СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғылыми жұмыс 4 в сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жұмыс "Адыраспан" тақырыбына арналған

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жұмыс 4 в сынып»

«Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі





Дүниетану пәні

Тақырыбы:

«Адыраспан киелі шөп»



Орындаған:4 «В» сынып оқушысы

Руслан Ерасыл

Бастауыш сынып мұғалімі:

Алдабергенова Бахыт Мустафаевна

Талғар, 2017-2018 оқу жылы.









Пікір

Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектептің, 4 «В» сынып оқушысы Руслан Ерасыл өте алғыр, пысық, зейінді де зерек қыз. Сабағына өте ұқыпты, білімпаз оқушыларымның бірі.

Ерасыл сабақтан бос кездерінде ізденіп, зерттеп , тәжірибе жасауды жақсы көреді. Ол мектепте өтетін іс – шараларға сынып атынан қатысып , сыныбына өз үлесін қосады.

Денсаулықты сақтау өте маңызды .Ерасыл өз денсаулығын күте біледі. Ол тек жеке бас гигиенасын сақтап қана қоймай , түрлі жемістердің,өсімдіктердің адам денсаулығы үшін пайдалы жақтарын жан – жақты ізденіп , біліп тұрмыстық жағдайда қолданып жүр.

Сондықтан ол өзінің зерттеу нысаны ретінде «Адыраспан» жемісін алып , оны жан – жақты зерттеді. Зерттеу барысында ол адыраспанның қасиеті туралы, әртүрлі ауруларға емдік қасиеттері туралы білді. Ізденуінің арқасында Ерасыл адыраспан қандай пайдасы бар екенін,қай жерлерде өсетінін, қай уақытта жинау керек екендігін және қалай пайдалану керек екендігін білді. Адыраспанның шыныменде таңғажайып қасиеттері бар екендіген дәлелдеді.

Қорыта келе,Ерасыл алдағы уақытта тек сыныбымыздың мақтанышы болып қана қоймай, барша Қазақ елінің жанашыр, білімді, дарынды ұрпағы болатынына сенемін.





Пікір білдіруші: Алдабергенова Б.М

















Мазмұны





Кіріспе................................................................................................................... 5 бет

  1. Теориялық бөлімі ...................................................................................6 – 9 бет

1.1 Адыраспан туралы ақиқат

1.2 Ботаникалық сипаттамасы

1.3 Адыраспанның қасиеті

1.4 Емдік қасиеттері



2. Практикалық бөлімі..............................................................................10 – 14 бет

    1. Адыраспанның қасиетін тексеру..

2.2 Өсімдіктің медицинада пайдалануы.

2.3 Дәрілік өсімдік-адыраспанның пайдасы



Қорытынды...................................................................................................15- бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................16 бет



























Аңдатпа



№2 Сәкен Сейфуллин атындағы 4 «В» сынып оқушысы Руслан Ерасылдың «Адыраспан – киелі шөп» атты ғылыми жобасы жергілікті жерде өсетін қасиетті шөптердің бірі адыраспанның қыр-сырын танытуға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Сыр өңірінің топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерімен жан-жақты таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Баспа материалдарын және өсімдіктер әлемі жайлы оқи отырып, адыраспанның пайдасы және қауіпі жайлы мәліметтер білуге мүмкіндік ашты.

Зерттеу жұмысының орындалу әдістері:

Биологиялық-салыстырмалы, топтастыру әдісі, талдау жинақтау әдісі.

Зерттеудің жаңалығы, нәтижесі:

Зерттеу барысында адыраспанға деген адамдардың көзқарасы адал ниетте екендігі анықталды.


























Кіріспе

«Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында»
Қытай дәрігері Шин Жон.

Адыраспан – біздің үйдің айнала шетінде көп өседі. Біздің Қазақстанда Оңтүстік өңірдегі көп кездесетін дәрілік өсімдіктің бір түрі, ол түйе табандар тұқымдасына жататын көпжылдық терең тамырлы өсімдік. 
Мен оны кішкентай кезімнен білемін. Әжем адыраспанды кептіріп үйді түтіндететін (аластайтын). Есейе келе білгенім ол үйді тазалайды екен. Әжемнен адыраспан туралы көп естіп өстім. Адыраспан – киелі және қасиетті өсімдік деп айтатын. 
Ол кішкентай балалар көп тұмаурататын ауруға ем екен. Біздің ішіміз ауырғанда қайнатып беретін. Асқазан ауырғанда дәнін қайнатып белгілі мөлшерде тұнбасын ішкізетін және тағы басқа көп ауруларға ем екенін естідім және журналдардан оқыдым. 
Отбасымызбен өз өлкемізде өсетін өсімдіктерде көп ауруларға қолдандық. 
Мектепке келгеннен кейін адыраспанды зерттей бастадым. Төменде адыраспанның шығу тарихын бердім. 
Мен бұл жобамды алғаныма аса қуаныштымын, дүниетану пәніне деген құлшынысым артты. 
Ғылыми зерттеу деген жан-жақты тақыпты қамтитын сала екеніне көзім жетті. 

Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекшекүшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, 
Солтүстік Африка менМексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр –шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. 

Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі – адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл-көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар. Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді.

Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек.





ІІ.Негізгі бөлім:

2. 1 Адыраспан туралы ақиқат

Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр”. “Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік”. “Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…”Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден – жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден – капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігінің орны ерекше. Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді.Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Ол көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады.

Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде – тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.
Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.

Сыр өңіріне топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ереткшеліктерімен жан-жақыт таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәледен сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайды деп ойлаған.

Сыр өңіріне топырағында кең таралған адыраспан өсімдігінің өзіндік ереткшеліктерімен жан-жақыт таныстыра отырып, оның адам өміріндегі маңызын, шипалық қасиеттерін ашып көрсету

Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.



Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы 

Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі. 
Ол – кәдімгі адыраспан. 


Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан. 
1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады. 
3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады. 
4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады. 
5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады. 
6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады. 
Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар. 
Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн. 

Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті. 
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпенауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1] 
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады. 
Адыраспан халық ұғымында... 
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады. 








2. Практикалық бөлім

2.1- тәжірибе: Адыраспанды қайтанып тұнбасын алу,дәрі ретінде пайдалану

Қажетті құралдар: сабағы мен жапырағы,120 миллилитр су,90 грамм бал, 60 грамм күнжүт, қызыл арақ

2.2 Тұжырым: Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады. 
3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады. 4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады. 
5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады. 
6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады. 









2.1 тәжірибе: Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар.

2.2 Қажетті құралдар: адыраспанды ыдысқа салып,тұтатып жағу.

    1. Тұжырым: Отбасы мүшелерінің бірі тұмау тиіп ауырғанда үйде адыраспанды түтеніп қойса грипп ауруы басқа адамға тарамайды. Ауа арқылы тарайтын жұқпалы аурулардан қорғайды.



3.1- тәжірибе: Адыраспаннан қызыл бояу жасау

3.2 Қажетті құралдар: Адыраспан, су

3.3 Тұжырым: Адыраспанды қайтанып тұнбасын сүзіп алып, оны қызыл бояу жасау. Маталарды бояу.





Қорытынды 
Біз жалындаған жас қазақ ұландары білікті де білімді қазақ елінің ұландарымыз. Алдымызға қойған ең басты міндетіміз табиғатты зерттеп, ізденіп оқу ғылымды меңгеру, талаптанып шыңға жету. 
Дәрілік өсімдік адыраспанды зерттей келе оның пайдасын білдім. Әр өсімдіктің өзіндік ерекшелігі бар. Арыс өңірінде көп өсетін адыраспан дәрілік емдік шөп ретінде ерекше орын алады. 
Менің үлкендерден естігенім адыраспанды аларда 
«-Ассаламағалейкум-Адыраспан мені жіберді саған Омар, Оспан» деп айту керек екен.Қазақ тарихында орны бар өсімдік – осы адыраспан екенін аңғардым. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» 
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов) 
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж 
3.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 
4. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 
2012 05.06. № 6 басылым. 

Зерттеу күнделігі 
№ Мерзімі Мазмұны 

1. 22.08.2016 Жұмыс жоспарын құрастырдым 

2. 17.09.2016 Ғылыми жетекшіммен ңеңес жүргіздім 

3. 15.10.2016 Адыраспанның шығу тарихымен таныстым 

4. 12.11.2016 Ғылыми жетекшіммен адыраспанды зерттедім 

5. 24.12.2016 Өсімдіктер туралы деректер жинақтадым 

6. 14.01.2017 Ауладағы адырспанды зерттедім 

7 .11.02.2017 Дүниетану пәнінен мектепішілік олимпиадағы қатыстым 

8 .18.09.2017 Ғылыми жетекшіммен бірге кітапханаға бардым 

9. 4.10.2017 Ғылыми жетекшіммен бірге суретке түстім 





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!