Сабақтың кезеңдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер | Бағалау | Ресурстар |
Қызығушылықты ояту | 1. «Танысу» тренингі. 2. Топқа бөлу: І топ: «Мұхиттар» | 1-ші, 2-ші номерге саналу; 1-ші номердегілер «Мұхиттар» тобына, 2-ші номердегілер «Минералды сулар» тобына орналасу; | Баяндау, әңгімелеу, тәжірибе, анықтау, ой толғау, әр түрлі тапсырмалар орындау, жинақтау. | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, |
Үй тапсырмасы | Сен білесің бе? | Материктер мен аралдар 1.Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы. А) тау Ә) рельеф Б) мұхит 2. Құрлықтың жан – жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі. А) материк Ә) арал Б)теңіз 3. Жер шарында неше материк бар?А) 4 Ә)5 Б) 6 4. Материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатқан арал А) жанартаулық Ә)материктік Б) маржандық 5. Ауданы ең үлкен материк А) Еуразия Ә)Африка Б)Аустралия 6. Ең ылғалды және жасыл материк А) Антарктида Ә)Оңтүстік Америка Б) Солтүстік Америка 7. Ауданы жөнінен ең үлкен арал А) Суматра Ә)Хонсю Б) Гренландия | Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | |
Тұсаукесер 5 мин | «СУ» сөзіне ассоциация | Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 98% ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз. | ой толғау | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | Глобус, слайдттар, суреттер, физикалық карта, тест; |
Мағынаны ашу | *Мұхит, өзен көл жер асты батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары — жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро — су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және теңіз сулары. * Кім жылдам? Сурет бойынша тізбек құрастыру. «Дүниежүзілік су айналымы» сурет (слайд). «Мұхиттар» мәтінмен жұмыс | *«Мұхиттар» тобы: Мұхиттар туралы мәлімет қорғау. «Минералды сулар» тобы: минералды сулар туралы мәлімет беру. Әр топ өз тақ. Қорғайды. *52-бет суретпен жұмыс Мәтінді оқуға тапсырма беріледі, 57-бет, «Ең ерекше» кестесін толтыру | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар |
Ой-толғаныс | Мақал – мәтелді аяқтау. Бұл кезеңде оқушылар суға байланысты қазақ халқының суды бағалауға, қорғауға, қадірлеуге тәрбиелейтін мақал – мәтелдерді аяқтайды: | 1) “Дария басы - бұлақ”. 2) “Судың да сұрауы бар”. 3) “Сулы жер – нулы жер”. 4) “Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.” 5) “Су - ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі ”. | Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау | | Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар |
Қорытындылау: | Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса тірлік тәмәм бауырым. Судың біздер біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін,- деп сабағымызды аяқтаймыз. | | | | жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, |
Бағалау, кері байланыс | «Сэндвич» әдісі: «нан» -мадақтау «шұжық»-сын айту «ірімшік»-ұсыныс айту | Оқушылар өлең жолдарымен немесе осы сабақтан ұққандарын өз ойларын айтып бірге қорытынадылайды | | Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды | жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, |
Үйге тапсырма | §19-22 тақырыпты оқу, 1)Не үшін суды қорғау керек? 2)Су – ерекше бағалы минерал. Осы сұрақтар төңірегінде шағын шығарма жазу. | | | | жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, |