HTML-редакторы Интернет үшін ақпараттық объектiлеpдi құру құралдары.
HTML (Hyper Text Markup Language - гипермәтінді белгілейтін тіл).Web -беттер Интернетте осындай файлдарды HTTPсерверінде (Web-түйіндерде) орналастыру арқылы жарияланады Web -беттердің мазмұндары әр-түрлі және де көптэген басқа да тақырыптарға арналуы мүмкін, десек те, олардың барлығы бір түбірден құралған ол - HTML тілі. HTML құжаттары .HTM немесе .HTML кеңейтілулерімен белгіленеді.HTML тілі World Wide Web қызметімен бірдей өмірге келіп, әрі қарай дамыды. Біртіндеп өзіне жаңа сипаттарды енгізіп, және адамның көңілін аулайтын, қызықты керемет Web беттерді құруға мүмкіндік берді. Олар World Wide Web -тің негізі болып табылады, және де бірден-бір кең көлемдегі атақтығына себеп болып отыр. HTML тілінің белгіленуі мен мағынасын оның атынан ақ түсінуге болады.
Internet-тің бар мәліметтерінің, яғни барлық WEB парақтардың ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде веб парақтар жасау программаға ұқсас болғанымен ол қарапайым программалау тілі емес. HTML гипермәтінді белгілеу тілі. Ол қарапайым мәтіндерді веб парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынтығын анықтайды. HTML тілі WWW(word Wide Web) қызымет бабымен бірге дами отырып веб парақтардың аз жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асыра отырып оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. WWW сөзі қазақ тіліне аударғанда «кеңейтілген бүкіл өрмек» деген мағына береді.
HTML тілін интернеттэгі мәтін бөліктерін атқаратын қызметтерін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыптарын бейнелеу керек болса , онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады.
HyperText Markup Language (HTML) стандартты тіл, WEB гипермәтіндік құжаттардың жасауына арналған. HTML құжаттар WEB - броузерлер әртүрлі үлгілерімен беріледі. WEB - броузер HTML-дың қолдануы, әріптердің қолдануымен олардың ұсынуына арналған құжаттарды форматтауға, сызық және кез келген басқа графикалық әлементтерді жүйеге асыруға рұқсат етеді.
Құжаттардың көпшілігі стандартты әлементті болады, тақырып сияқты, параграфтар немесе тізімдер. HTML арқылы тап осы әлементтерді белгілей аласыздар, тап осы әлементтердің елестетуіне арналған аз хабармен WEB - броузері арқылы қамсыздандыра алады және құжаттардың құрылымын жалпы және ақпараттық толық сақтайды. Қажетті HTML құжатты оқып шығу үшін WEB - броузерді түсінуіміз керек.
Көп жағдайда қүжат авторы, қүжат сырт пішінін қатал анықтайды. HTML - дегі құжаттардың тақырыбын, абзацтарды белгілеп қоюға мүмкіншілік етеді, ал WEB- броузері пайдалануға береді. WEB - броузері сонымен қатар шрифтердің өлшемін және түстерді өңдей алады. HTML - дегі екі катэгорияға бөлінеді:
WEB - броузері құжаттарды толығымен суреттейді. Тақырыбы сияқты немесе құжат авторын есте сақтайды.
Web'тің негізгі қызметі - қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін-мөліметтер Web - бетгер (Web -құжат ) түрінде дайындалып, сақгалған электрондық құжаттар.
Электрондық құжаттың кәдмгі кұжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық кұжат кұру үшін НТМL атаулы арнайы тіл пайдаланылады.
HTML-дың негізгі артықшылығы WEB - броузері арқылы сіздің құжатыңызды әртүрлі үлгілермен және әртүрлі платформалармен көрсетіп бере алады.
HTML тiлiнiң синтаксисi мен құрылымы. Әрбiр тiлдiңөзiндiк құрылымдық логикалық ерекшелiктерi болатыны сияқты HTML тiлiнiңде өзiндiк ерекшелiктерi бар. Алайда ол еңқарапайым, қатаңлогикалық ережелерге онша бағына бермейтiн тәуелсiз тiл. Дегенмен оныңда өз синтаксисi, басқарушы құрылымдары бар. Тiлдiңнегiзгi басқарушы құрылымы дескриптор (кейде элемент деп те аталады). Дескриптор – белгiлi-бiр әрекеттi анықтайтын HTML элементi. Дескрипторлардың мүмкiндiктерi мәндерге ие бола алатын аттрибуттарды қолдану арқылы толығымен ашылады.
HTML дескрипторлары дербес ережелерге бағынумен қатар, жалпы ережелерге де бағынады. Бiрiншi ереже бойынша барлық дескрипторлар “кiшi” () символдарының арасына жазылады, мысалы:
Келесi ереже дескрипторды ашу және жабу компоненттерiн қолдануға арналған. Дескрипторды жабу “кiшi” () символдарының арасына қисық сызық (/) символын қою арқылы iске асырылады:
Бұл ашылған дескрипторды белгiлi-бiр жерде жабу керектiгiн бiлдiредi. Бiрақ көптэген дескрипторлар бұл ережеге бағынбайды. Мысалы, абзацтар үшiн қолданылатын дескрипторы, тек ашылады, оны жабудыңқажетi жоқ.
HTML-де дескрипторға атрибуттар тiркелiп, атрибуттарға мәндер меншiктелiп жазылған сөйлем жол деп аталады. Дескрипторлар мен элементтер тiзiмi курстық жұмыстың А қосымшасында келтiрiлген.
Атрибуттарға мiндеттi түрде мәндер меншiктелуi тиiс. Бүлай болмаған жағдайда HTML дескрипторды қабылдамайды. Матрибуттарға меншiктелетiн мәндер түрлiше болуы мүмкiн: сандық, мәтiндiк, пайыздық, т.с.с. Мысалы, - бөлiм дескрипторыныңa lign атрибутына left (сол жақ шетi), right (оңжақ шетi), center (ортасы), justify (енi бойынша) мәндердiңбiрiн меншiктеу жолы:
DIV мiндеттi түрде жабылуы тиiс дескриптор болғандықтан оны арқылы жабу керек.
Сол сияқты (шрифт) дескрипторының size (өлшем атрибуты 1-ден 7-ге дейiн мәндер қабылдайды, мұндағы 1 ең кiшi шрифт өлшемi, ал 7 ең үлкен шрифт өлшемi) атрибутына мән меншiктеу жолы:
Бұл кезде браузердегi мәтiннiң шрифт өлшемi дес¬крипторы жабылғанша 5 өлшемiн қабылдап тұрады - .
Сандық мәндердiңкелесi бiр типi оналытылық код түрiнде берiледi. Бұл HTML-де пайдалануға мүмкiн түстердiңоналтылық санау жүйесiнде алфавиттiк-цифрлық коды. Мұндай мысал жоғарыда келтiрiлген болатын. Мысалдағы, FFFFFF – ақ түстi фон, ал 000000 - қара мәтiн түсiн бередi. Оналтылық мәндердiңалдына # символы қойылады.
HTML-де сiлтеме дескрипторы - арқылы Web-адрестi шығаруға болады:
Осы сияқты каталогты және кескiн файлдары дескрипторын қолдануға болады:
ґздерiңiз байқағандай барлық аттрибуттардыңмәндерiнiңалдына = (теңдiк белгiсi) таңбасы қойылады және оналтылық мәндерден басқа типтэгi мәндер тырнақшаға (“ ”) алынып жазылады. Бұл HTML-да жол жазудыңжалпы ережелерiнiң бiрi.
Арна йы символдардыңкөмегiмен HTML бетке HTML кодын шығаруға болады. Ол үшiн “кiшi” және “үлкен” символдарыныңорнына & символын пайдалану керек, мысалы, < IMG src= “aspan.gif” >
https://www.youtube.com/watch?v=4jYYHaTwWvY
Төменде келтірілген сұрақтарға аудио жауапты жазылған лекция мен бірге қоса жіберіңіздер.
HTML тілі дегеніміз не?
Дескриптор дегеніміз не?
Атрибуттар туралы мәлімет беріңіз?
WEB дегенде нені елестетесіз?
WEB беттер не үшін қажет?
Әдебиеттер:
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері / Авт, уж: Е.Ы. Бидайбеков, В В Гриншкун, Г.Б. Камалова, Д.Н. Исабаева, Б.Е.Бостанов / Окулық - Алматы, 2014. 352 бет.
Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуматитарлық бағыттын 10- сыныбына арналған окулық / Сапарғазиева Б.К., Масалимова Н Е , Тезекбаева Г А - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014.-272 бет.
Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағыттын 10- сыныбына арналған окулық / Сапарғалиева Б К., Масалимова Н Е., Тезекбаева Г А. - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014.-288 бет.
Информатика / Михеева Е.В., Титова О.М .М «Издательский центр «Академия» 2013 г.
Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен - Алматы: Нур-Принт.В. Б. Симонович «Информатика базовый курс» «Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж.
В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж.
В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.