СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"?ажайып сурет ?лемінде" бейнелеу ?нері п?нінен сыныптан тыс іс -шара

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейнелеу ?нері, технология ж?не музыка п?ндеріні? онк?ндігі аясында ?ткізілген «?ажайып сурет ?лемінде» атты сайысы

Просмотр содержимого документа
«"?ажайып сурет ?лемінде" бейнелеу ?нері п?нінен сыныптан тыс іс -шара»

Бейнелеу өнері, технология және музыка пәндерінің онкүндігі аясында өткізілген «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысы

Өткізген бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Нажмеденова Шынар Абильхановна



Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, құрастырма суреттер, суреттер.

Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.


1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. _______________________________________________________________

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.


І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаштар»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.


«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.


4 а-сынып. Топ мүшелері:

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________


«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.


4 б -сынып. Топ мүшелері:

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

 

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

3. «Айырмашылығын тап»

4. қисық сөздерді түзету

5. Жұмбақ шешу.

 Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

І КЕЗЕҢ. «САН СҰРАҚҚА САЯХАТ» СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

Суға тез еритін бояу. (Акварель)

Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

Аспан мен жердің қиылысатын сызығын қалай атаймыз? (көкжиек сызығы)

Су , теңіз жануарлар әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)


2 КЕЗЕҢ«Кім шапшаң, кім жылдам?»

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.– деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

 3 КЕЗЕҢ. «Айырмашылығын тап»

Топбасшыларына тапсырма. «Айырмашылығын тап»

Екі топбасшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

 4 КЕЗЕҢ.

Қисық сөздерді түзету

І топқа:

Эскиз – кизэс, графика- афригак, акварель-каварель, колорит- ритокол, оригами-мирагио, композиция- циямзопико:

ІІ топқа:

Перспектива- сапрекпетив, эскиз- сизэк, қарындаш-дарыншақ, архитектура- хутритектраа, сызық- қызсы, ою-өрнек- өренкою.

5 КЕЗЕҢ. Жұмбақ шешу.


Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)

 

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

 

Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)

 

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

 

Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)

 

Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе)


Сайысты қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау