СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Фонетико-фонематикасы бұзылған баламен жүргізілетін логопедттің ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоспары

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Фонетико-фонематикасы бұзылған баламен жүргізілетін логопедттің ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоспары

Просмотр содержимого документа
«Фонетико-фонематикасы бұзылған баламен жүргізілетін логопедттің ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоспары»

Фонетико-фонематикасы бұзылған баламен жүргізілетін логопедттің ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоспары

Күні:

Тақырыбы: «Ш дыбысы»

Кезеңі: дыбыс қою

Топ: жеке

Мақсаты: Ш дыбысын жеке дыбыста дұрыс айтуын қалыптастыру. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. Ш дыбысы бойынша түсінігін кеңейту. Баланың сөйлеу тілін және ұсақ моторикасын дамыту. Ойындар арқылы жалпы таным қабілетін (ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдау) дамыту.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, еліктеу, механикалық

Көрнекіліктер: Ш дыбысының профилі, айна, зонд, балауыз шамы, кюизенер таяқшасы, слайд, суреттер,


Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

-Сәлеметсің бе?

-Көңіл- күйің қалай?

-Қазір біз қандай бөлмеге келіп отырмыз?

-Логопед бөлмесіне не үшін келеміз?

-Жарайсың!

-Сәлеметсізбе?

-Жақсы, тамаша


-логопед бөлмесіне


- Дыбыстарды анық, әдемі айту үшін

Ізденуші-ұйымдастырушы кезеңі

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы Ш дыбысын әдемі, анық айтып үйренеміз. Ол үшін ернімізге, тілімізге арналған артикуляциялық жаттығулар жасаймыз.

1.«Айтқанға көнбеген тілді жазалау»

2. «кесе»

3.«Тәтті тосап»

4.«Допты аулаға кіргізу»

5.«Саңырауқұлақ»

6.Сылақшы

-Жарайсың!

-Дұрыс тыныс алуымызды қалыпқа келтіру үшін жаттығуларын жасайық:

1.Балауыз шам үрлеу

-Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру.

-Ш дыбысын айтқанда ерніміз күледі, тістеріміз қоршау, тілімізбен кесе жасап, жоғары көтереміз. Ш дыбысын айтқанда ауа ағыны жылы болады.

-Ш дыбысы дауыссыз дыбыс, сондықтан оны көк түспен белгілейміз.

-Қане Ш дыбысын даусымызды қатты шығарып, айтып көрейік?

-Ш-ш-ш

-Ал, енді ақырын, сыбырлап айтамыз.

Тапсырма: «Дұрыс айт»

Шарты: Тиынға жаңғаққа баратын жолды көрсет. Ол үшін мына үш түсті жолдармен ш дыбысын әндетіп баруын керек.

Ш-ш-ш-ш-ш-ш

Ұйқасын тап

Ша-ша-ша- орманда .......

Шу-шу-шу - шашты әжем......

Шы-шы-шы- қойды бақыт

Аш-аш-аш- орманда

Ше-ше-ше-апай біздің


Тапсырма: Ш әрпін Кюизенер таяқшалары арқылы құрастыру.


«Баспалдақ» ойыны

Шарты: Буындарды дұрыс айтса, баспалдақтың келесі сатысына көтеріледі.

Ша-шо-шу-шы-шұ

Тапсырма: «Еске түсір»

Шарты: Бала қуыршақтың артында жасырылған заттардың реттілігін еске сақтап, кейін 1,2,3-ші қуыршақтың артында қандай зат бар екенін еске түсіріп атау керек.






-Артикуляциялық жаттығуларды айнаның алдында жасайды









-Тыныс алу жаттығуын жасайды











-Бала логопедтен кейін ш дыбысының артикуляциялық қалпын қайталап жасайды.



-ш-ш-ш-ш






-Бала тапсырманы орындайды.




-шырша

- шашу

-ағаш

-қойшы

-ерекше


-Ш әрпін Кюизенер таяқшалары арқылы құрастыру.









-Бала тапсырманы орындады.

Рефлекцивті коррекциялаушы кезеңі

-Бүгін біз қандай дыбысты айтып әдемі айтып үйрендік?

-Ш дыбысының артикуляциялық қалпын жасап көрсет?




-Жарайсың! Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау бол!


-Ш дыбысын айтып үйрендік


-Ерніміз күледі, тіліміз кесе тәрізді жоғарғы тістің артында тұрады.


-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Не үйренді: Ш дыбысын анық айтып үйренді;

Не білуі керек: Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуды;

Не істей алады: Ш әрпін Кюизенер таяқшалар арқылы құрастырды;




Фонетико-фонематикасы бұзылған баламен жүргізілетін логопедттің ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің жоспары

Күні:

Тақырыбы: «Ш дыбысы»

Кезеңі: «Ш» дыбысын буында машықтандыру

Топ: шағын топпен

Мақсаты: Ш дыбысын жеке , буында дұрыс айтуын қалыптастыру. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. Ш дыбысы бойынша түсінігін кеңейту. Баланың сөйлеу тіл және ұсақ моторикасын дамыту. Ойындар арқылы жалпы таным қабілетін (ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдау) дамыту.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, еліктеу механикалық

Көрнекіліктер: Ш дыбысының профилі, айна, зонд, түтікше, тапсырмалардың көрнекіліктері, слайд

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезеңі

Сәлеметсіңдер ме?

-Балаға қыз мезгілінің суреті көрсетіледі.

-Суретке қарап қыс мезгілі жайлы әңгімелеп береді.

-Жарайсың!

Сәлеметсізбе?


Ізденуші-ұйымдастырушы кезеңі

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы Ш дыбысын буында анық айтып үйренеміз. Ол үшін ернімізге, тілімізге арналған артикуляциялық жаттығулар жасаймыз.

1. Кесе

2.Тәтті тосап

3.Допты аулаға кіргізу

4.Саңырауқұлақ

5. Үстіңгі тісті тазалау

-Жарайсың!

Дұрыс тыныс алуымызды қалыпқа келтіру үшін жаттығуларын жасайық:

1.Қоянды тамақтандырайық


Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру.

-Ш дыбысын айтқанда ерніміз күледі, тістеріміз қоршау, тілімізбен кесе жасап, жоғары көтереміз. Ш дыбысын айтқанда ауа ағыны жылы болады.

-Қане Ш дыбысын айтып көрейік?

Ш-ш-ш


«Бауырсаққа көмектесейік?» ойыны

Шарты: Буындарды дұрыс айтса, баспалдақтың келесі сатысына көтеріледі.

Ша-шо-шу-шы-шұ

-Жарайсың!

Тапсырма: сағат тілі арқылы буын құра.

Ұйқасын тап

Ша-ша-ша- орманда .......

Шу-шу-шу -әжем шашты ......

Аш-аш-аш ектім мен....

Ыш-ыш-ыш-бөпем жатты...

Тапсырма: «Еске түсір»

Шарты: Бала қуыршақтың артында жасырылған заттардың реттілігін еске сақтап, кейін 1,2,3,4-ші қуыршақтың артында қандай зат бар екенін еске түсіріп атау керек.

Тапсырма: Жұмақты шеш.

Шарты: Бала жұмбақты шешіп,үстелдің үстінен сол заттың суретті тауып атын атайды, буынға бөліп, вагонға орналастырады.







-Артикуляциялық жаттығуларды айнаның алдында жасайды






-Мақтаны түтікше арқылы үрлеп, қоянды тамақтандырды












-Бала логопедтен кейін ш дыбысының артикуляциялық қалпын қайталап жасайды.

Ш-ш-ш










-ша-шо-шу-шы-шұ



-шырша

- шашу

-ағаш

-тыныш






-Бала тапсырманы орындады.






-Бала жұмбақтың шешімін тауып, тапсырманы орындайды.

Рефлекцивті коррекциялаушы кезеңі

-Бүгін біз қандай дыбысты буында анық айтып үйрендік?


-Ш дыбысына байланысты сөздер ата?

-Жарайсың! Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау бол!


-Ш дыбысын айтып үйрендік

-шар, шана, шам, ағаш




-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Не үйренді: Ш дыбысын буында анық айтып үйренді;

Не білуі керек: Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуды;

Не істей алады: Жұмбақты шешіп, тапсырмаларды орындады;







Фонетико-фонематикасы жетіспеушілігі бар балалармен өткізілетін логопедтің оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тақырыбы: Ж-Ш дыбыстары

Кезеңі: Ж-Ш дыбыстарыг ажырату кезеңі.

Топ: жеке

Мақсаты: Ж-Ш дыбыстарының артикуляциялық қалпын түсіндіру. Ж-Ш дыбыстарының белгілерімен таныстыру. Дыбыстарды буында, сөзде анық айтуға жаттықтыру. Тыны салу, ұйқасын тап жаттығуларын жасату арқылы дыбыстарды анық айтуға деген ынтасын арттыру. Тапсырмалар арқылы баланың есте сақтауын, ойлауын дамыту. Мұқият тыңдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап

Құрал-жабдықтар: артикуляциялық қалпының суреті, жіпке тағылған қарлығаш, Дьенешованың математикалық планшеті, ғажайып қалта, суреттер

Әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Сәлеметсің бе?

-Көңіл-күйін қалай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?


-Қыс мезгілінде қандай табиғат өзгерістері болады?

-жарайсың!

-Сәлеметсіз бе?

-жақсы

-қыс мезгілі


-үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-күн сутады, қар жауады

Іздену-ұйымдастырушы

-Бүгінгі өтетің оқу іс-әрекетімізде дұрыс айтып үйренген ж-ш дыбыстарын ажыратып анық айтып үйренеміз.


Артикуляциялық жаттығулар: кәне, айнаға қарап тілімізді жаттықтырайық.

Күрекше

Түтікше

Кесе

Тіс тазалау


Тыны салу жаттығулары.

«Ұшты, ұшты қарлығаш ұшты!» жаттығуын жасайық.

Қарлығаш ұшыру үшін үзбей дем шығару керек. Логопед балаға жіпке тағылған қарлығашты көрсетіп, олармен ойнауды ұсынады.

-Қарашы, қандай әдемі қарлығаш! Логопед қарлығашты үрлейді.

-Қара, ұшты! Енді сен үрлеп, оларды алысқа ұшырайық. Үрлеген уақыт 10 секундтан аспауы тиіс.

-Жарайсыңдар!

Артикуляциялық қалпымен таныстыру

-Ж" дыбысы айтқанда ерін аздап дөңгеленеді. Тістер бір-біріне жақын, тілімізді кесе жасап,жоғары тістің артына көтереміз.

-Қане, ж дыбысын айтып көрейікші?

-Ал, ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді, тілдің ұшы жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады.

-Енді ш дыбысын айтып көрейік?

Дидактикалық ойын: «Ғажайып калта».

Бала бір-бірлеп ғажайып сандықтан суреттерді алып, атын айтып, сөзді буынға бөліп ж дыбысы бар суретті 1себетке, ал ш дыбысы бар суретті 2 себетке салу керек.

Тапсырма: Дьенешованың математикалық планшетің пайдалану арқылы ж және ш әрпін құрастыру арқылы қолдың ұсақ моторикасына дамыту.

Ұйқасын тап.

Жа-жа-жа- менің атым Қожа

Ша-ша-ша-төседім мен алаша

Жы-жы-жы-атам менің қажы

Шы-шы-шы-шара озат оқушы











- бала артикуляциялық қалыпты жасайды











- тыны салу жаттығуларын орындайды















-ж-ж-ж-ж-ж




-ш-ш-ш-ш-ш






- ғажайып сандықтан суреттерді алып, әр суреттің өз себеттеріне салады




- бала ж-ш әрпін құрастырады






- бала логопедтен кейін қайталады


Рефлексивті коррекциялаушы

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай дыбыстарды әдемі, анық айтып үйрендің?


-Үйде ұйқасын тап өлеңін жаттап келесің.

-Жарайсың! Сендер тапсырмалардың бәрін дұрыс, өте жақсы орындадыңдар.

-Сау бол!



- ж-ш дыбысын айтып үйрендік





-Жарайсың! Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Үйрену керек: Ж-Ш дыбыстарын буында, сөзде ажыратып үйренуі;

Білуі керек: артикуляциялық, тыны салу жаттығуларын дұрыс орындай білуі;

Не үйренді: Ж-Ш әріпін деньешованың геометриялық пішіндері арқылы құрастыруды;