Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 19.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: ІІ.Еңбек гигиенасын құралдар мен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше: 2.1. Қайшымен жұмыс әдістері.
Оқу мақсаты: 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Аппликация
Тақырып: Конструктор құрастырамыз
Мақсаты: Бейнені мәнерлі беру үшін сұлбалық кесу мен жұлмалау, жапсыру тәсілдерін қолдануды үйрету.
Міндеттері:
Білімділік- Жеке заттарды қағаздан қиып жапсыруды, қағазды көзбен өлшеп бүктелген сызығы бойынша тегіс етіп қиюды меңгеру
Дамытушылық – Балаларды жапсыруда мазмұндық композиция құру біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік- Ұқыпты жапсыруға үйрету.
Полилингвальды компонент: көк- blue , ақ- white , қызыл- red , жасыл- green , сары- yellow , қара- black
Тіл дағдылары-геометриялық фигуралар, конструктор, танграм, контур бойынша қию, фигураларды үлгі бойынша біріктіру.
Технологиялық қамтамасыз ету: танграммдар, үлгі суреттер, желімдер, қайшылар мен қылқаламдар, альбомдар.
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | (ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу. Орнына ештеңе талап етпей, Жақсы көңіл күймен бөліс. Сәттілік пен ырыс тілей, Өзгеріс желімен бөліс. Бәріне, бәріне, бәріне, Ешкімді қалыс қалдырма, Көңіл күй, жақсылық тілеп, Сәтсіздікті болдырма. Күзгі күнге де күлімде, Адамдардың бәріне де, Күні бойы қуансын, жасы да, кәрі де. Қуанышпен бөлісуді кейінге қалдырма! Педагог тәрбиеленушілерге өзінің де, өзгенің де көңіл күйін көтеруді ұсынады | Музыкалық сүйемелдеу | | |
Негізгі бөлім | Педагог балаларға басқатырғыштардың үлгілерін көрсетіп, олардың не және не үшін керек екенін сұрайды. Бұлар басқатырғыштар! Басқатырғыш дегеніміз не! Балалардың болжамдарын тыңдайды. Педагог балаларға жұмыс үстелінің дайындығын –клеенка, қайшы, желім, желімге арналған жаққыш, түсті қағаздар және қалдыққа арналған сауыттың бар-жоғын тексеруді ұсынады. (ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, суреттегі балалардың немен айналысып жатқанын айтады. Педагог Танграмның геометриялық конструктор екенін түсіндіреді. Оның фигураларынан жануарлар, адамдар, құстар, балықтар, көліктерді және т.б. құрастыруға болады. Бір көңілді ойын бар, аты оның «Танграм». Мұнда бес үшбұрыш бар: екі үлкен, екі кішкентай, орташаның жартысы. Сондай-ақ, бір шаршы бар, Оған да сен таңғалма. Сонымен қатар Танграмда Параллелограм да бар. Балаларға бөлшектерден әртүрлі заттардың бейнелерін жинап, қағазға жапсыруды ұсынады. Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертеді. (ұ) саусақтарға арналған жаттығу. Бас бармаққа қонаққа Бүгін келді бар саусақ: Сұқ саусақ, ортаңғы саусақ. Қалмады аты жоқ саусақ, Ілесті шынашақ. Достар қалай ажырамақ? (ұ, Ж) Жапсырманы орындау технологиясы. Балаларға үлгі бойынша жапсырма жасауды ұсыныңыз. Бұл жұмыс уақытты талап ететін болғандықтан, фигураларды жасауды жұмыс қабілеті жоғары балаларға сеніп тапсыруға болады. Педагог балаларға жұмысты бастамас бұрын нені бейнелейтінін, қандай түсті қағаз қажеттігін, бөліктерді қандай тәсілмен қиятындарын және т. б. жасалатын жұмыстарды ойланып алуларын ұсынады. Қайшының ашасы кең етіп ашылады. Ашаның орта бөлігімен қияды. Қағаз парағының үлкен бөлігін ұстап тұрып, кіші бөлігін қиып алады. Желім жапсырылатын бөліктерге жағылады. Желім шетінен ортасына қарай жылдам жағылады. Желім жағылған бөлік үстіне салынады, оның үстіне парақ жабылады және одан кейін шүберекпен оны ортасынан шетіне қарай мұқият тегістейді. | Әліппе-альбом. Танграм үлгілері. Музыкалық сүйемелдеу. Түрлі-түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, желім жаққыш, сулық клеенкалар, қоқыс салғыш. | | |
Қорытынды бөлім | « Смайлдар» рефлексиясы. Балалар ҰОҚ алған әсерлері мен білімдерін қорытындылайды. Дайын үлгілерден көрме ұйымдастырылады. | Балалар қз ойларын білдіреді. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: -шаблон бойынша жапсырмалар жасай алады;
Түсінеді:. -геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады;
Қабылдайды : жапсырма материалдарын тиімді пайдалана алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 19.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: 2.Жансыз табиғат
Бөлімше: 2.2. Табиғат құбылыстары
Оқу мақсаты: 0.2.2.2. Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану
Тақырып: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Мақсаты: Күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру. Өздіктерінен әңгімелеп беруге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік – Өздіктерінен әңгімелеп беруге үйрету. Балаларға жаз, күз, қыс, көктем мезгілдері жайында түсінік беру.
Дамытушылық – Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: қыс- winter , көктем- Spring, жаз- summer, күз-autumn
Тіл дағдылары: жыл мезгілдері, қаһарлы
Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, бөлме гүлдері, тәжірибеге арналған құрал-жабдықтар.
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | Тәрбиеші: Балалар, сендер алыс жерге саяхатқа барғыларың келе ме? Барлығыңмыз сиқырлы әуе шарына мініп саяхатымызды бастайық. (Балалар, байқап отырыңдар, казір әуен қосылғанда ұшамыз. Көздеріңді жұмып, ыңғайлап қатты ұстап отырыңдар. Абайсызда құлап кетулерің мүмкін. Мына белдікті де байлап қояйын. Балалар көздерін жұмып, ыңғайлана отырып, көктем туралы әуен тыңдап саяхатты бастайды. Музыка әуенімен көктем мезгіліне келеді.) Міне, балалар, көктем мезгіліне де жеттік. Бәріміз жайлана отырып, бір сәтке көзімізді жұмып көктемнің таза ауасымен терең тыныс алып, көктемгі табиғатпен сырласайық. (Үнтаспадан сайраған құстардың, ағаштардың сыбдырын т.б) тыңдайды. Үнтаспадан ненің үнін естідіңдер?. Сәлеметсің бе тиін?. Саған не болды, неге көңілсізсің? Тиін: Көктем мезгілі болды. Мен күннің әр уақыт мезгілін бағдарлай алмай шатасып қала беремін. Сендер маған әр уақыт мезгілін тауып орналастырып бересіңдер ме?. Мен де уақыт мезгілін үйренгім келеді?. Д/ойын: «Уақытты бағдарлау» Ұйқымыздан тұрамыз, Беті – қолды жуамыз. Бақшамызға келміз Бұл қай кезде балалар? Біз тәртіпті баламыз. Айтқан тілді аламыз, Сабақты да оқимыз Серуенге шығамыз. Бұл қай кез?. Күн батады қызарып, Кешкі апайды күтеміз. Қызықты ертегі кітапты Бізге оқып береді. Жуындыры, шайындырып Жеңіл тама береді. Бұл қай кезде балалар?. Үйлерде шам жанады. Дем алады бар әлем. Деп әлдейлер ақ мамам, Бұл қай кезде балалар?. Міне, көрдіңдер ме, балалар? Сендер тиінге көмектесіп, оны қуанттыңдар. Сендерге риза болып қалды. Ендеше тиінмен қоштасып, саяхатымызды әрі қарай жалғасиырайық. Балалар, қане әуе шарына отырып, әрі қарай саяхаттайық. Мен кітап ала шығып едім. Осы кітапты сендерге оқып берейін. Жолымызда қысқарсын. Жаз туралы өлең оқып беру. Өлең не туралы айтылған?. Таңғажайып сәт: Алдарынан көбелек шығады. Көбелек: Менің мезгіліме келетіңдеріңді естіп, сендерге тапсырмалар дайындап қойдым. Сендердің қаншалықты білімді, ақылды екендеріңді байқайын. Д/ойын: «Суретті құрастыр» Тәрбиеші: Көбелек балалар суреттің қатесін дұрыс таба білді ме?. Көбелек: Қатесін дұрыс таба білді. Тәрбиеші: қане, балалар, денемізді бір сергітіп алайық. Көбелек сен де бізбен бірге серігіп ал. Сергіту сәті: Көбелектің көбін – ай, Қызылын –ай, көгін – ай. Бәрін ұстап алар ем Жолдасымның жоғын – ай. Көбелек: Балалар, сендерге көп – көп рахмет. Мен де достарымды тауып алайын деп ұшып кетеді. Тәрбиеші: Міне, көктем мен жаз мезгілінен де өттік. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Әуе шарына отырып, күз мезгіліне келеді. Балалар, күз мезгілінің сұлулығына қараңдаршы, неткен әдемі?. Д/ойын. «Көкөністер мен жемістер» Балалар: Өздеріне ұнаған жемістерім мен көкөністер себеттерге жинайды. Тәрбиеші: Әуе шарына отырып, саяхатымызды жалғастырайық. Таңғажайып сәт: Алдарынан қыс ханшайымы кездеседі. Қыс ханшайымы: Мен мына қалың қарда қолғабымды жоғалтып алдым. Енді менің аяздан қолым тоңып қалады. Не істеймін енді? Саусақ жаттығуы: Жалғыз саусақ тіпті де Қыл қаламды ұстай алмас. Екі саусақ бірікті Қылқалам қолға ілікті. Үш, төрт, бес Өнерлі екен он саусақ. Дәстүрден тыс әдіс өнерін пайдалана отырып, қыс ханшайымының қолғабын жасайық. Саусақтарды ашпай, біріктіре отырып, бояу үстіне бір қалыпты батырып, ақ қағаз бетіне түсіреміз. Қолғап шыққанын көрсету. Ұнаған түстеріне сәйкес қолғапты безендіру. | Балалар: Ия Күзде: жапырақтар сарғайып жерге түседі. Көкөністер мен жемістер піседі. т.б Қыста: қар жауады. Қармен атысып ойнаймыз. Көктемде: ағаштар бүршік жарып, жапырақ ашады. Жазда: күн ыстық болады т.б сайраған құстардың, ағаштардың сыбдырын т.б естідік. Шырша түбінде отқан тиінді көріп тұрмыз. Таңертең Түсте Кешке Түнде Сай бол, тиін! Жаз туралы. Балалар суретті құрастырады. Сергіту сәтін орындайды Қоштасады. Көкөкністер мен жемістерді ажыратады Қолғапты жасайды. | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия «Жетістік шыңы» | Өздерін бағалайды | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: жыл мезгілдері жайлы білімдерін молайтады
Түсінеді: жыл мезгілдерінің өзгерістерін
Қабылдайды : жұмбақтарды шешеді,сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 19.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: 3. Геометриялық фигуралар
Бөлімше: 3.2. Фигуралардың өзара орналасуы
Оқу мақсаты: 0.3.2.2.Объектілерді бірден бірнеше белгісіне сүйене отырып,үлгі бойынша таңдай алу
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Велосипед тебеміз. Фигураларды таңдаймын жəне құрастырамын.
Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажыратуға, құрастыруға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік - Балаларды дөңгелек,шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру. Оларды ажыратуды үйрету.
Дамытушылық – Кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу
Полилингвальды компонент:
Тіл дағдылары: - фигуралар, бірізділік, пішімі, түсі, мөлшері.
Технологиялық қамтамасыз ету: Фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен
денелер (шар, текше, цилиндр), әліппе дәптер, қаламдар, суреттер
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. Педагог велосипедпен серуендеудің пайдасы туралы əңгімеге тартады. Өзектендіру Жиынтық полотнода фигуралардан құрылған жолды қарау ұсынылады:  Сонымен қатар тоғызыншы фигураны іздеуді ұсынуға болады.  – Қандай фигура қалдырылған | Үлестірмелі материал. Жиынтық полотно | | |
Негізгі бөлім | Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Бүгін біз қалып қойған фигураларды тауып, қатарларды жалғастырып, фигураларды салыстырып жəне таңдап жаттығамыз. Жаңалық ашу. (Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда жолдағы заңдылықты жалғастыру қажет. №1 тапсырмадағы жолды талдап, заңдылық бойынша оны аяқтайды. (Ж) Екінші жолды балалар жұппен талдайды жəне өз бетінше бояйды. Үстел үстінде фигуралардан өз нұсқаларын құрып, ұсынады. Жаңаны қолдану. (Т) Заңдылықты құрастыру жəне жалғастыру бойынша тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады. Заттар мен фигуралар беріледі. (Ө) 2- тапсырманы өз бетінше орындайды. Оны орындау үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан пойыздың бөлшектерін жасау қажет. Шаршылар мен дөңгелектерді бөліктерге бөлмеуге болады. Мұны балалар жасасын. Бұл тапсырманы топтарда орындауға болады. Онда бөлшектер ірілеу болуы тиіс. Топқа бір ортақ қағаз парағы беріледі. (Т) 3-тапсырманы балалар топпен талқылайды жəне фигуралар мен үйлерді өз бетінше біріктіреді. Педагог «Фигура қайда тығылды?» ойынын ұсынады. Үйлерді текшелерден жасауға болады. Олардың ішіне фигуралардың бірін – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақша немесе тікбұрышты жасыруға болады. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды: - Бұл фигура үшбұрышты шатыры бар үйде ме? - Бұл фигура сол жақтағы үйде ме? - Бұл фигура үлкен терезесі бар үйде ме? Жəне т.б. | Əліппе-дəптер | | |
Қорытынды бөлім | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Жетістік шыңы » арқылы бағалауды ұсынады. | Балалар өз ойларын айтып, жемістерді ағашқа орналастырады. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: фигураларды біледі
Түсінеді: фигураларды салыстырып ажыратады.
Қабылдайды : сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 20.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: 4 Математикалық модельдеу
Бөлімше: 4.1. Математикалық тіл жəне математикалық модель
Оқу мақсаты: 0.4.1.2. Белгілерді тану ( =, ,
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырып: Менің анам. Заттар тобын салыс тырамын.( =, ,
Мақсаты: Заттарды салыстыруын білу. Геометриялық фигуралар мен дене лерді ажыратып, атау ға және модельдеуге жаттықтыру.
Міндеттері:
Білімділік - Бірнеше белгілерге бағдарлана отырып, үлгі бойынша нысандарды іріктей алуға үйрету.
.Дамытушылық – Кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу
Полилингвальды компонент: аз- more, көп - less
Тіл дағдылары: -үлкен, кіші, тең, ( =, ,
Технологиялық қамтамасыз ету: Əліппе-дəптер Жиынтық полотно, Суреттер
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Ынталандыру. ҰОҚ тақырыбына кіріспе ретінде педагог «Мен анама көмектесемін» ойынын ұсынады. Педагог балаларға ойыншық ыдыс пен азық-түлікті пайдалана отырып, дастарқан жаюды ұсынады. Өзектендіру. Анасы мен қызы, ұлы рөлдері бөлінеді. Балалар дастарқан жаяды, ал топ үстелдегі заттарды дауыстап санайды. Педагог сандар, санау нəтижесі жазылған карточкаларды іледі. Педагог ненің үлкен, ненің кіші немесе тең екенін қалай салыстыруға болатынын сұрайды. (Балалар екі тəсіл – қасына орналастыруды немесе бірінің үстіне бірін қоюды ұсынады. Мысалы, тостағанды тəрелкеге қойып, қайсысы үлкен екенін білуді ұсынады.Екінші тəсіл – санды жазып, сандарды салыстыру. Егер санаған кезде қандай да бір сан бірінші айтылса, онда ол аз болады. Бүгін біз математика тілінде қандай да бір заттардың үлкен, кіші немесе тең екенін қалай жазуға болатынын білеміз. | Еліктеу ойынына арналған ойыншық ыдыс, азық-түлік, «анасына» жəне «ұлына», «қызына» арналған алжапқыштар. | | |
Негізгі бөлім | Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ)Тостағандардың көп (аз) екенін, тəрелке қанша болса, сонша екенін қалай жазуға болатынын кім біледі? Математикада қандай белгілер барын біліп алайық. Жаңалық ашу. (Ұ) Педагог таңбалары бар карточкаларды көрсетіп, оларды ауада қарындашпен немесе саусақпен сызып көрсетуді сұрайды. Белгілерді түтікшелердің немесе ермексаздың көмегімен бейнелуге болады. Математикада көбінесе сандарды шамасы бойынша салыстыруға тура келеді, ол үшін графикалық символдар ойлап табылған. «Көп» сөзінің орнына «» белгісі, ал «аз» сөзінің орнына «белгісі қолданылады. «Мен анама көмектесемін» ойынының карточкаларының арасына белгілер қоюды ұсынады. Балалар басқа балалармен бірге жаңа жазбаларды дауыстап оқиды. Əліппе-дəптердегі 1-сурет бойынша əңгіме жүргізіледі. Ол бойынша үлкен, кіші, тең деп айтуға болады. Сурет бойынша 4 4, 5=5 деген үш жазба құрастыруға болады. Жаңаны қолдану. (Ж) 2- тапсырмада педагог заттарды санауды сұрайды. Белгіні оқуды, мұндай жазбаны кеспелі цифрлардың жəне белгілердің көмегімен жазуды сұрайды. (Ұ) Ұқсас жұмыс жиынтық полотнода жүргізіледі. Жағдаят жасайды. Сырым мен Əлия ыдыстарды орналастырады (немесе шариктерді санайды), оларға заттарды санауға көмектесу қажет. (Ж) Содан кейін педагог сандардың арасына қандай белгі қоюға болатынын көрсетуді ұсынады. Белгіні есте сақтауы үшін ертегі айтып беруге болады. Математиканы оқытқан кезде балаларға əдетте үлкен жəне кіші белгілерін «құстың аузы» деп атайды, оларға бейнелі ұғымды есте сақтау осылай оңай болады. Ал кішісі қай жаққа, үлкені қай жаққа қарай жазылатынын есте сақтау үшін басқа мысал келтіреді: жабық ауыз əрқашан кіші санға қарай, ашылған ауыз үлкен санға қаратып жазылады. Енді егер сол жақта үлкен сан тұрса, ауыз оған қарай ашық тұрады да, бұл «үлкен» белгісі болады, ал егер сол жақта кіші сан тұрса, ауыз солға қарай жабық тұрады, онда бұл «кіші» белгісі болады. Сосын балалар белгілерді бастырып жазып 3-тапсырмада жаттығады. Сонымен қатар белгілерді ермексаздан жасауға болады. Содан кейін педагог ҰОҚ-нің бірінші кезеңіне ұқсас электрондық жиынтық полотномен жұмысты ұйымдастыра алады. | Əліппе-дəптер, санайтын материал Балаларға жұппен «сиқырлы қапшықтан» жорамалдап алу ұсынылады (іші көрінбейтін қапшық, одан балалар жорамалды түрде заттар алады). Сосын заттар үстелдің үстіне қойылады, заттар тобы санмен белгіленеді. Бұдан əрі балалар өздеріне ыңғайлы тəсілмен салыстырады. | | |
Қорытынды бөлім | «Тілек шарлары» рефлексиясы | Балалар өз пікірлерін айтады | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: -заттар топтарын салыстыру жазбаларынан (=, ,
Түсінеді: - заттар топтарын өзара бірмəнді сəйкестік, сандарды салыстыру арқылы салыстырады,( =, ,
Қабылдайды : ( =, ,
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 20.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: 2.Қарым-қатынас қуанышы
Бөлімше: 2.2 Мейрімді жүрек
Оқу мақсаты: Балалардың рухани адамгершілік құңдылықтарды қалыптастыру.
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану
Тақырып: Мен жақсы баламын
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық мәнін ашу.
Білімділік: - «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Дамытушылық: «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.Бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: - Жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: жақсы- good
Тіл дағдылары: жақсылық жасау, адамгершілік қасиеттер.
Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер,түрлі түсті қарындаштар, суреттер,
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім | Әңгімелесу -«Өзін-өзі тану» әлемінде нені үйренуге болады? -Жақсы бала деп кімді айтуға болады? | Балалардың жауаптары. | | |
Негізгі бөлім | Жақсылық пен жамандық. Ертегі Ерте,ерте,ертеде Жақсылық пен Жамандық атты адамдар өмір сүріпті. Бір күні Жақсылық атына мініп, жолға шығыпты. Жолда оған Жамандық кездеседі. Жақсылық онымен жол азығымен бөлісіп, әңгімелеседі. Бірақ Жамандық Жақсылықты алдап,атына мініп кетіп қалады. Жақсылық шаршап-шалдығып, жүре-жүре бір күркеге кеп тіреледі. Ол күркеге келсе, ортада қазан толы ет асулы тұр. Жақсылық қазанға сұқ саусағын малып қана, сорпаның дәмін көреді де, төбесіне шығып, жатып қалады. Кешке қарай күркеге түлкі,қасқыр, арыстан келіп, тамақтанып, әңгімелесе бастайды. Олар үшеуі көрген-білгендерін айтысады.Түлкі тұрып: -Пәлен байдың қыстауында бір сүйем жерде тығулы жатқан бір құмыра алтын бар. Мен күнде сол алтынды күзетіп жүрмін. -Ал мен бір ала тоқтыны қарауылдап жүрмін.Пәлен жерде, пәлен байдың қызы ауырып жатыр.Оның емін ешкім білмейді.Ол қызға ала тоқтының өкпесін жегізсе ғана жазылады. Оған қоса байдың емдеген адамға қызын берем деген жарлығы бар,-дейді қасқыр. -Мен де күнде бір байдың жылқысын жеймін. Мені ешкім қуып жете алмайды. Бірақ сол байдың жылқысының ішінде маған жететін бір ғана ала тайы бар, оны ешкім білмейді. Ол байдың да арыстанды ұстағанға бір үйір жылқы берем деген жарлығы бар,-деп арыстан мақтанады. Ертеңгісін Жақсылық қайтадан жолға шығады. Ол байдың үйіне жетіп, әлгі ауырып жатқан қызды ала тоқтының өкпесімен емдеп жазыпты. Ал бай оған қызын қосыпты. Жақсылық қызды алып, пәлен жердегі қыстауға барып, алтынды қазып алады. Енді Жақсылық жылқысын арыстан жейтін байға келеді. Ол жылқының ішінде жүрген ала тайды алдырып, оны ерттеп мініп, арыстанды ұстайды. Ал бай уәдесінде тұрып, оған бір үйір жылқысын беріпті. Сөйтіп, Жақсылық бай болыпты. Жыл артынан жыл өтіп, бір күні Жақсылықтың үйіне Жамандық келіпті. Ол арып-шаршаған, өзі қайыршыға ұқсаған. -Жақсылық көрген-білгенін айтып, Жамандықты жолға шығарып салады. Жамандық күркеге кеп, шыдамай қазаннан бір тоқпан жілікті алып жеп, сорпадан бес-алты рет ұрттап, күркенің үстіне шығып, жатып қалады. Кешке қарай түлкі, қасқыр, арыстан үшеуікеліп, ет пен сорпаның ортайғанын біліп, күркенің үстінен Жамандықты тауып алып, жеп қояды. Осылай Жамандық жамандығына қарай ит-құсқа жем болыпты Жақсылық жақсылығына қарай мұратына жетіп, бақытты өмір сүріпті. -Қалай ойлайсыңдар, Жақсылықтың бойында қандай қасиеттер басым? -Жамандықтың ісін қалай бағалар едіңдер? -Достарың сендерді алдап кетсе,не істер едіңдер? -Ал, сендер өздеріңді қандаймын деп ойлайсыңдар? Өздерің туралы айтып көріңдерші. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты әр адам жақсылығына қарай жақсы атқа ие боп, жаман қылығына қарай жамандыққа тап болады. Сол себепті де, адамның жақсы, жаман болуы өзіне байланысты екен. Әр бала әрқашан жақсы болуға, жақсы істер жасауға тырысып, біреуге жамандық ойламай, өтірік айтпай, әділ болуы керек. | Балалар ертегіні мұқият тыңдайды Сұрақтарға жауап беруге тырысады Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог қорытындылайды. | | |
Қорытынды бөлім | Оқу іс- әрекеті атқарылған жұмыстың нəтижесін қорытады. Балаларды мақтайды, білуге деген құштарлықтарын ынталандырады. Тәрбиеші балалардың өз жұмысына баға беруін сұрайды | Бала өзінің жұмысын таяқша арқылы бағалайды. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: «Жақсылық» ұғымы туралы түсінігі бар.
Түсінеді: адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін молайтады.
Қабылдайды : үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсету т.с.с қасиеттерге баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 21.02.18 жыл
Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:
Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»
Апталық тақырып: «Электроника әлемі»
Бөлімі: 1 Жеке бас тазалығы
Бөлімше: 1.1 Адамның дене құрылысы
Оқу мақсаты: 0.1.1.2. Дұрыс дене бітімін сақтаудың негізгі ережелерін білу және қолдану.
Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс-әрекеті: Қауіпсіздік мінез –құлық негіздері
Тақырып: Дене бітімі дегеніміз не?
Мақсаты: Сымбатылық туралы түсіндіру Ертеңгілік жаттығулардың денсаулыққа пайдасы жөнінде айту
Міндеттері:
Білімділік - Бала денсаулығының басты кепілі-дене бітімі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық -
Тәрбиелік- Жаттығу ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Полилингвальды компонент: сымбат –рosture
Тіл дағдылары: Қаңқа, бассүйек, омыртқа, аяқ-қол сүйегі, бұлшық ет, сынық, буын.
Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері.
Кіріспе бөлім | Тәрбиешінің әрекеті | Баланың әрекеті | Есеп |
+ | - |
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Неліктен адамның денсаулығы мен көңіл күйіне жаттығуды орындау маңызды? Ненің әсерінен адамның денесі мықты, икемді, сымбатты болады? Жаттығумен жүйелі айналысатындарда ұйқышылдық жоғалады, сергектік сезім пайда болады, эмоциялық өрлеу басталады, еңбек қабілеттілігі артады. Адамның денесі мықты әрі күшті, епті және сымбатты болуы үшін жүйелі түрде жаттығу жасау ғана емес, сонымен қатар үнемі өзінің жүрісі мен дене бітімін қадағалау керек. (ұ, Ж) проблемалық сұрақ: – Дене бітімі дегеніміз не? Неліктен ерте жастан бастап өзінің дене бітімін қадағалау маңызды? Педагог балаларға сәнқой рөліне еніп, достарының алдында подиумда жүргендей сезінуді ұсынады. Балалар өз еріктерімен шығып, бірінен соң бірі дене бітімін және жүру мәнерін, яғни жүрісін көрсетеді, тапсырманы орындаған уақыттағы өздерінің алған әсерлерін талқылап, кімде «сәнқой» рөлі сәтті шыққанын анықтайды. Қорытынды: арқасын тік ұстап, иығын жазып, жүзінде күлкі үйірілген, жеңіл қозғалатын қызға қарасаң, көзің тояды. Егер дене бітімі мен жүрісі жақсы болса, ұлдар сымбатты әрі қайратты көрінеді. педагог ақпараты: Сымбат – адамның отырғандағы және жүргендегі қалыпты дене бітімі. | Балалар педагогтың қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады. Өйткені денеміз қисық болса ол жаман т.с.с. жауаптар айьады | | |
| |
Қорытынды бөлім | Рефлексия «Смайлдар» | Балалар смайлдар арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді. | | |
Күтілетін нәтиже :
Өндіреді: Адамның қарапайым дене құрылысын атайды.
Түсінеді:. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына дене шынықтыру жаттығуларының әсерін және рөлін түсіндіреді.
Қабылдайды : Дене бітімін сақтаудың ережелерін түсінеді және қолданады.