СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Features of the use of new methods in English lessons

Нажмите, чтобы узнать подробности

Features of the use of new methods in English lessonsFeatures of the use of new methods in English lessonsFeatures of the use of new methods in English lessons

Просмотр содержимого документа
«Features of the use of new methods in English lessons»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолддауында « Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай қазіргі заманғы білім жүйесі қажет» дегені мәлім.

Сондықтан да күннен –күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік,қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының артуы білім беру сапасының мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болуда. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті- білім беру мен  дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе,қазіргі міндет-ойы ұшқыр,шығармашылық қабілеті жоғары,өмірге икемді, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті  мектепке жүктеліп, оқушының жеке қабілетін дамытуда,дарынын ашуда және қоғамдық белсенді іс-әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс-әрекеті мен озық тәжірибесі,қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.Ол үшін оқыту әдісіне жаңа әдіс-тәсілдер дайындап, тәжірибеге енгізуге тиіспіз. Өйткені мұғалім дамымай,оқушы дамымайды, ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай оқушы мен мұғалімнің сапасын арттыру мүмкін емес.Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің ең басты міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсаттарда мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып табылады. Бұл міндеттерді орындау үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қоса алатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты ұрпақ тәрбиелеу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

 

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін, бала жанының бағбаны – мұғалімдер ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, беделді, жаңашыл болуы, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін үнемі толықтырып отыруы керек. Қазір өркениетке апаратын құрал тек қана – білім.

Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.Бүгінгі күні білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады.Белсенді әрекеттер арқылы шәкірт білімді өз бетімен меңгереді. Қазіргі біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі  мұғалімнің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды шебер меңгеруді  талап етеді. Сол себепті, мен де жаңашылдыққа бетбұрыс жасап, Кембридж бағдарламасы бойынша  біілім алуды мақсат етіп,Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сәйкес оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеріп,қазіргі таңда жаңа көзқарас,тың идеямен өз мектебімде жұмыс жасап жатырмын.

Бағдарлама модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен теория жүзінде таныса отырып оқушылардың қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктерді білдім. Іске тартылған педагогикалық тетіктер: оқыту негізін түсіну, өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдіс-тәсілдерін таңдау,жүйелі ойлауға үйрету, оқушылардың    шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын  зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру,тілді, есептеуді жақсы көру,сандық технологиялар саласындағы құзіреттілік.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 32-бет)

Қазіргі таңда осындай бағытта, яғни бағдарлама мазмұнына сай жеті модульді өз сабақтарымда ықпалдастыра отырып, жұмыстанудамын. Сабақтарымның сәтті шығуы үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру бағытында, сабақтарымды әр түрлі   тренингтер арқылы бастаймын, одан әрі оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдермен шағын топтарға бөлудің өзі оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Оқушылар, әсіресе төмен деңгейлі оқушылар да топтық жұмыс кезінде сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздеріне деген сенімділіктері орнайтынын байқап жүрмін. Топтық жұмыс барысында олар үнсіз отыруға, қалыс қалуға болмайтынын түсініп, өз-өздерін реттей бастады. Оқушылар жұптасып, топтасып ойланады, ой бөліседі, пікір алмасады, талқылайды. Топтық жұмыстар кейбір сыныптардағы төмен деңгейлі оқушыларыма да жақсы әсер етуде. Олар бұрынғыдай берілген тапсырмаларға енжар қарамай, сабаққа деген ынталары артып, белсене араласатын болды. Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдің бірі «сыни ойлауға үйрету» басқа модульдермен тығыз байланысты. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін үйренеді, яғни метатаным пайда болады,өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.Оқушы өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға үйренеді. Менің әрбір сабағым диалогтан тұрады. Себебі ағылшын тілі сабағы болғандықтан  оқушылардың ауызекі сөйлеу   дағдыларын дамытуға көп мән беремін. Оқушылар өз ойларын ашық айтып,пікірталас туғызады.Жаңа сабақты өз беттерімен меңгере алады, төмен деңгейлі оқушылардың өздері де тым болмағанда постермен жұмыс барысында,сызба сызуда  көмектескен кездері болды.Оқушылар диалог әдісін қолдану арқылы білімді бірлесіп құру,талқылау,түсіну арқылы білімдерін жетілдіреді Сабақ барысында оқушыларға көптеген сұрақтар қоюға болады.Сұрақ арқылы оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.Осы арқылы оқушы:

-еркін ойлауға мүмкіндік алады

-ақыл-ойын  дамытады

-шығармашылық белсенділігі артады

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді

-тіл байлығы жетіледі

-жан-жақты ізденеді

-өз ойын ашық жеткізеді