Сабақтың тақырбы: Ғарыш қыраны . Т.Молдағалиев.
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу. Көркем сөйлеуге төсілдіру. Өлеңді суреттей отырып оқушылардың белсенділік, шығармашылық қабілетін қиялының дамуына, әдеби тілде сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, қарым –қатынасты сезе отырып, қоршаған ортаны тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ғарыш кемесі, ғарышкерлер суреті, карточкалар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
- Аптаның қай күні.?
- Дүйсенбі – сәтті күн.
- Бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік.
Үй жұмысын тексеру.
А) Сурет көрмесі «Арыстанның тілі қайда?»
Б) «бес жол өлең» және эссе оқылады.
- Сабақ басында бір-бірімізге тілеген ізгі тілектерге қарасақта өрлеу самғау, биіктен көріну, талабың биіктей берсін
-Осының себебі неде?
- Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар. Төрге шығу дегеннің өз қадірі, сыйлы деген мағнаны білдіреді.
Әр мамандықтың, әр оқудың , әр істің төрінен көріну деген – сол істің шебері, майталманы болу.
(Оқушылар өздері таңдап геометриялық түс алады.)
Қызыл түс- Шыңға шығу
Көгілдір - Ғарышқа самғау
Сары түс- Биік талап
Ой шақыру: - адам неге ғарышқа, аспанға ұшуды армандайды?
Топтарға суреттер таратылады. , содан «Ғарыш әлемі » атты коллаж жасау және оны қорғайды.
Жаңа сабақ
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекші қазақ атты ауданда туғын.
1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті бітіреді.
Балаларға арнап «Құралай», «Арман мен Бота» кітаптарын шығарған.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы
- Ғарыш әлеміне ұшу неге қол жетпес арман?
- Адам баласы неге биікке құмартады?
- Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің?
Кесте толтырылады.
Білемін «+» Білгім келеді «-» Жаңа ақпарат «V»
Сергіту сәті: Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Қажетті дерек
Байқоңыр –ғаламдық маңызы бар ғарыш айлығы, ғылыми –техникалық орталық. Ол қызыларда облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елді жетілдіру мақсатымен 1951 жылы ашылды. Кешеннің асты бірнеше шақырымға созылып, 4 қабатты үймен тең қалашық. Онда электор стансасы, теміржол, жылу беру жүйесі, ғарыштық орталық, оттегі- азот зауыты орналасқан.1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды. 1661 12 сәуір әлемдік тарихта мәңгілік жазылып қалды. Адамның асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
1991 жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін созылды.
Бүкіл әлем өркендеуге, жаһандануға ұмтылған заманда ғарышқа ұшу әлі де жалғасуда.
Байқоңыр жұмыс істеп тұрғанда , қазақ жеріне зардабы да жалғасады. Қарағанды облысында Байқоңырдан ұшқан зымырантастарың құлайтын 39 жері бар. Олардың отыны ретінде улы қышқыл заттар пайдаланады. Әсіресе гиптил тәрізді улы зат- ауаға тез тарап, топыраққа, тірі организмге сіңіп, сода да уын жоғалтпайтын зат. 1 грамының өзі 1000 адамды улайды екен. Зымырандардың 1 ғана ұшша қанша зиян келтіреді десеңізші...
Кестеге қайта оралу. Жаңа ақпаратты жазып, оқу
Карточкамен жұмыс
Керекті сөздерді қойып, карточканы оқу
Байқоңыр –ғаламдық маңызы бар -----------------.
------------------------ғылыми –техникалық орталық. Ол ----------------облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан.
----------------------- жылы ашылды.
---------------- электор стансасы, теміржол, жылу беру жүйесі, ғарыштық орталық, оттегі- азот зауыты орналасқан.
------------ жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, -----------,-----------,--------- зерттеу басталды. ----------------------------- жылы алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері ---------------- ғарышқа көтерілді.
--------------жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі -------------- жылға дейін созылды.
Дәптермен жұмыс
«Ғарыш әлемі» немесе «Аспанға саяхат» эссе және өлең шығару
Қорытынды.
Мәтін соңындағы сұрақтар.
- Өлеңдегі «Тек ұшу үшін жаралған
Адамдар қандай бақытты»
- Ғарышқа ұшқан ағаларын үшін мақтан етесіңдер ме?
- Өз Отаның үшін нені мақтан тұтасың
- Өлеңдегі ғажап деген не нәрсе?
Үй жұмысы: өлеңді мәнерлеп оқу.
Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.