СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

География 11 класс

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тесты по географии для 11 класса. Новый формат 2017 года.

Просмотр содержимого документа
«География 11 класс»



ГЕОГРАФИЯ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

1. Адамның шығуымен байланысты кайнозойдың соңғы дәуірі

A) силур

B) девон

C) антропоген

D) палеоген

E) неоген

2. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл

A) Балқаш

B) Онега

C) Арал

D) Каспий

E) Байкал

3. Африка жағалауына ұласып жатқан мұхиттар

A) Тынық, Үнді

B) Атлант, Тынық

C) Атлант, Үнді

D) Солтүстік Мұзды, Атлант

E) Солтүстік Мұзды, Үнді

4. Африкадағы ең үлкен көл

A) Виктория

B) Чад

C) Танганьика

D) Тана

E) Ньяса

5. «Экономикалық география» терминін енгізген ғалым

A) Н.Н.Баранский

B) В.В.Докучаев

C) М.В.Ломоносов

D) Б.П.Алисов

E) А.Гумбольдт

6. Сарқылатын, қалпына келмейтін табиғат ресурсы

A) өсімдік

B) жер

C) мұнай

D) жануар

E) су

7. Нидерланд елінің астанасы

A) Будапешт

B) Амстердам

C) Берлин

D) Бухарест

E) Варшава

8. Мемлекеттердің әкімшілік–аумақтық құрылымының негізгі түрлері

A) монархиялық, республикалық

B) унитарлық, республикалық

C) конституциялық монархия, конфедерация

D) федерациялық, унитарлық

E) абсолюттік монархия, теократиялық монархия

9. Дүние жүзіндегі аса ірі агломерациялардың бірі

A) Үлкен Мехико

B) Пльзень

C) Турку

D) Линц

E) Венеция

10. Планда көрсетілген өзеннің шартты белгісі

A) өзеннің бағыты

B) су шығыны

C) өзеннің ені

D) өзеннің тереңдігі

E) беткейі

11. Оңтүстік полюске бірінші болып жеткен саяхатшы

A) А. Тасман

B) Р. Пири

C) Р. Амундсен

D) Дж. Кук

E) В. Скотт

12. Алакөл қорығының құрылған жылы

A) 2010 ж.

B) 1984 ж.

C) 1927 ж.

D) 1992 ж.

E) 1998 ж.

13. АҚШ–тың «металлургиялық астанасы»

A) Нью–Йорк

B) Лос–Анджелес

C) Вашингтон

D) Хьюстон

E) Питсбург

14. Континенттік қайраңның негізгі байлығы

A) мұнай, газ

B) темір, фосфорит

C) йод, мыс

D) көмір, шымтезек

E) тақтатас, алмас

15. Таудың етегіндегі қысым 780 мм, шыңындағы қысым 720 мм болса, таудың биіктігі

A) 400 м

B) 600 м

C) 800 м

D) 500 м

E) 700 м

16. Дүние жүзіндегі ең терең – Мариана шұңғымасы ашылған жыл

A) 1957 ж.

B) 1959 ж.

C) 1950 ж.

D) 1960 ж.

E) 1955 ж.

17. Жетісу, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт, Мұғалжарды зерттеген саяхатшы

A) С.С. Неуструев

B) Н.А. Северцов

C) И.В. Мушкетов

D) А.Н. Краснов

E) А.И. Левшин

18. Алакөл көлінің пайда болу типі

A) борпылдақ жынысты

B) тектоникалық

C) қалдық

D) мұздық

E) суффозиялық

19. Ірі танкерлермен алып жүк тасымалдайтын кемелер жасауға маманданған ел

A) Ресей

B) Бразилия

C) Жапония

D) Қытай

E) Үндістан

20. Кемеден берілген дыбыс 8 сек. кейін жаңғырық түрінде эхолотқа жетті. Мұхиттың тереңдігі

A) 9000 м

B) 5000 м

C) 4500 м

D) 8500 м

E) 6000 м

Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Жер бетіндегі материктер, аралдар, түбектер, мұхиттар бейнеленетін жердің дәл үлгісі

A) план

B) платформа

C) топографиялық карта

D) тақырыптық карта

E) горизонталь

F) геосинклиналь

G) глобус

H) аэрофотосурет

22. Жаңа Дүние бөлігі (бөліктері)

A) Аустралия

B) Антарктида

C) Азия

D) Еуразия

E) Африка

F) Америка

G) Мадагаскар

H) Еуропа

23. Қазақстанның жер көлемі

A) 2224,4 мың км2

B) 2112,8 мың км2

C) 2724,9 мың км2

D) 2513,6 мың км2

E) 2654,1 мың км2

F) 2154,3 мың км2

G) 2045,2 мың км2

H) 2365,8 мың км2

24. Алтай тауы арқылы Қазақстанмен шектесетін мемлекет (-тер)

A) Ресей

B) Өзбекстан

C) Моңғолия

D) Иран

E) Қытай

F) Қырғызстан

G) Түркия

H) Түркіменстан

25. Азияның жаңа индустриялды елі (елдері)

A) Вьетнам

B) Непал

C) Пәкістан

D) Малайзия

E) Корея Республикасы

F) Иран

G) Сингапур

H) Қытай


26. 1519-1522 жж. аралығында Жер шарын айналып өткен саяхатшы (-лар)

A) Дж. Кук

B) А. Тасман

C) Васко да Гама

D) С. Элькано

E) А. Веспуччи

F) Х. Колумб

G) Ф. Магеллан

H) С. Дежнев

27. Батыс Қазақстан облысы шекараласатын облыс (-тар)

A) Солтүстік Қазақстан

B) Маңғыстау

C) Қарағанды

D) Оңтүстік Қазақстан

E) Ақтөбе

F) Атырау

G) Шығыс Қазақстан

H) Қостанай

28. Табиғи газға ең бай ел (-дер)

A) Франция

B) Ресей

C) Жапония

D) Сомали

E) Канада

F) Бразилия

G) Ауғанстан

H) Украина

29. Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлген ғалым (-дар)

A) В. Юнкер

B) Л. Гумилев

C) Н. Вавилов

D) А. Воейков

E) Н. Баранский

F) Б. Алисов

G) А. Вегенер

H) А. Гумбольдт


30. Атлант мұхитының Еуропа жағалауындағы ірі порттары

A) Сингапур, Джакарта, Хошимин

B) Жаңа Орлеан, Бостон, Балтимор

C) Кейптаун, Монровия, Фритаун

D) Александрия, Триполи, Касабланка

E) Кальяо, Вальпараиса, Антофагаста

F) Галифакс, Ванкувер, Принс-Руперт

G) Монтевидео, Сантус, Ресифи

H) Роттердам, Марсель, Гамбург


ГЕОГРАФИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ