СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ГТҚҚ аға шебері (шебері)

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«ГТҚҚ аға шебері (шебері)»

МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары (теориялық)

Сабақ тақырыбы: ГТҚҚ аға шебері (шебері)

Модуль /пән атауы КМ8. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру

Педагог Хайрова Назгул Бауыржановна

  1. жылғы « »

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ ІІ, ТЖ-111.2, Сабақтың түрі: Аралас

2.Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыруды үйренеді

Сабақ мақсаты: Газ-түтінінен қорғау қызметінің аға шебері міндеттерін түсіну

3.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Бағалау өлшемдері. Жоғары жылуды өткізбейтін өрт сөндірушілердің киім-кешегі жөнінде түсінігі бар

Қажетті ресурстар Мултимедиялық кабинет, тақырып бойынша слайдтар, тақырып бойынша бейнероликтер.

  1. Сабақтың барысы

І. Сабақтың басы(5-7 минут)

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезең. Сәлемдесу. Психологиялық көзқарас.

Қайырлы күн құрметті студенттер.

Осындай көңіл-күймен біз сабағымызды бастаймыз.

Барлығына сәттілік тілейміз

Өткен тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. ТОЖҚҚ-ға жаңадан келегендер техникалық кәуландыруды қайда өткізеді

  2. Газ-түтіннен қорғау қызметі звеносы

  3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары

  4. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын бақылаулық тексеру

ІІ. Сабақтың ортасы(20-30 минут)

Студенттер берілген тақырыпқа байланысты бейнежазбаны қарап, талқылау жасау арқылы, сабақ тақырыбына байланысты дәріс жазады.

Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын (бұдан әрі - ТОЖҚҚ) ендіру, бекітілген, оларға қойылған қауіпсіздік нормаларына және техникалық талаптарға сай болғанан кейін ғана пайдаланылады.

ТТҚҚ базасының өндірістік қызметі, өндірістік учаскелерінің, қызметтік және қосалқы үй-жайлардың, жабдықтардың, техникалық қызмет көрсету және жеке тыныс органдарын қорғау құралдарының, компрессорлық жабдықтың жөндеуін, сақтауын, ауа (оттегі) баллондарының сақтауын қамтамасыз етеді, бір бірімен байланыстыру кешені болып табылады.

ГТҚҚ базасының жұмысын компрессорлық қондырғылар және қысым тамырларын пайдалану бойынша оқудан өткен ГТҚҚ базасының бастығы және (немесе) ГТҚҚ аға шебері (шебері) қамтамасыз етеді. ГТҚҚ базасына жіберу рұқсаты Астана және Алматы қалаларының, облыстардың Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-ТЖД) бастығының бұйрығымен рәсімделеді.

ГТҚҚ бірнеше өртке қарсы бөлімшелерге қызмет көрсете алады. Бекітуді ТЖД бастығының бұйрығымен жүргізіледі. Бұл ретте келесі критерийлер мен ұсыныстар ескерілуі тиіс:

ГТҚҚ базасының қызмет көрсету радиусы 100 км аспауы тиіс, сонымен қатар облыс аумағының әкімшілік бөлінуі ескерілмейді (бөлімшелердің әр түрлі аудандарға бағыныстылығы);

ГТҚҚ бір ғана шебері елуден аса тыныс алу аппаратына қызмет көрсетуге жол берілмейді.

ГТҚҚ бар бөлімшенің алыс орналасқан және саны аз болған жағдайда оның базасында ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін жабдықталған ауа толықтырғыш пункті ұйымдастырылады.

ГТҚҚ базасы өз қызметін жоспарлау, талдау және есеп беру негізінде жүргізеді.

ГТҚҚ аға шебері (шебері) техникалық қызмет көрсетудің, ТОЖҚҚ жөндеуін жүргізудің жылдық кесте-жоспарын және жылдық жоспар негізінде айлық кесте-жоспарлары, сондай-ақ ГТҚҚ техникалық құралдарын жөндеу және куәландыру бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды әзірлейді.

Жылдық жоспар мен айлық кесте-жоспарлары тікелей бастық келісім береді және ГТҚҚ бастығымен бекітіледі.

ГТҚҚ базасы табельдік тиістілік нормалары бойынша 5-қосымшаға сәйкес жабдықтаумен, құралдармен және мүліктермен қамтамасыз етіледі.

ГТҚҚ базасында орналасқан табельді жабдық, мүлік және құрал тізімдемеге сәйкес белгілі орындарда орналастырылып, тек тікелей мақсатына қарай қолданылуы тиіс

Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының келесі үй-жайлары болуы тиіс:

1) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинеті;

2) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық ;

3) жөндеу шеберханасы;

4) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;

5) ауа толтырғыш пункті;

6) баллондарды сынау пункті.

Әдістендірілген ғимараттарда орналасқан бөлімшелерде ГТҚҚ шебердің қызметтік кабинетімен бір бөлмеде аппараттықты, жөндеу шеберханасын, ауа толтырғын пунктін, жуу және кептіруді орналастыруға рұқсат беріледі.

Мұндай жағдайда, тыныс алу аппараттарына бір мезгілде қызмет көрсетуге бөлінген уақытпен баллондарға ауа толтыру бойынша жұмыстардың жүргізілу уақыты сәйкес келмеуі тиіс.

Баллондарға ауа толтыру бойынша жұмыстарды жүргізу уақытында бөтен тұлғаның толтыру пункт бөлмесінде болуына тосқауыл қойылады.

ГТҚҚ базасының функциясына, арнайы қорғау киімін жөндеу және қызмет көрсету, жөндеу, тазалау, шайыу және кептіру бойынша жұмыстарды орындау және оны сақтау үшін қосымша шарттар кіреді.

ГТҚҚ базаларының үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдық 65 % аспағанда орташа ауа температурасы 15-20 º С сақталуы тиіс.

ГТҚҚ базасындағы барлық үй-жайлардың атаулары, белгілері және реттік нөмірлері болуы тиіс

Ережелермен танысып болғаннан кейін студенттер осы бөлімге яғни қауіпсіздік ережесіне тағыда қосуға болатын ережелерді талқылайды

ІІІ. Сабақтың соңы (10-15 минут)

Тақырыпты бекіту: Өткен тақырыпқа байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы: Студенттер өткен тақырып бойынша презентация дайындап келеді

Рефлексия: Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталдыма?