СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Физикадан ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді шығару әдістері

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдердің өз бетімен білімдерін жетілдіруі, идеяларымен және тәжірибелерімен алмасуы арқылы шығармашылық шеберліктерін шыңдау. 

Просмотр содержимого документа
«Физикадан ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді шығару әдістері»


Коучинг жоспары


Коучингтің жоспарлық құрылымы

05.05.17 ж.

Коуч: Габдыгалиев Берик Сабыргалиевич

Коучинг тақырыбы:

Физикадан ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді шығару әдістері

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Жаңа форматтағы ҰБТ базасы.

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің өз бетімен білімдерін жетілдіруі, идеяларымен және тәжірибелерімен алмасуы арқылы шығармашылық шеберліктерін шыңдау.

Түйінді идея:

Күрделі есепті шығара білу – білім сапасын көтеруге кепіл болады.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер топтасып жұмыс жасау, идеяларымен және тәжірибелерімен алмасу арқасында кейбір қиын есептерді шығара алады.

Ресурстар


Үлестірме материалдар

ҰБТ есептері жазылған топшамалар.

Құралдар


А3 форматты қағаздар, маркерлер, стикерлер, магниттер

Топқа бөлу

Үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар, дөңгелектер (8 мин)

Бірлескен жұмыс жаттығулары

Күрделі есептерді шығару үшін жан-жақты жүйелі білім қажет.

  1. Топшамаларды үлестіру (2 мин)

  2. Топ болып есеп шығару. 10 минут аралығында шығарып бітіруі керектігін ескерту.


1 топшама

Жерден вертикаль жоғары 100м/с жылдамдықпен дене лақтырылған. Онымен бір мезетте Жер бетінен 100 м биіктіктегі нүктеден, сол вертикаль бойымен жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен екінші дене лақтырылған. Денелер қандай биіктікте және қандай жылдамдықпен соқтығысады? Ортаның кедергісін ескермеңіз.


2 топшама

Реактивті ұшақ 720 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Бір мезеттен бастап ұшақ 10 с бойы үдей қозғалып, соңғы секундта 295 м жол жүреді. Ұшақтың соңғы жылдамдығы қандай болады?

3 топшама

Бастапқы температурасы Т0 болатын 1 моль бір атомды идеал газдың көлемін изобаралық жолмен 3 есе арттыру үшін қажетті жылу мөлшері неге тең болады ?

4 топшама

Қараңғыда кедергісі R = 25 кОм фоторезисторға кедергісі r = 5 кОм резисторды тізбектей қосты. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток күші (ток көзінің бастапқы кернеуінде) 4 есе артты. Фоторезистор кедергісінің азаюы неше есе болды?



  1. Есептің шығарылу әдісінің дұрыстығын тексеріп, алдымен өзін-өзі бағалап алуын сұраймыз (5 мин)


  1. Содан кейін топтар шығарған есептерімен алмасып, бірін-бірі бағалау жүреді. (5 мин)


  1. Сонымен қатар әрбір топ өзі жұмысын тексерген келесі топты бармақпен бағалайды. (2 мин)


  1. Коучинг соңында мұғалімдерге қорытынды ретінде кері байланыс парағын толтыруға беру (5 мин)


Рефлексия

Мұғалімдер қиын есептерді дұрыс шығаруды оқушыларға үйрету үшін өздері сол қиын есептерді жиі шығарып отырулары қажет екенін түсінді.


Дереккөздер

Жаңа форматтағы ҰБТ базасы. Топшамалар. Постерлер.


































1 топшама

Жерден вертикаль жоғары 100м/с жылдамдықпен дене лақтырылған. Онымен бір мезетте Жер бетінен 100 м биіктіктегі нүктеден, сол вертикаль бойымен жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен екінші дене лақтырылған. Денелер қандай биіктікте және қандай жылдамдықпен соқтығысады? Ортаның кедергісін ескермеңіз.



1 топшама

Жерден вертикаль жоғары 100м/с жылдамдықпен дене лақтырылған. Онымен бір мезетте Жер бетінен 100 м биіктіктегі нүктеден, сол вертикаль бойымен жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен екінші дене лақтырылған. Денелер қандай биіктікте және қандай жылдамдықпен соқтығысады? Ортаның кедергісін ескермеңіз.



2 топшама

Реактивті ұшақ 720 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Бір мезеттен бастап ұшақ 10 с бойы үдей қозғалып, соңғы секундта 295 м жол жүреді. Ұшақтың соңғы жылдамдығы қандай болады?



2 топшама

Реактивті ұшақ 720 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Бір мезеттен бастап ұшақ 10 с бойы үдей қозғалып, соңғы секундта 295 м жол жүреді. Ұшақтың соңғы жылдамдығы қандай болады?



3 топшама

Бастапқы температурасы Т0 болатын 1 моль бір атомды идеал газдың көлемін изобаралық жолмен 3 есе арттыру үшін қажетті жылу мөлшері неге тең болады ?



3 топшама

Бастапқы температурасы Т0 болатын 1 моль бір атомды идеал газдың көлемін изобаралық жолмен 3 есе арттыру үшін қажетті жылу мөлшері неге тең болады ?



4 топшама

Қараңғыда кедергісі R = 25 кОм фоторезисторға кедергісі r = 5 кОм резисторды тізбектей қосты. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток күші (ток көзінің бастапқы кернеуінде) 4 есе артты. Фоторезистор кедергісінің азаюы неше есе болды?



4 топшама

Қараңғыда кедергісі R = 25 кОм фоторезисторға кедергісі r = 5 кОм резисторды тізбектей қосты. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток күші (ток көзінің бастапқы кернеуінде) 4 есе артты. Фоторезистор кедергісінің азаюы неше есе болды?



5 топшама


Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с, массасы 10 г. Егер траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан?



6 топшама


3 моль біратомды идеал газға изохоралық процесте 10 кДж жылу бергенде, газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса, газдың соңғы температурасы қандай?