Тақырып. Газ горелкасының элементтері және олардың мақсаты.
1.Газ горелкасына қойылатын техникалық талаптар.
2.Су жылытқыштарда қолданылатын горелкалар түрлері.
3.Тұрмыстық плиталар қолданылатын горелкалар түрлері.
Мақсаты: Газ горелкасының элементтері және олардың мақсатымен танысу.
1.Газ горелкасына қойылатын техникалық талаптар.
Газ горелканың негізгі мақсаты – газбен ауа толығымен араластыру қажетті мөлшерде және жанғызатын орынға беру.
Барлық газ горелкалар типіне тәуелсіз ортақ конструкциялық элементтері бар:ауаны және газды жеткізу құрылғысы,араласу камерасы, жанарғыны саптау және тұрақтандыру құрылғысы.
1-сопло;2-ауаны беруді реттеу;3-араластырғыш;4-саптау.5-жалын
Сопло саңылау, саңылау арқылы газды горелкаға жеткізіледі.Соплоның мақсаты-белгілі бір мөлшерде газ мөлшерін жеткізу.Саңылаудың диаметірі горелканың жылулық жүктемесі байланысты.
Ауаны беруді реттегіш - ауаны мөлшерін реттейді және отынды жануын қамтамасыз ету.
Араластырғыш-газ ауа қоспасының біртектілігін қамтамасыз ету.Араластырғыш үш бөліктен тұрады.Инжектор, мойын-цилиндр тәріздес бөлігі,дифузор.
Инжектор сопладан келген отын жану үшін ауаны жеткізумен қамтамасыз етеді,
Сирету бұл газ отынының жылдамдығы мен инжектордың сырқы және ішкі диаметріне байланысты.Газ соплодан инжекторға келу барысында газ сирейді.Осының нәтижесінде ауаны инжекция (сору) болады
Мойын-бұл цилиндр тәріздес бөлік, газ-ауа қоспасының жылдамдығын бірқалыпты сақтайды..
Дифузордың мақсаты-газ қоспасының жылдамдығын бәсеңдетіп және процессті гомогенизациялауды (біртекті қоспа жасау) аяқтау.
Горелканың саптауы біртекті қоспаны жану(факел) аумағына беру.
1.Газ оттықтарына қойылатын негізгі талаптар:
- ауа мен зиянды қоспалардың неғұрлым аз мөлшерде бөлініп, газдың толық жанып кетуіне жағдай жасау;
- газ отынының жылуын толығымен қолдануға, қажетті жылу берілісін оңтайлы пайдалануға қамтамасыз ету;
-агрегаттың жылу қуаттылығын өзгертуге қажетті шамадан асық реттеу шекараларын орнату;
- қатты шуды болдырмау (шу деңгейін 85 дБ аспауы тиіс);
- құрылмасының қарапайымдылғы, жөндеуге оңтайлы болуы, пайдалану процесінде қауіпсісздіктің сақталуы;
- реттеу және қауіпсіздік автоматикасын қолдану мүмкіндігі;
- қазіргі таңда қойылатын эстетика талаптарына сәйкес болуы.
2.Тұрмыстық плиталар мен су жылытқыштарда қолданылатын горелкалар түрлері.
Газ плиталарға тек инжекциялы төменгі қысымды горелкалар қолданылады.Газды жағу үшін ,алғашқы ауа ағының 30-50% құрайды.Горелкалардың ең тиімді түрі көп мөлшердегі ауа ағынын қамтамасыз ететін горелкаларды айтуға болады.Мұндай жағдайда екінші ауа ағыны мөлшері азайады.Жалын қалыпты жану барысында бірқалыпты және жалын өзегі көгілдір-жасыл түсті күлгін қалпағы бар.Егер жалын немесе оның бір бөлігі сарғыш –қызғылт түсті болатын болса,онда газ толық жанбағанын білдіреді.Горелка-түтенетін болса,жанарғыны тазаалау қажет болады.Әсіресе газ ауа қоспасын шығатын саңылауды тазалау қажет.
Қазіргі уақытта каналы орталықтандырылған горелкалар кең таралуда(cур.60) және бүірлі жақ реттегіш дискісімен және әсіресе тік жанарғылар да кең қолданылуда.газдың сапалы жануын қамтамасыз етеді және ПӘК жоғары (сур 61 және 62). 61 суретте поляк плитасының жанарғылары көрсетілген. 62 суретте унифицирленген плиталар үшін арналған.Жанарғыдағы жоғарғы пилот жалынының оnты саңылауs ұзартылған және олардың арасындағы қадам ұлғайтылған.Бұл факелге екінші ауаны жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жалынның таралу жылдамдығы сақина жалын есебінен болады ,сақиналы жалын жоғарғы пилот деп аталады.Мұндай жану барысында жалынның үзілуі болмайды.Тік жанарғылардың инжекциялы коэффициенті көлденең жанарғыларға ұзарағанда жоғары және 0,6 құрайды.(сур 63)
Сур.1. Каналы орталықталған плита жанарғысы.
1-айырғыш;2-горелка корпусы;3-қақпағы;4-ауа реттегіш.
Сур.2.Поляк плитасының краны бар көлденең горелкасы.
1-айырғыш(қақпақша); 2-горелка корпусы;3-ауа реттегіш; 4-кран;5-қол сап
Сур.3. Унифицирленген плитаның тік горелкасы.
а)тік;1-қақпақша;2-от саптамасы;3-диффузор;4-шибер;5-сопланың нипельі;6-сопла корпусы;
б)тік жалынның жоғарғы пилоты;1-буртты қалпақ;2-отты саптама.
Сур.4.Реттегіші көлденең горелкасы.
1-буртты қалпақ ;2-отты саптама; 3-бурандамалы втулка;4-контргайка;5-араласу құбыры;6- мундштук араластырғышы; 7-ниппель;8-сопла корпусы.
Ысыту шкафының горелкасы.
Ысту шкафындағы горелкалары әр түрлі конструкцияда қолданылады. Горелкалардың кең тараған түрі болат құбыршасында саңылауы бар горелкалар.Әр түрлі моделдегі плиталар үшін екі параллельді құбыршалардан құралған,п-тәріздес майысқан,штампталған о-тәрізді,спираль бойымен майысқан,сонымен қатар дискті штамталған жанарғы , пилотты жалынымен бірге.Ысыту шкафындағы кейбір горелкалар сур.5 және 6 көрсетілген.Қуырудың сапасын арттыру үшін жоғарғы класста қосымша қуыру «Грилл» горелкалармен жабдықталған.Мұндай горелкаларды ысыту шкафының жоғарғы бөлігінде орналастырылады.
«Грилл» горелкалары құбырша тәріздес,оның екі жағында от саңылаулары орналасқан.Саңылаудан шығатын жалын екі тор экранын жылытады.
Сур.5.Ысыту шкафының горелкасы.
А-саңылаулы құбырша; б-П-тәріздес құбырша; в-Штампты О-тәріздес;г-спиральді құбырша;
Сур.6.Штампталған дискті құбырша.
Бақылау сұрақтары:
1.Горелка қандай элементерден тұрады:
2.Горелка мақсаты қандай?
3.Горлка жұмыс принціпін сипаттапжазыңыз?