СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғажайып адам. Мұратхан Танекеев. Әдебиеттік оқу. 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Әлтай неге тоймаушы еді? (нанға)

2.Әлтай қандай бала еді?(болбырақ,оқуға олақ,есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді)

3. Әлтай ебі келсе қайда кезекші болуға тырысады? (асханаға)

4.Кезекшінің қандай ең ауыр міндеті болды?(екі шелекпен өзеннен су тасиды)

5.Кезекші су мәселесін шешкен соң не істеуге кіріседі ? (картоп аршуға)

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып адам. Мұратхан Танекеев. Әдебиеттік оқу. 3 сынып»

Сынып: 3

Пән: Әдебиеттік оқу

Тақырып: Ғажайып адам.Мұратхан Танекеев.

Мұғалім: Назарова Анаргүл Балтағұлқызы

Өткізу түрі:«Ауызша сабақ1» картасы,БжС технологиясы,ООМ,оқулық, компьютер,дәптер, 24-«+», 24-«-» таңбалар.

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63 % меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде , пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Психологиялық дайындық:

Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Көңіл - күйлеріңіз қалай? Отырыңыздар.

-Бүгін сәтті сабақ болсын!

Қуанышқа толсын!

Біздің алар бағамыз

Тек «5» қана болсын.

Бүгін бізге сабаққа Шұқыркөл мектебінен қонақтар келіп отыр, олай болса біз өз білімімізді көрсете білейік.

Бүгінгі біздің сабағымыз 3сыныбында әдебиеттік оқу

пәнін ауызша 1 картасы бойынша жұмыс жасаймыз.

Сабағымызды бастамас бұрын әдетінше сыныпты белсендіру үшін ортаға көшбасшысын шақырамыз.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

5-ке қолды жеткізу.

-Өте тамаша,рахмет отырағой.

-Балалар өткен сабағымызға бекіту жасап алайық.

Шерхан Мұртазаның «Интернат наны»

Тақтаның оң жағына 63 %деп жазылады.


2+

2

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақтар.

1.Әлтай неге тоймаушы еді? (нанға)

2.Әлтай қандай бала еді?(болбырақ,оқуға олақ,есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді)

3. Әлтай ебі келсе қайда кезекші болуға тырысады? (асханаға)

4.Кезекшінің қандай ең ауыр міндеті болды?(екі шелекпен өзеннен су тасиды)

5.Кезекші су мәселесін шешкен соң не істеуге кіріседі ? (картоп аршуға)

6.Одан кейін ұзыннан-ұзақ созылған үстелге екі қатар не қойып шығады?(екі қатар қалайы тәрелкелерді, қисық-қыңыр қалайы қасықтарды)

7.Содан барып әрбір тәрелкенің тұсына тілдей-тілдей

кесілген не қояды?(қара нан)

8.Бұл кезде Әлтайдың қасына кім ілесіп жүреді? (тәрбиеші)

9.Соның өзінде Әлтай не істеп үлгереді? (бірер кесек нанды аузына бұралақтатып ұрып жібереді)

10.Кезекшілік күні өткен соң, Әлтайдың көңілі қандай болады?(той тарқағандай құлазып қалады)

11.Балалар ұйқыға кетеді.Бір бөлмеде неше бала жатады? (10)

12.Бәрі әскер балалары.Бәрі қайдан келген? (ауылдан)

13.Бұл интернат –пансион қашан ашылды? (Соғыстан кейін)

14.Ашқарын ұйқыда түстерінде не көріп,тамсанып жатады?(ауылдың нарт қызыл таба нанын көріп жатады)

15.Осы кезде Әлтай басын көрпемен жауып алып, не жейді? (нан)

16.Бір күні Әлтайды кім әшкереледі?(Сәттіғұл)

17.Сәттіғұл не деп айғай салды? (палундра!)

18.Сәттіғұл Әлтайдың үстінен нені жұлып алды? (көрпені)

19.Кінәсін біліп Әлтай жолдастарына не берді?(бір тілім нан, жетпегендерге бір уыс талқан немесе бір түйір құрт)

20.Бөлме іші неге толғандай болды? (мейірімге)

21.Сол сезімнің әлдилеуімен он бала қандай ұйқыға кетті?(тәтті)

22.Түстерінде кімді көреді? (бір қанар нан арқалап балаларға үлестіріп жүрген дәу ағайды көреді)

23.Дәу ағай кім екен?(Аязата болған екен)

24.Жаңа жылда кәмпит орнына не сыйлап жүр екн?

(бір-бір бөлке нан)

-Қарама-қарсы сұрақтар бойынша қорытынды жасаймыз

таңбаларды санайды

-Өткен сабаққа бекіту жасап шықтық

-Дәптерді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз

Төртінші желтоқсан

Сынып жұмысы

Ғажайып адам.Мұратхан Тәнекеев.

-бүгінгі сабағымыз Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі.

Мұратхан Тәнекеев 1928 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты(бұрынғы Қасық) ауылында дүниеге келген. М. Тәнекеев көптеген спорт бағытындағы 300 – ден аса ғылыми еңбектердің, монографиялар мен кітаптардың авторы.

(Жаңа такырып бойынша қысқаша кіріспе жасау)

-Мына суреттегі адамды таныйсындар ма ? (компьютерден Қажымұқан Мұнайтпасовтың суретін көрсету)

-Бұл кім?

-Қажымұқан туралы біз не білеміз?

-2 сыныпта қандай шығарма өттік?(«Алып бала» Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармасы)

-Қажымұқан кім болған?

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

1-баға. Нәтиже бойынша + немесе -қойылады.

Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Алдымен сұрақ қоямыз, одан кейін ООМ орнын көрсетемін.


Тақырып мазмұның ашу үшін 24 сұрақ дайындалды

сыныпта 3 оқушы

24:3=8(әр оқушаға

8-сұрақтан тиеді)

Әр балаға 8 –«+»пен «-» берілді

жауап берген соң

өздері бағасын қойып отырады.


«5» сұраққа жауап берсе «+» алады.













1-кезең 63 %


3

Қабылдауды ұйымдастыру

1-сыни нүкте.

7 тірек сөз жазылады

1.Қажымұқан 2.Мұнайтпасов

3.Күшті

4.Алып

5-6-7.Алғашқы қазақ палуаны

Тірек сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

Тірек сөздер жатталып, жабылады.Оқушылар жазып болған соң тірек сөздер ашылып, оқушылар дәптерлерімен алмасып, сөздер саны есептеледі. (6-7 норма)

2- белгі. Есте сақтауға берілген уақыт нормативі

7сөз- 30сек.

Тақтаға нәтижені жазу.





2-кезең 63 %

4

Ұғынуды ұйымдастыру

6 минут ішінде оқушылар берілген мәтінді іштен, түсініп оқиды.




3 сынып, мәтіннің бір бет парағына берілетін уақыт 4мин.







5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.

1.Бір адам қанша килограмм темірді иығына салып көтеріп келеді? (450)

2.Бірақ бұған көрмеген кісі .....(сенбес еді).

3.Бір күні Қажымұқан өз серіктерімен келе жатса бір үйдің алдында нені көтере алмай тұрған адамдарды көреді? (темір сейфті)

4.Бұл адамдар палуандарға не дейді?(палуан достар, күштерінді көрсетіңдер дейді)

5.Палуандар «1,2,ал көтерейік! деп қозғаса ,сейф......(орнынан тапжылмайды)

6. –Ал жігіттер,былайырақ тұрындар!-дейді де, кім шапанын шеше бастайды.(Қажымұқан).

7.-Мықты арқан әкеліндер,дейді ол кімге? (сейфтің иесінеі).

8.Қажымұқан арқаннан мықтап ұстап,сейфті арқалай көтеріп үйдің нешінші қабатына алып шығарды?(2)

9.Париж.Цирк аренасына «Қара Иван» шықты- бұл кім? (Қажымұқан Мұнайтпасов.)

10. Қажымұқан цирк аренасына қалай келді? (ала шапанын киіп,түйеге мініп келді).

11.Қажымұқан бөшкені көтеріп алды,сөйтіп аренаны бірнеше рет айналып шықты.Бөшкеге неше шелек су құйылған ? (40)

12.Қажымұқан аренаға тісімен сүйреп әкелген арбанын салмағы?(75 пұт-1200кг) 1пұт-16кг (салмақ бірлігі)

13.Сахнадан Қажымұқан қалай шығып кетті ?(түйені арқасына салып шығып кетті)

Қарама-қарсы сұрақтар бойынша қорытынды жасаймыз

таңбаларды санайды

3- белгі. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады.





12:3 =4 сұрақтан тиеді.

(1-сұрақ қосыша)


«3» сұраққа жауап берсе «+» алады.













3-кезең 63 %

6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру

Сыни сұрау.

1. Бір күні Қажымұқан өз серіктерімен келе жатса бір үйдің алдында теледидарды көтере алмай тұрған адамдарды көреді? ( жоқ-темір сейфті)

2.Палуандар «1,2,ал көтерейік! деп қозғаса ,теледидар орнынан тапжылмайды. ( жоқ- темір сейф)

3. Париж.Цирк аренасына «Қара Иван» шықты- Қажымұқан Мұнайтпасов.(ия)

4.Қажымұқан цирк аренасына ала шапанын киіп,түйеге мініп келді.( ия)

5.Қажымұқан аренаға тісімен сүйреп әкелген арбанын салмағы

75кг. (жоқ -75 пұт-1200кг)

6.Сахнадан Қажымұқан түйені арқасына салып шығып кетті

(ия)

Сыни сұрақтар бойынша қорытынды жасаймыз

таңбаларды санайды

3-сыни нүкте.

3-белгі.Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады.


6:3=2 сұрақтан тиеді.


«2» сұраққа жауап берсе «+» алады





4-кезең 63 %

7

Талдау

Уақыт

5минут

Өтілген тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Оқушылар түсініктерін мәтін мазмұны бойынша жазады.





4-сыни нүкте.


3-белгі.Нәтиже бойынша барлық оқушыларға +,-қойылады.

Сөздік қордың нормативі 37 сөз


5-кезең 63 %.




.

8

Рефлексия

Қысқаша талдау жасау-қорытындылау.

- Қажымұқан кім болған?

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.

Айтқанымыздай таңқаларлық бір қызық кезеңі. …1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе колхозы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин». -«Ғажайып адам»-әңгіменің тақырыбы дұрыс қойылған ба? -Қалай ойлайсындар?

-Қажымұқанды ғажайып адам деуге болама?


9

Бағалау

4,5 + «5 », 3 + «4», 2 + «3» деген баға қойылады.

Оқушылар саны-3

2 оқушы-«4»

1 оқушы-«5». Норма 63% орындалды.Сабақ мақсатына жетті.

Сапа нормативі :

63 % оқушы 5 ұпай алу керек.



10

Үй тапсырмасы

4 бағадан кем алған оқушыға үйге тапсырма беріледі.

5жолды өлең құру (Қажымұқан)

93-95бет