Отбасылық театрды» құруды, Театр күнін бірге атап өтуді.

Театрландырылған ойындардың сипатты ерекшеліктері мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізде және көрермендерінің болуы болып табылады. (Л.В.Артемова, Л.В.Ворошина, Л.С.Фурмина және басқалар). Оларды топқа: драмалау мен режисерлікке бөлуге болады.



Ойын «Даусыңды өзгерт»

Мақсат: балалардың назарын өздеріне аудара білуі, байқағыштығын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын сала білу мыс:( түлкі,қоян, қасқыр).Балалар еретгі кейіпкерінің дауысын салып қана қоймай, қимылында көрсете біледі.



Ойын «Қайда болғанымызды айтпаймыз»

Мақсат: бұл ойын бойынша балалар жи,налып тырады, ортасынан біреуін есіктің сыртына шығарып жібереді, сосын балаларға сурет көрсетеді, суретте көрсетілген жануарды сыртта шығып кеткен балаға қимылмен көрсетеді. бала қандай жануар екенін тауып алуы керек.





Қимылды ойын «Жаңбыр»

Мақсат: балалар бір-бірімен ақылдаса білуге баулу. Бұл ойында балалар жаңбыр суын кешіп, ойнайды, найзағайдың дыбысын естігенде шатырдың астына тығылады.Тәрбиеші жаңбырдың даусымен музыка қосады, балалар шығып суды басып ойнайды,найзайдың дыбысына тығылады.



Ойын «Әжемізде қонақта»

Мақсаты: қимыл қозғалыспен, дауысты өзгерте отырып ойнау.Балалар бүгін бізге қонаққа әже келеді.Ол әже өте көңілді ойнағанды жақсы көреді.Кәнекей бәріміз әжені шақырайық.

Сосын Т-с*-с тыныш аяқтың ұшымен жүріп, әжемізді қарайық ,келді ме екен?Әже келіп кімді ұсап алса сол әжеге атын айтады









Ойын «Диктор»

Мақсаты: баланың назары мен байқағыштығын дамыту.

Бала топта отырған баланы суреттеп береді, қалған балалар кім екенін тауады, диктор ауысып отырады.



Ойын «Кішкентай қу жануар»

Мақсаты: баланың назарын аудара білуге ,байқағыштыққа, шапшандыққа үйрету.

Балалар ортаға шығып, жануарды салады, қалған балалар қандай жануар екенін тауады

.



Ойын «Досыңа жақсы сөз айт»

Мақсаты: балалар бір-біріне жақсы сөздер айтуға өйренеді.Ойларын білдіруге, ашылып сөйлеуге үйрету.





Ойын «Мен не істей аламын»

Мақсаты: бұл ойын бойынша балалар өздерінің қолдарынан келетіннің бәрін көрсетеді. және басқа баланың істегенін қайталай алатынын көрсетеді.



Ойын: "Дауысты қайтала"

Мақсаты: балалар естіген дауысын қайталай алады.аунытпай салуға тырысу. және ненің даусы екенін ажырата білуге үйрету.



Ойын; "Дәмін татып көр"

Мақсаты: Балалардың көзін жауып, жемістердің дәмән татып татқызып көру. дәмәнен оның тәттіғ ащы, қышқыл екенін, бет әлпетінен көрсету.



































Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»





Баланың бет-әлпетіні мен қимыл қозғалысына арналған ойын жаттығулары

Ересек "Көбелек" тобы





Тәрбиешілер : Садвокасова В.А.

Смағұл П.А











Костанай қ 2018-2019 оқу жылы