Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: Ғарышқа саяхат»
Тақырыбы/Тема: «Ғарыш кемесі»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: адалдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балаларға ғарыш, ғарыш кемесі, аспан әлемі туралы түсінік беру. Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Үлгі сурет, мүсін, аспан әлемі суреті, ермексаз, керекті құралдары, суреттер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ай – луна , Жер – Земля, ғарышкер – космонавт, зымыран – ракета
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар, жаңа мен балабақшаға келе жатып, жолда Лунтикті кездестірдім. Ол көңілсіз екен, мен одан не болғанын сұрап едім, ол өзінің айда туылғанын Жер ғаламшарына қалай келгенін білмейтінін, оған көмектесумізді сұрады. Лунтикті бізге қонаққа шақырдым. Жер ғаламшарынан айға баруға көмектесеміз деп уәде бердім.
- Балалар, көмек көрсетеміз бе?
- Жарайсыңдар!
Билингвалдық компонент: ай – луна , Жер – Земля.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар ғарышқа ұшатын адамдарды қалай атаймыз?
Ғарышкер дегеніміз аспан әлеміне ұшатын адамдар.
- Олар немен ұшады сендер білесіңдер ме?
- Балалар, осы зымыранмен ғарышқа тұңғыш қазақ елінен Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты ағаларымыз ұшты.
Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламшарында өмір сүреміз. Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны «ғарыш кемесі» деп те атаймыз.
Билингвалдық компонент: ғарышкер – космонавт, зымыран – ракета
Балалар бізде осындай ғарыш кемесін мүсіндеп үйренеміз бе?
Ендеше мына ғарыш кемесіне қараңдаршы.
- Бөлшектері қандай пішіндерге ұқсайды?
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Ғарыш кемесін мүсіндеу жолдары:
- Ермексазды жұмсарту.
- Бөлшектерге бөлу.
- Алақан ортасына салып сопақша түрге келтіру.
- Бөліктерді бір – бірімен біріктіру.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Айлинге ермексаздың бөлшектерін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету.
Балалар жасаған ғарыш кемелеріміз Лунтикке ұнаған сияқты. Қане, лунтикпен бірге ғарышқа саяхатқа шығайық.
Д/ойын: «Ғарышқа саяхат»
Алдымызда үлкен ғалам бар. Балалар таңғажайып әлемге келгендейміз. Міне, қараңдаршы бұл аспан әлемі.
- Аспанда нелер бар?
Күннің айналасында жер және планеталар болады. Жердің күнге қараған жағы жарық, ал екінші жағы қараңғы болады. Айдың жылуы өте аз.
Балалар қане, Лунтикпен қоштасайық, топқа қайтайық.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
Балалар аспанға кімдер ұшады?
Олар немен ұшады?
Балалар біз не мүсіндеп үйрендік?
Балаларды мадақтау.