жапырағы тамыры
сабағы
гүлі Топырақ
бөлме гүлі гүлі
Балалар саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?
Ендеше, Бағбаншы апайға қонаққа барайық.(Саппен балалар көлікке барып отырады, бір бала жүргізуші болады)
Бағбаншының бағына келдік
Сәлеметсіз бе, Бағбаншы біз сізге бөлме гүлдерін қалай отырғызуға болатынын үйренуге келдік.Бізге гүл отырғызуды үйретесіз бе?
Бағбаншы амандасады.
Әрине жақсы келдіңдер. Мен бүгін герань бөлме гүлін гүл құмырасына отырғызайын деп жатырмын. Келіңдер балалар деп гүлді отырғызады.
(Сұрақ-жауап)Балалар сендер гүлдің бөліктерімен таныстыңдар ма ?
Ендеше білімдеріңді тексеріп көрейін
Бұл гүлдің несі
Мынау ше?
Ал мынау ше?
Мынау ше?
Гүлдің жапырақ, сабағының түсі қандай?
Гүлінің түсі ше?
Бағбаншы рахмет, енді балалар гүлді қалай гүл құмырасына отырғызу керектігін білді.
Бағбаншы:Балалар сендер табиғат бұрышында гүлдерді күтіп еңбектенесіңдер ме?
Қай уақытта гүлдерге су құйып, шаңдарың сүртесіңдер?
Ендеше гүлдерге қараңдаршы, мына гүлдерге күтім керек секілді.Сендер су құйып, шаңдарын сүртіп , қураған жапырақтары болса тазалап, топырағын қопсытыңдар. Бағбаншы:Жарайсыңдар балалар!
Балалар енді мен сендерге топырақтың құрғақ күйін көрсетейін. (балалар топырақты ұстап, бақылайды)
Енді біздің кетуіміз керек.(Бағбаншымен қоштасамыз)
Балалар сендерге саяхатқа шыққан ұнады ма?
Ал енді балалар гүлдер дүкеніне барып, тобымызға гүлдер сатып алайық. (гүлдерді сатып алып, топқа алып келеді)
|