СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Глобус- жердің моделі.

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Глобус –жердің моделі ретінде мазмұнын аша отырып ,тапсырманы орындауға жаттықтығады. ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады

Просмотр содержимого документа
«Глобус- жердің моделі.»

6-сыныпқа ҚМЖ пән мұғалімі: Кариева Гүлайым Хангереевна


География

6 Сынып


Сабақ тақырыбы:

Глобус- жердің моделі.

Сабақтың мақсаттары

Глобус –жердің моделі ретінде мазмұнын аша отырып ,тапсырманы орындауға жаттықтығады. ой-өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар глобусқа сипаттама бере отырып, өз ойларын жеткізе білуді үйренеді,олардың орналасу жүйесі туралы түсінеді

Негізгі идеялар:

Глобуспен танысу. тақырып материалдарының технологиялық тәсілдерімен танысу арқылы тақырыпты терең меңгеру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер, таратпа материалдары, дидактикалық материалдар, интернет мәліметтері

Оқыту әдістері:

1. ЖИГСО әдісі

2.Венн диаграммасы

3.Ойлан, жұптас, талқыла

4. «Балық аулау» Картамен жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Глобус» тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www. bilimdiler.kz


Тапсырмалар:

І. Еске түсіру сәті ІІ. Ой қозғау. ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс. V. Шығармашылық тапсырма





Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді

Еске түсіру

Практикалық дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар:Топографиялық картадан төбенің ( немесе шұңқырдың) салыстырмалы биіктігін анықтау.

2.Биіктігі 64 м болатын, оңтүстік беткейі солтүстік беткейіне қарағанда тік төбенің 20 м сайын жүргізілген горизонтальін сызу.

3.Горизонтальдары 10 м сайын жүргізілген абсолюттік тереңдігі 162 м шұңқырды бейнелеу.Шұңқыр ернеуінің биіктігі 157 м.

4.Жер бедерінің төмендегі пішіндерін сипаттау ( Екі төбесі бар,шығыс беткейі көлбеу төбешікті бейнелеу).



Берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.

Ой қозғау

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру:

Мұғалім Жердің ғарыштан түсірілген суретін көрсетіп,Жердің пішінінің қандай екенін сұрайды.Жердің кішкене моделі-глобус.Латын тілінде « шар » дегенді білдіреді.Планнан айырмашылығы Глобуста жер бетінің қашықтығы ондаған миллион есе кішірейтіліп түсіріледі.



Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Мағынаны тану

Сабақ тақырыбы хабарланған соң,«Жигсо» әдісімен жаңа тақырып меңгеріледі:

1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу.

2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу.

3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілер карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координаттарды анықтау жолдарын үйрету.

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек


Венн диаграммасы бойынша глобустағы кескіндермен картадағы кескіндердің ұқсастығын ата


карта

ұқсастығы

глобус






Сабақты пысықтау

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен

Мұғалім оқушылардан кіші,орта,үлкен глобустардың масштабын атауларын сұрайды. ( Глобус масштабы: кіші 1:83 000 000, орта 1: 50 000 000,

үлкен глобустікі 1: 30 000 000 ) Бұндай масштабтар планмен салыстырғанда ұсақ болады.


Жұмсақ сызғышпен немесе қағаз қиындысымен үлкен, орта, кіші глобустардың экватор ұзындығын өлшейді.Мәліметін дәптерге жазады:

830 км х 48 =39840 км ( кіші глобуста )

500 км х 82 = 41 000 км (орта глобуста)

300 км х 133=39900 км ( үлкен глобустағы экватор ұзындығы).

Мұғалім экватор ұзындығының 40000 км екенін оқушылардың есіне салады.

Қорытындылау:

«Балық аулау»

Балықтардың артында әр топқа тапсырма беріледі, дұрыс жауап берген оқушы балықты алады.

•Сонымен жердің пішіні қандай?

( Эллипсоид)

•Бірақ жер пішіні дәл эллипсоид емес,өте күрделі,көптеген ауытқулары

бар,бірде-бір математикалық фигураға сәйкес келмейді.Бұл фигураны-геоид ( жер тәріздес) деп атайды.

Геоид Европа мен Тынық мұхитында: мысалы эллипсоидтың үстінде дөңес ( төбешік) секілді, Сібірде-қазаншұңқыр.Балтық теңізі тұсында көтеріледі,Қара теңізде небары 70 см-ге төмен түседі.

Балықтардың артында әр топқа тапсырма беріледі, дұрыс жауап берген оқушы балықты алады.


Қорытынды: Сонымен Жердің пішіні « шар » бейнесінен бөлек екенін білдік,себебі экваторлық радиус полярлық радиустан ұзын.(6378км-6356=22 км ).Егер жердің жалпы ауданы 510 км кв болса,онда 22 км қашықтық онша көзге ілінбес еді.-Ал « шар » тәрізді деп неге айтамыз? (Егер жазық жерде тұрып жан-жағымызға қарасақ көкжиектегі бейне дөңгелек болып көрінеді).Жердің « шар » тәрізді бейнесі Жерге Күннің жарық сәулесі,яғни жылуының біркелкі түспейтіндігін дәлелдейді.Жердің жарық және қараңғы жақтарын көз алдымызға еркін елестетеді.

Рефлексия:


Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі

Бағалау:


Бағалау парақтары жинап алынады

Смайликтер, кері байланыс топтар өзара бағалайды. Бақылаушының бағалау парағы арқылы бағаланады

Үй тапсырмасы:

§11. Шығармашылық тапсырма:« Географиялық құпияны » анықтап көріңдер.Бұрғышы-мұнайшы,аквалангист-суға сүңгуші, поляр зерттеушісі және пингвин Жердің ортасына қайсысы жақын бола алатыны жайлы таласыпты.