СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Файлдардың өлшемі"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған. 

Просмотр содержимого документа
«"Файлдардың өлшемі"»


САБАҚ ЖОСПАР

Мектеп:

48 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні:

Рахманова Перизат Жарқынқызы

Күні:

26.09.2017ж

Пән/Сынып:

Информатика 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Файлдардың өлшемі

Оқу мақсаты:

Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру

Сабақ мақсаты:

«Файл» ұғымын өз бетімен ашу, түсіну.оның көлеміне мысал келтіру дағдыларын дамыта түсу;

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық – тапсырмалар орындау барысында.

Сыйластық – жұптық, топтық жұмыстарда.

Пәнаралық байланыстар

Математика, байт, кило,мега, гига, тера қосымшалары.

Алдын ала білім

Оқушылар ақпарат өлшемдерін біледі.

Саралап оқыту

Барлық оқушылар:

Көпшілік оқушылар:

Жекелеген оқушылар:

а) Әр түрлі форматтағы графикалық файлдарды қолдану

а) Графикалық файл форматтарының ерекшеліктерін білу

а)Файлдарды мұрағаттап алады, мұрағаттан шығарада алады.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Мақсаты

Мұғалім не істейді

Оқушылар не істейді

Бағалау

Ресурстар

2 мин


Қызығушылықты ояту


«Есімдер»

Оқушылардың бір- біріне деген сыйластығын бакылау

Ыңғайлы орта құру

Оқушылар шеңберге тұрады. Әр оқушы өз есімін және есімінің бас әріпінен басталатын қасиетін айтады.




2 минут

Үй тапсырмасын сұрау

«Данышпан дос»

Үй тапсырмасын пысықтау

«Данышпан дос» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталауға жағдай жасау

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.Мұғалім бір оқушыны ортаға шығарады, шыққан оқушы оқушыларға сұрақ қою қажет. Ал қалған оқушылар жауап береді. Солай барлық оқушы ортаға шығып сұрақ қойып үй тапсырмасын пысықтайды.



1мин

Ой қозғау

Файл. Файлдың көлемі, түрлері туралы слайд көрсету

Тақырыпты ашу

Оқушыларға ой қозғау

Сын тұрғысынан ойлай алулары күтіледі


Слайд, интерактив-ті тақта презентация

12 мин

Мағынаны тану

«Ішкі және сыртқы шеңбер»


Ізденуге

Талқылауға талдауға

өз көзқарасын білдіруге үйрену

дәлел келтіріп сөйлеуге үйрету

сұрақты дұрыс қоюға жетелеу

Әр топқа нақты тапсырмалар ұсынады.

ЖАДА құруға оқушыларды бағыттау

Дәлел келтіруге бағыттау

Түрткі сұрақ

Сынамалы сұрақ орын алды ма, бағыттау

Оқушылар екіге саналады. 1 номерлі оқушылар ішкі ал 2 номерлі оқушылар сыртқы шеңбер болады. Тақырыпты барлық оқушы оқиды. Кейін ішкі шеңбер мен сыртқы шеңбер жұптасып тұрады. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге тақырыпты түсіндіреді. Қадам бойынша оқушылар өз жұптарымен сәйкес келмейінше ауысып тұрады. Оқушылар 3-тен топтастырылады. Төреші, қорғаушы және жәбірленуші болады. Қорғаушы жәбірленушіге сұрақ қояды, ал төреші жауаптарды тыңдап шешім шығарады. Әділдігі үшін төреші бағаланады.


Постер құрауға қажетті материал-дар

2 мин

Сергіту сәті

«Мен таптым ойыны». Оқушылар шеңберге тұрып, кезезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Оқушылардың бойын сергіту

Оқушыларды сергітуге ыңғайлы атмосфера жасау

Оқушылар шеңберге тұрып, кезезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.


Интерактивті тақта

9 мин

Ой толғаныс

Тапсырма 1. Сөздерді сәйкестендіру.

Дескрипторлар:

Файлдардың көлемдерін ажырата біледі;

Файлдардың кеңейтілімдерін өзгерте алады.

Тақырыпты түсінгенін анықтау

басқаның пікірін тыңдауға, ойын толық жеткізуге жағдай туғызу

Әр топ кезекпен өздеріне берілген тапсырманы орындайды



8 мин

Жеке жұмыс:


Тапсырма: берілген кеңейтілімдерді сәйкесінше топтастыру(мәтіндік, кестелік, бейнелік, т.б.)


Такырыпты қорытындылау

ойын, тілін дамыту?

көшбасшылыққа жетелеу

Кеңейтілімдерді сәйкесінше топтастыру(жекеле-ген оқушылар орындауы мүмкін)



қалам, парақтар

3мин

Қорытындылау

БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін стикерге жаздырып тақтаға ілуіне нұсқау беру.

Білім тексеру

Стикерлерді таратып, сол арқылы тақырыпты меңгергенің бақылау

Оқушылардан жауап күтіледі. Білемін, Білдім, Білгім клееді деген сұрақтарға өз ойларын жазады. Оқушылар жауаптарын жазып, тақтада тұрған жүрекке жабыстырады.

Шаршылар

Әдісін қолдану

Стикерлер

1 мин

Үй тапсырмасы

Өз аты-жөндерін Word мәтіндік редакторында жазып, оны сақтап, қанша көлем алатынын анықтау.

Тақырыпты пысықтау

Оқушыларға тапсырманы орындауын түсіндіру

Тақырыпты түсініп түртіп алулары күтіледі



Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар

Не сәтті болмады?

Уақыт жетпеді

Нені жақсартуға болады?

Сабақтың әдіс-тәсілдерін

Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым?

Тапсырмаларды әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіру

Нені өзгертуге болады?

Тапсырмалардың түрлерін және сергіту сәттерін түрлендіру